Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 сәуiрдегi N 513 және 1997 жылғы 29 мамырдағы N 901 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 2 қыркүйектегi N 1318

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      "Красноярск комбайндар зауыты" акционерлiк қоғамы өндiрiсiнiң астық жинаушы комбайндары үшiн есеп айырысулар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 сәуiрдегi N 513 P970513_ қаулысына:
      1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы бiр ай мерзiмде Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 316 өкiмiне сәйкес "Красноярск комбайндар зауыты" акционерлiк қоғамынан өзi сатып алған 202 астық жинайтын комбайндарын, сондай-ақ "Красноярск комбайндар зауыты" акционерлiк қоғамының "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы алдындағы берiлмеген техника үшiн беру сәтiндегi теңгенiң АҚШ долларына баламы бойынша 100 160 186 (жүз миллион жүз алпыс мың жүз сексен алты) теңге сомасындағы және Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы алдындағы 62 комбайн бойынша қарыздарын талап ету құқығын заңдарда белгiленген тәртiппен берсiн";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына "Енисей" маркалы 264 астық жинайтын комбайндарының олардың жинақтылығын ескере отырып, құнына төлем жасау бойынша 1 166 229 086 (бiр миллиард жүз алпыс алты миллион екi жүз жиырма тоғыз мың сексен алты) теңге мөлшерiндегi шығынына, сондай-ақ осы қаулының 1-тармағында аталған "Красноярск комбайндар зауыты" акционерлiк қоғамының "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына берешегiне өтем жасасын".
      "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы республикалық бюджетке 1996 жылы мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алуға бөлiнген қаражатты қайтару бойынша республикалық бюджетке берешегiн өтеу есебiне 1 266 389 272 (бiр миллиард екi жүз алпыс алты миллион үш жүз сексен тоғыз мың екi жүз жетпiс екi) теңге аударсын";
      "Мемлекеттiк астық ресурстарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 901 P970901_ қаулысына:
      3-тармақта:
      "Алматы облысы" деген сөздер алынып тасталсын;
      "облысқа" деген сөз "республикаға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Алматы облысының әкiмi облыс ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 149 өкiмiмен мақұлданған келiсiм-шарт бойынша берiлген жүгерi өсiру жөнiндегi венгер технологиясы үшiн берешегiн Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына қаржы аударумен өтеу жөнiнде шаралар қабылдасын".
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады