Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ шығару, айналысқа қосу және өтеу ережесін бекiту туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 25 маусым N 786. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.08. N 941 қаулысымен.

       Атауы және 1,2,3-тармақтары сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.22. N  621 , Тақырыбы өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N   437 қаулыларымен.

       Бағалы қағаздар нарығын кеңейту және республикалық бюджет тапшылығының инфляциядан тыс орнын толтыру үлесiн нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және он екi ай болатын мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн МЕККАМ шығару және айналысқа қосу тәртiбi туралы ережесі бекiтiлсiн.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен
                       2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қаржы агентi ретiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген үкіметтік борыш лимитінің шегінде айналыс мерзімі үш, алты, тоғыз және он екі ай болатын мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін - МЕККАМ пайдалана отырып қарыз алуды жүзеге асыруды ұйымдастырсын.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен
      3. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ бастапқы орналастырудан алынған қаржы республикалық бюджетке түседi деп белгiленсiн.<*> 
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "Айналыс мерзiмдерi үш және алты ай болатын қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң шығарылымын орналастыру және оларға қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 шiлдедегi N 989  қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 25, 287-бап/;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 шiлдедегi N 989 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi N 435  қаулысы .

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң              
1996 жылғы 25 маусымдағы       
N 786 қаулысымен           
бекiтiлген               

Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және
он екi ай болатын мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық
мiндеттемелерiн МЕККАМ шығару, айналысқа қосу және өтеу 
тәртiбi туралы ережесі<*> 

            Ескерту. Атауы мен мәтiнi сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
1997.04.22. N 621   қаулысымен .    
      ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен .
        1. Осы Ереже мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ Қазақстан Республикасы аумағында шығару, айналысқа қосу және өтеу тәртiбiн айқындайды. "МЕККАМ" атауы қазақ тiлiнде "Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттеме" деп оқылады. 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ сөйлеммен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.22. N 621  қаулысымен .
         2. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шығарады, олар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстан бағалы қағаздарының қайталама нарығында еркiн айналыста болады. 
      3. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер МЕККАМ материалдық емес нысанда, үш, алты, тоғыз және он екi ай айналыс мерзiмiнен шығарылады және олар өз ұстаушыларының қаржы агентiнiң депозитарийiндегi немесе бастапқы дилердiң қосымша депозитарийiндегi депо-шоттарына тиiстi жазбалар енгiзу жолымен орналастырылады және айналысқа қосылады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен
      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 30 наурыздағы  N 2155 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ орналастыру, айналысқа қосу мен өтеуге депозитарлық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын қаржы агентi болып табылады. Эмитент пен қаржы агентiнiң арасындағы өзара қарым-қатынас осы Ережемен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құжаттарымен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен Ұлттық банк арасында жасалатын мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ орналастыру және олардың айналысқа қосылуына қызмет көрсету туралы келiсiммен және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледi. 
      5. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер МЕККАМ оларды ұстаушылардың арасында сатып алушылар аукциондық негiзде айқындайтын дисконтты /жеңiлдетiлген/ баға бойынша орналастырылады, ал тиiстi айналыста болу мерзiмi аяқталған соң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi нақтылы бағасы бойынша сатып алады. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң МЕККАМ нақтылы бағасы 100 теңге. 
      Тиісті кезеңге сыйақы сомасын есептеу үшін мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер - МЕККАМ айналысының есептік кезеңдегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437
қаулысымен .
         6. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi болып табылатын заңды және жеке тұлғалар мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң МЕККАМ ұстаушылары бола алады. Бұл ретте мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң МЕККАМ аукциондарына тек Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық Банкпен бiрлесiп белгiлеген бастапқы дилерлер ғана қатысады. Бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушылары /инвесторлар/ аукциондарға тек бастапқы дилерлер арқылы ғана қатысады. 
      7. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң МЕККАМ әрбiр эмиссиясының көлемiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген үкіметтік борыш лимитіне және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстарға қарай белгiлейдi. Жекелеген бастапқы дилердiң немесе инвестордың мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ бiр аукционда сатып алуының шектi көлемiн, бәсекеге түсе алмайтын тапсырыстардың қанағаттандыру процентiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығындағы жағдайға қарай әр аукцион үшiн жеке-жеке айқындайды. Резидент еместердiң аукциондарға қатысу үлесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайды.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 7-тармақтан сөздер алынып тасталды және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.22. N 621 қаулысымен. 
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен
        8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аукциондарды өткiзу күнi мен шартын кезектi аукцион өткiзiлетiн уақытқа кем дегенде жетi күнтiзбелiк күн қалғанда анықтап, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне хабарлайды, ол өз кезегiнде еркiн нысанда құрастырылған жазбаша хабарламалар жiберу арқылы дәл осындай мерзiмде бастапқы дилерлердi хабардар етедi, сонымен бiр мезгiлде ақпаратты мерзiмдi баспасөзде жариялайды, Аукциондарды өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтетiн нормативтiк актiлермен реттеледi. 
      9. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ орналастыру жөнiндегi аукциондарды осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес айқындалатын көлемге, сондай-ақ мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығындағы жағдайға қарай Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтетiн мерзiмдiлiкпен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзедi. 
      10. Өткiзiлетiн аукционның бағалы шарттары және оған қатысушылардың тапсырыстарын қанағаттандыру көлемi жөнiндегi шешiмдi осы Ереженiң 7-тармағы бойынша айқындалатын шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қабылдайды. 
      11. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң МЕККАМ иелерi оларды кепiлге беруге, РЕПО операцияларын өткiзуге, қайталама нарықта сатып алу мен сатуға құқылы. Бұл ретте инвестор сатып алу-сату, кепiлге беру және РЕПО операциялары жөнiндегi барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресiмдейдi. Кепiлге беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң депозитарийiнде тiркеледi. 
      12. Мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердiң МЕККАМ есепке алынуы, қозғалысы мен сақталуы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi депозитарийiндегi депо-шоттар бойынша және тiкелей өз инвесторларының иелiгiндегi мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелер МЕККАМ бойынша бастапқы дилерлердiң қосымша депозитарийiнде жүзеге асырылады. 
      13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi үш айлық, алты айлық, тоғыз айлық және он екi айлық мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi МЕККАМ оларды бастапқы орналастырудан республикалық бюджетке қаржы түскен мерзiмнен бастап тиiсiнше тоқсан бiрiншi, жүз сексен екiншi, екі жүз жетпіс үшінші және үш жүз алпыс бесiншi күнтiзбелiк күнi нақтылы құны бойынша өтейдi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен
      14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісілген және оларды орналастырудың дисконтталған бағасы мен мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердің - МЕККАМ айналыста болған нақты уақыт үшін есептелген сыйақыны ескере отырып есептеп шығарылған дисконтталған баға бойынша мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді - МЕККАМ мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі мұндай өтеу күніне дейін 10 күнтізбелік күнде, өз кезегінде 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей ол туралы бастапқы дилерлерге хабарлайтын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жеткізіледі. Егер мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердің - МЕККАМ бастапқы құнын мерзімінен бұрын өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өзгеше көздемесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі. <*> 
       ЕСКЕРТУ. Жаңа 14-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.24. N 626  қаулысымен .  
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен .  
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369
қаулысымен
        15. Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен жасалатын операциялар бойынша салық салудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 15-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады