Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1996 жылғы 17 қыркүйекте Тбилиси қаласында қол қойылған
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметiнiң арасындағы
Транзит тәртiбi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан
Республикасының қабылдаған шешiмi туралы Грузия Тарабын белгiленген
тәртiппен хабарландырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Грузия Үкiметiнiң
арасындағы Транзит тәртiбi туралы
КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузияның Үкiметi бұдан
былай "Келiсушi Жақтар" деп аталады,
Келiсушi Жақтар мемлекеттерiнiң мүдделерiн құрметтеу
принциптерiн басшылыққа ала отырып,
- екi Келiсушi Жақ арасындағы бұрыннан бар достық
қарым-қатынастардан туындай отырып,
- мемлекеттердiң аумақтары арқылы көлiк қозғалысын жүзеге асыру
мен дамытудың қажеттiгiн мойындай отырып,
- халықаралық қатынастар принциптерiне өздерiнiң ықыластылығын
растай отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төмендегi келтiрiлген атаулар
мыналарды бiлдiредi:
а) "үшiншi елдер" - осы Келiсiмге қатысы жоқ мемлекеттер;
б) "транзит қозғалысы" - бiр Келiсушi Жақтың халықаралық пошта жiберiлiмдерi мен тауарларын қоса есептегенде, көлiк құралдарының, багаждың, жүктердiң, адамдарының жүрiсiн бiлдiредi, жүктердiң осындай қайта тиелуi, жинақталуы, бөлiнуi және партиялап жиналуы немесе көлiк құралдары түрiнiң ауыстырылуы транзит мемлекетi аумағынан тысқары басталатын және аяқталатын жолдың бөлiгi ғана болып табылады;
в) "транзит мемлекетi" - аумағы арқылы транзит қозғалысы жүзеге
асырылатын мемлекет;
г) "көлiк құралдары" - темiржолдың қозғалмалы құрамы, автомобиль
көлiгi, теңiз, өзен кемелерi, мұнай және газ құбырлары, сондай-ақ
басқа көлiк құралдары.
2-бап
Келiсушi Жақтар осы Келiсiмнiң қағидаларына және Жақтардың
ұлттық заңдарына сәйкес өз мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы транзит
қозғалысын жүзеге асыру құқығын бiр-бiрiне бередi.
3-бап
Келiсушi Жақтар көлiк қозғалысын қамтамасыз етуге байланысты көрсетiлетiн нақты қызметтер үшiн алынатын алымдардан басқа халықаралық келiсiмдер шеңберiнде көлiк қозғалысына кедендiк баждар, салықтар мен алымдар салмайды.
4-бап
1. Үшiншi мемлекеттерге апарылатын және жiберу мемлекетiнiң кеденiмен ресiмделмеген жүктер, Келiсушi Жақтар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы транзитке және үшiншi мемлекетке өтуге жiберiлмейдi. Осындай жүктер транзит мемлекетiнiң аумағында кiдiртiледi және мемлекетiнiң кедендiк ресiмделуiне қайтарылады. Транзиттiң кiдiруiне
байланысты барлық шығындар жiберу шотынан ұсталады.
2. Жүктiң транзит мемлекетiнiң аумағы бойынша өтуi халықаралық
жүктердi тасымалдау ережелерiне сәйкес реттеледi.
3. Әскери мақсаттағы арнайы жүктер мен тағамдарды тасымалдау
жеке Келiсiммен реттеледi.
5-бап
Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары олардың аумақтары арқылы
транзитке және әкелуге, әкетуге тыйым салынған жүктердiң тiзiмiн
бiр-бiрiне ұсынады.
6-бап
1. Көлiк қозғалысын қамтамасыз етуге қатысты
көлiктiк-экспедициялық, сюрвейерлiк және агенттiк операциялар мен қызметтер Келiсушi Жақтардың құзырлы органдарымен берiлген лицензиялар арқылы кәсiпорындармен және ұйымдармен орындалатын болады.
Келiсушi Жақтар осы компания өкiлдерiнiң ашылуына көмектесетiн болады.
2. Келiсушi Жақтардың әрқайсысының аумағында көрсетiлген операцияларды орындау жөнiнде шығындарды есептеу үшiн қолданылатын тарифтер мен алымдардың мөлшерi қатысушылары Келiсушi Жақтар болып табылатын халықаралық келiсiмдерге сәйкес белгiленген тарифтер мен алымдардың деңгейiнен аспауы тиiс.
7-бап
Осы Келiсiмге сәйкес төлемдер жүргiзу мемлекеттiк тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын болса, үкiметаралық сауда-төлем Келiсiмдерi бойынша аударылатын болады, ал басқа жағдайларда сатушы мен сатып алушының арасындағы тiкелеу аударулармен жүзеге асырылатын болады.
8-бап
Келiсушi Жақтар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы жүзеге асырылатын транзит қозғалыстарына қатысты кедендiк формалдылықтар ең аз мөлшерге жеткiзiледi. Егер транзит мемлекетiнiң iшкi заңдарына сәйкес тасымалдауға тыйым салынған заттар тасымалданып жатыр деген сыбыс түспесе, Келiсушi Жақтардың құзырлы органдары транзит жүктерi мен багажды тексермейтiн болады. Бұл жағдайда транзит елiнiң кедендiк
заңдарына сәйкес тексеру жүргiзiледi.
9-бап
Келiсушi Жақтар халықаралық құқықтардың принциптерi мен
қалыптарына сәйкес теңiзге шығуына құқығы жоқ мемлекеттiң ерекше
жағрапиялық жағдайына байланысты белгiленген құқықтар мен
жеңiлдiктердi бiр-бiрiне беретiн болады.
10-бап
Осы Келiсiмдi түсiндiру мен қолдануға байланысты туындаған
дау-дамалар Келiсушi Жақтардың құзырлы органдарымен келiссөздер
жүргiзу жолымен шешiлетiн болады.
11-бап
Осы Келiсiмге толықтырулар мен өзгертулер енгiзу Келiсушi
Жақтардың құзырлы органдарымен жазбаша түрде келiсiлуi және
ресiмделуi тиiс.
12-бап
Осы Келiсiмнiң мағынасында мыналар құзырлы органдар болып
табылады:
Қазақстан жағынан:
6 және 10 баптар бойынша - Қазақстан Республикасының Көлiк және
коммуникациялар министрлiгi;
5 және 8 баптар бойынша - Қазақстан Республикасының Кеден
комитетi;
Грузия жағынан:
6 және 8 баптар бойынша - Грузияның Көлiк министрлiгi;
5,8 және 10 баптар бойынша - Грузияның Кедендiк Департаментi.
13-бап
Осы Келiсiм оған қол қойған Келiсушi Жақтар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы хабарлаған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм 5 жыл мерзiмге жасалады. Оның қолданылуы Келiсушi
Жақтардың бiреуi кемiнде 6 ай бұрын оның қолданылуын тоқтату туралы
екiншi Келiсушi Жаққа хабарлағанға дейiн келесi бес жылдық кезеңге
өзiнен-өзi ұзартылатын болады.
Екi Келiсушi Жақ осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттер оның
қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн де олар толық орындалғанға дейiн
өзiнiң күшiн сақтайды.
1996 жылғы 17 қыркүйекте Тбилиси қаласында екi дана болып,
қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде, әрi барлығының күшi бiрдей болып
жасалды.
Қазақстан Республикасының Грузияның
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн