"Карагандашахтауголь" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамына несиенiң бiр бөлiгiн өтеу және "Қарағандыжылуэнерго" мемлекеттiк кәсiпорнына көмiр беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 25 ақпандағы N 0267

      Қарағанды облысының энергиямен жабдықтау ұйымдарының қысқы кезеңде тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қарағанды облысы әкiмiнiң және "Карагандашахтауголь" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының аталған кәсiпорынға "Қарағанды көмiр бассейнi кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1715 P961715_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi арқылы бөлiнген 150 (жүз елу) миллион теңге сомасындағы несиенiң бiр бөлiгiн "Қарағандыжылуэнерго" мемлекеттiк кәсiпорнына көмiр беру есебiне өтеу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiмен бiрлесiп "Карагандашахтауголь" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамына бөлiнген несиеге қатысты берешегiне өтем жасасын;
      1-тармақта көрсетiлген соманы республикалық бюджеттен Қарағанды облысына арнап бөлiнген бюджеттiк қаржы ретiнде 1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн ескерсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады