Қазақстан Республикасы медициналық оқу орындарының желiлерi мен құрылымдарын оңтайландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 25 ақпандағы N 263

      "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 P960056_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 3, 17-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Денсаулық сақтау министрлiгi:
      1997/98 оқу жылынан бастап Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда университетiндегi медициналық мамандықтарды жапсын;
      1997/98 оқу жылы басталғанға дейiн Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда университеттерiнде медициналық мамандық бойынша оқитын студенттердi басқа оқу орындарына ауыстыруды жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Денсаулық сақтау министрлiгiмен және Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен бiрлесiп:
      N 2 Ақмола медициналық колледжiн және Атбасар медициналық колледжiн N 1 Ақмола медициналық колледжiне;
      Зырян және Лениногор медициналық колледждерiн Өскемен медициналық колледжiне;
      Ленгiр медициналық колледжiн Шымкент медициналық колледжiне;
      Темiртау медициналық колледжiн Қарағанды медициналық колледжiне;
      Жаңаөзен медициналық колледжiнiң Ақтау филиалын Жаңаөзен медициналық колледжiне;
      Степногорск қаласындағы медицина-биологиялық институтын Ақмола мемлекеттiк медициналық институтына бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Қаржы министрлiгi және тиiстi облыстардың әкiмдерi қайта ұйымдастырылатын оқу орындарының 1997 жылға арналған шығыстар сметасына өзгертулер енгiзсiн. Аталған өзгертулер 1997 жылға арналған бюджетте көзделген қаражат шегiнде жүргiзiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Қарағанды мемлекеттiк медициналық институтына, Ақтөбе мемлекеттiк медицина институтына, Семей мемлекеттiк медицина институтына, Шымкент медицина институтына, Ақмола мемлекеттiк медицина институтына 1997 жылға арналып көзделген қаражат шегiнде қолданылып жүрген қаржыландыру тәртiбiн сақтай отырып академия мәртебесiн беру туралы бiрлескен ұсынысы қабылдансын және тиiсiнше Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Оңтүстiк Қазақстан, Ақмола мемлекеттiк медициналық академиялары деп қайта аталсын.
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Денсаулық сақтау министрлiгi медициналық колледждерi Жарғының шегiнде олардың дербестiгiн, қолданылып жүрген қаржыландыру тәртiбi мен көздерiн сақтай отырып жоғары медициналық оқу орындарының құрамына:
      Қарағанды мемлекеттiк медицина академиясына - Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Көкшетау және Екiбастұз медициналық колледждерiн;
      Ақтөбе мемлекеттiк медициналық академиясына - Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен және Батыс Қазақстан медициналық колледждерiн;
      Ақмола мемлекеттiк медициналық академиясына - Ақмола, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан және Арқалық медициналық колледждерiн;
      Семей мемлекеттiк медициналық академиясына - Семей, Өскемен және Павлодар медициналық колледждерiн;
      Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медициналық академиясына - Шымкент, Жамбыл, Қызылорда және Жетiсай медициналық колледждерiн енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Денсаулық сақтау министрлiгi:
      қайта ұйымдастырылған медициналық жоғары оқу орындарының құрылымын, мамандықтар тiзбесiн, профессор-оқытушылар құрамының санын айқындасын және белгiленген тәртiппен олардың Жарғыларын бекiтсiн;
      қайта ұйымдастырылған оқу орындарына белгiленген тәртiппен бiлiм беру қызметiне лицензиялар берсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi тиiстi облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп 1997/98 оқу жылы басталғанға дейiн, оларға кейiн оқу орындарын бекiте отырып, клиникалық және оқу базаларын айқындасын.
      8. Тиiстi облыстардың әкiмдерi қайта ұйымдастырылған оқу орындары студенттерiнiң, оқушыларының және оқытушылар құрамының материалдық-техникалық базаларын одан әрi нығайту және әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнiнде шаралар қабылдасын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады