Мемлекеттiк құнды қағаздарды шығару мен оның айналысының тетiгiн тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 786 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 255-құжат) қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
қаулының атауындағы және 1,2,3-тармақтардағы "мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi" деген сөзден кейiн "МЕККАМ" деген сөзбен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты және он екi ай болатын мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртiбi туралы ережеде:
Ереженiң атауындағы және мәтiнiндегi "мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн", "мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер" деген сөздерден кейiн "МЕККАМ" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"МЕККАМ" атауы қазақ тiлiнде "Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттеме" деп оқылады;
7-тармақта:
"резидент еместердiң қатысу үлесiн" деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"резидент еместердiң аукциондарға қатысу үлесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайды."
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi