Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 814 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 25 ақпандағы N 262

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының Елабуга қаласындағы автомобиль зауытының қуаттары кешенiн бiрлесiп құру туралы үкiметаралық Келiсiмнiң жүзеге асырылуына қатысуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 814 қаулысының қосымшасына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      акцияларының мемлекеттiк пакетi "ЕлАЗ-инвест" мемлекетаралық

консорциумының жарғылық қорына берiлетiн акционерлiк қоғамдардың
тiзбесiнен "Тәжiрибе - қорғасын" АҚ "Өскемен қаласы - 77,2%" деген
сөздер алынып тасталсын.
     2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы 
N 814 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қазандағы N 1254 қаулысының күшi жойылған
деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады