Республикалық Жол қорының мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 4 наурыздағы N 292

      Алматы қаласының темiр жол станцияларына, әуежайларға, мәдени орталықтар және тарихи ескерткiштерге кiрмелердi қамтамасыз ететiн автомобиль жолдарының құрылысын салуды, жөндеу мен ұстауды қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Алматы қаласының әкiмi "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2701 U952701_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес 1997 жылы Алматы қаласында орналасқан төлемшiлерден республикалық Жол қорына төлемдердiң түсуiн қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi

Алматы қаласының әкiмiне 1997 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша
төлемдердiң жеке шоттарын берудi бiр апта мерзiмде жүзеге асырсын.
     3. Алматы қаласының әкiмi:
     Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен
бiрлесiп, республикалық Жол қоры қаражатын бөлудiң және есеп ұсынудың
тетiгiн әзiрлесiн;
     республикалық Жол қорынан түскен қаражаттың мақсатты пайдалануын
қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады