1. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
шақыру комиссиясының жұмысын ұйымдастырсын және 1997 жылдың сәуiр-маусымында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды қамтамасыз етсiн;
әскерге шақырылған азаматтарды жинау және әскерге жөнелту орындарында күшейтiлген кезекшiлiк белгiлесiн;
командаларды жинау және қызмет атқару орындарына жөнелту мен алып баруды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне пәрмендi шаралар қолдану үшiн азаматтарды әскери қызметке шақырудың барысы туралы уақытылы хабарлап тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi әскерге шақыру пункттерiн медициналық жағынан қамтамасыз етудi, сондай-ақ әскери комиссариаттардың өтiнiшi бойынша әскери қызметке шақырылғандарға медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өтiнiшi бойынша мерзiмдi әскери қызметтен запасқа шығарылған және әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен келiсiлген тариф бойынша тасымалдау үшiн есеп айырысатын болсын.
5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 27 наурыздағы N 3430 U973430_ Жарлығының талаптарын орындау жөнiнде әскерге шақырылған жастар арасында профилактикалық жұмысты жандандырсын.
6. Некеде тұрған және 1 баласы бар әскерге шақырылушыларға мерзiмдi әскери қызметке шақырудан 1998 жылдың 1 наурызына дейiн кейiнге қалдыруға рұқсат берiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi