"Красноярск комбайндар зауыты" акционерлiк қоғамы өндiрiсiнiң астық жинаушы комбайндары үшiн есеп айырысулар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 9 сәуiрдегi N 513

      "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының вексельдерiн өтеудi және басқа да мерзiмдi мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1."Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы бiр ай мерзiмде Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 316 өкiмiне сәйкес "Красноярск комбайндар зауыты" акционерлiк қоғамынан өзi сатып алған 202 астық жинайтын комбайндарын, сондай-ақ "Красноярск комбайндар зауыты" акционерлiк қоғамының "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы алдындағы берiлмеген техника үшiн беру сәтiндегi теңгенiң АҚШ долларына баламы бойынша 100 160 186 (жүз миллион жүз алпыс мың жүз сексен алты) теңге сомасындағы және Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы алдындағы 62 комбайн бойынша қарыздарын талап ету құқығын заңдарда белгiленген тәртiппен берсiн. <*>
      Комбайндар үшiн ақы төлеу баланстық құны бойынша, сақтау орнына дейiн жеткiзу шығындарын қоса, сақтау шығындарын есептеусiз жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      Комбайндарды Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына өткiзген сәтке дейiн сақтау үшiн ақы төлеудi қабылдау-өткiзу актiсiне сәйкес "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 1-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
               1997.09.02. N 1318 қаулысымен. P971318_
      2. Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына "Енисей" маркалы 264 астық жинайтын комбайндарының олардың жинақтылығын ескере отырып, құнына төлем жасау бойынша 1 166 229 086 (бiр миллиард жүз алпыс алты миллион екi жүз жиырма тоғыз мың сексен алты) теңге мөлшерiндегi шығынына, сондай-ақ осы қаулының 1-тармағында аталған "Красноярск комбайндар зауыты" акционерлiк қоғамының "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына берешегiне өтем жасасын".
      "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы республикалық бюджетке 1996 жылы мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алуға бөлiнген қаражатты қайтару бойынша республикалық бюджетке берешегiн өтеу есебiне 1 266 389 272 (бiр миллиард екi жүз алпыс алты миллион үш жүз сексен тоғыз мың екi жүз жетпiс екi) теңге аударсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.09.05.02.
               N 1318 қаулысымен. P971318_
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры бiр ай мерзiм iшiнде алынған комбайндарды пайдалануға беру тәртiбiн және олар үшiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер мен астық жинау техникаларын пайдаланатын мамандандырылған ұйымдардың ақы төлеу шартын, сондай-ақ лизинг шарттарындағы тетiктi қоса алғанда, Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының мiндеттемелерi бойынша есеп айырысу үшiн түскен қаражатты одан әрi пайдалануды айқындасын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады