Қазақстан Республикасының астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшiру тарихын көрсететiн құжаттарды жинау, жүйеге келтiру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 ақпандағы N 233

      Мемлекеттiк және орталық органдарды Ақмола қаласына көшiруге байланысты құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, жинау, жүйеге келтiру және бұдан былай оларды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiне "Жаңа астана" архивтiк қорын құруды ұйымдастыру тапсырылсын.
      2. Ақмола қаласына көшiрiлетiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, сондай-ақ облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi астананың көшуiмен байланысты құжаттардың уақтылы iрiктелуiн және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiне мемлекеттiк сақтауға берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiне "Жаңа астана" қорының архивтiк материалдарын сақтау және орналастыру үшiн қосымша алаң бөлу туралы мәселенi шешсiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады