Жоғары кәсiптiк училищелердi қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 21 сәуiрдегi N 602

      Әуе көлiгi, энергетика, мұнай-химия және құрылыс кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн орта буын мамандарды даярлауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң Алматы қаласындағы N 2 жоғары кәсiптiк училищенi, Ақтау қаласындағы N 1 кәсiптiк училищенi және Ақтау қаласындағы N 4 кәсiптiк училищенi тиiсiнше Алматы азаматтық авиация сервисi колледжi, Маңғыстау политехникалық және Маңғыстау энергетикалық колледжi деп қайта атау туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      аталған оқу орындарының жарлықтарына өзгерiстер енгiзiп, әдiлет органдарында қайта тiркесiн;
      Алматы азаматтық авиация сервисi колледжiне, Маңғыстау политехникалық колледжi мен Маңғыстау энергетика колледжiне бiлiм қызметiн жүргiзу құқығына лицензия берсiн.
      3. Ақтау және Алматы қалаларының әкiмдерi колледждердiң оқушылары мен педагогикалық құрамының материалдық-техникалық базасын нығайту және әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады