Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 23 сәуiр N 645. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.22. N 1642 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнiң реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 U973377_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар

 

министрлiгi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар

министрлiгi 5 мамырға дейiн мерзiмде таратылған министрлiктердiң

қызметiне байланысты құжаттамаларды қабылдауды және берудi қамтамасыз

етсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 23 сәуiрдегi

                                            N 645 қаулысымен

                                             бекiтiлген


                Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи

            ресурстар министрлiгi (Энергетика және табиғиресурсминi)

                                    туралы

                                    ЕРЕЖЕ


     1. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрлiк электр энергетикасына, мұнай, газ, тау-кен және атом өнеркәсiбiне, жер қойнауын қорғау мен пайдалануға мемлекеттiк басқаруды, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде-салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады.
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк аппаратын ұстау шығыстары республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген қаржы есебiнен қаржыландырылады.
      4. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      5. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы бар мөрi болады.
 
      II. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
 
      6. Министрлiктiң өз қызмет аясындағы негiзгi мiндеттерi:
      электрэнергетикасын, мұнай, газ, тау-кен және атом өнеркәсiбiн дамытудың, сондай-ақ минералдық ресурстарды геологиялық зерделеудiң, ұтымды және кешендi пайдаланудың және жер қойнауын қорғаудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарын әзiрлеу мен iске асыру;
      электр энергетикасының, мұнай, газ, тау-кен және атом өнеркәсiбiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi, Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерделеу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында экономикалық реформалар жүргiзу;
      стратегиялық дамудың және реттелетiн салалар объектiлерiн орналастырудың негiзгi параметрлерiн белгiлеу;
      реттелетiн салалардағы қызметтi жүзеге асыратын меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру;
      отын-энергетика балансын әзiрлеу және оны iске асыруды қамтамасыз ету;
      жер қойнауын мен геологиялық ақпараттың бiрыңғай мемлекеттiк қорын қалыптастыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттарды мемлекеттiк тiркеу мен сақтау;
      мемлекеттiк жер қойнауын қорын басқару және жер қойнауын қорғау;
      пайдалы қазбалар қорларының бабын белгiлеу мен бекiту, жер қойнауы мен жер қойнауын пайдаланушылардың мониторингi;
      жыл сайын Үкiмет бекiтетiн, жалпы кең таралған түрлерiн қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерделеу мен игерудiң инвестициялық бағдарламаларының негiзiнде Қазақстан Республикасының мүдделерi мен оны табиғи ресурстарын қорғау мақсатында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудi реттеу;
      пайдалы қазбалардың барлық түрлерiнiң кен орындары әлеуетiн игеру мен тиiмдi пайдаланудың жағдайына бақылау жасау бойынша бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      реттелетiн салалардың жұмыс iстеуi үшiн құқықтық және нормативтiк базаны халықаралық тәжiрибе мен нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес келтiру жөнiндегi әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      кәсiпорындар қызметiнiң мониторингi және нарық коньюнктурасын зерделеу;
      реттелетiн салаларда кадр саясатын ұйымдастыру, кадрларды даярлау және қайта даярлау;
      Министрлiкке жүктелген өзге де мiндеттер болып табылады.
      7. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      мемлекет иелiгiнен алу, қайта құрылымдау, жекешелендiру және монополиялық қызметтi шектеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру үшiн қолайлы әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық жағдайларды қамтамасыз етедi;
      реттелетiн салалардың жұмыс iстеуi мен дамуы мәселелерi бойынша министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, ведомстволармен, жергiлiктi атқарушы органдармен және республиканың қоғамдық ұйымдарымен өзара бiрлесiп iс-қимыл жасайды;
      экономиканы сауықтыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге қатысады және ол бойынша шараларды жүзеге асырады;
      кәсiпкерлiкке, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетедi;
      отын-энергетика ресурстарының ұтымды және үнемдi пайдаланылуын, электр және жылу энергиясының реттелетiн нарығын құруды қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Үкiмет оның құзыретiне берген қызмет түрлерi бойынша лицензиар функциясын жүзеге асырады;
      ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды және оларды iске асыру кезiндегi бақылау функцияларын қоса алғанда, мемлекет мұқтажы үшiн геологиялық зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiк тапсырыс берушi функциясын жүзеге асырады;
      лицензиялау мәселелерi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылармен жалпы кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша контрактiлер жасау мен оларды орындау бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреттi органы функциясын атқарады;
      жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды мемлекеттiк тiркеу мен сақтау жөнiндегi Үкiметтiң құзыреттi органы болып табылады;
      энергияны үнемдеу, энергияның қайта жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiн пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеудi және оны жүзеге асыруды ұйымдастырады;
      қоршаған ортаны қорғау және техногендiк ықпалды төмендету, қондырғылар мен жабдықтарды пайдалануда сенiмдiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi саясатты жүргiзуге қатысады;
      реттелетiн салалардың жұмыс iстеуi мен дамуы жөнiндегi ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердi, соның iшiнде басқа ведомстволар, консультациялық фирмалар әзiрлеген инвестициялық жобаларды сараптауды, сондай-ақ ақпаратты жинау, өңдеу және пайдалануды, статистика жөнiндегi зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;
      халықаралық ұйымдарда республика мүдделерiн бiлдiредi, өз құзыретi шегiнде халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас пен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
      шетелдiк несие мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар жасайды;
      квоталар мен лицензиялардың, шарттық қатынастар мен келiсiм-шарттардың қолданылып жүрген тетiктерiн қолданып, өнiмдi экспорттау мен импорттау, оны әкелу мен әкетудi реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзуге қатысады;
      өз қызметiнiң аясында заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдап қорытындылайды, оны жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi, құқықтық және басқа да нормативтiк актiлердiң жобаларын дайындауға қатысады, оларды Үкiметтiң қарауына ұсынады;
      Қазақстан нарығында материалдардың, жабдықтардың, қызмет көрсетiлердiң қазақстандық өндiрушiлерiнiң мүдделерiн қорғау тетiктерiн әзiрлейдi;
      еңбек ұжымдары мен кәсiпорындардың меншiк иелерi арасындағы әлеуметтiк-экономикалық әрiптестiктi ұйымдастыруға қатысады;
      Министрлiкке Қазақстан Республикасының заңдары, Президентi мен Үкiметi жүктеген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      8. Министрлiктiң өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асырған және мiндеттемелердi орындаған кезде мыналарға:
      өз құзыретi шегiнде ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, барлық кәсiпорындар, ұйымдар мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъекттер үшiн орындауға мiндеттi бұйрықтар, нұсқаулар, әдiстемелiк нұсқаулар мен басқада нормативтiк актiлер шығаруға және олардың орындалуын тексеруге. Қажет болған жағдайларда басқа министрлiктермен және ведомстволармен бiрлескен актiлер шығаруға;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындар мен ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан белгiленген тәртiппен құжаттар, қорытындылар, анықтамалық және басқа да материалдар мен ақпараттар сұратуға және алуға;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен өзiне берiлген өкiлеттiктерге сәйкес мемлекеттiк меншiктегi мүлiкке иелiк етуге, оны пайдалануға және басқаруға;
      өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының және басқа елдердiң кәсiпорындарымен, мекемелерiмен және ұйымдарымен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдер жасасуға;
      заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жер қойнауын пайдалану объектiлерiне конкурс жариялауға және жер қойнауы объектiлерi бойынша осы конкурстарды өткiзу мерзiмдерiн белгiлеуге;
      экономикалық, экологиялық, құқықтық сараптамалардан кейiн ғана жалпы кең таралғандарынан басқа пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi келiсiм-шарттарға Үкiмет атынан қол қоюға;
      Үкiметтiң тапсырмасымен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қоюға;
      лицензияланатын қызмет аясында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзуге;
      өнiмнiң, қызмет көрсетулердiң бәсекелестiк қабiлетi бар, сапалы

 

және қауiпсiз түрлерiнiң нарығын қалыптастыруға және дамытуға

көмектесуге;

     ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың қызметiне жалпы

басшылықты жүзеге асыруға;

     энергияны үнемдеу бағдарламаларының жүзеге асырылуына бақылау

жасауға және Қазақстан Республикасындағы энергияны үнемдеу саясатын

жалпы үйлестiруге;

     мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдарды құру, қайта құру

және тарату мәселелерi жөнiнде Үкiметке ұсыныстар енгiзуге;

     жер қойнауын қорғау мен пайдалану жөнiндегi аймақтық басқармалар

құруға;

     заңдарда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы

бар.


     III. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру


     9. Министрлiк пен оның аумақтық органдары Министрлiктiң бiртұтас

жүйесiн құрайды.


 
       10. Министрлiктiң орталық аппараты Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн департаменттер мен құрылымдардан тұрады. Департаменттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Министрлiкте (оның жанында) комитеттер (агенттiктер) құрылуы мүмкiн.
      11. Оның қызмет аясындағы Департаменттiң негiзгi мiндеттерi Департамент директорының ұсынуы бойынша Министр бекiтетiн Департамент туралы ережеде белгiленедi. Заңды тұлға болып табылатын департаменттер мен комитеттер (агенттiктер) туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      12. Департаменттi Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. Заңды тұлға болып табылатын Департаменттiң Директорын Министрдiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Департамент Директорының қызметке Департамент Директорының ұсынуымен Министр тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      Департаменттiң құрылымын Министр бекiтедi.
      13. Департаменттiң Директоры Департамент жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Департаментке жүктелген мiндеттер мен оның өз функцияларын орындауы үшiн жеке жауап бередi.
      14. Министрлiктi Министр басқарады.
      Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдiң бiр орынбасары - вице-министрi болады, оны Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      15. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттер мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
      Осы мақсатта Министр:
      өзiнiң орынбасарының, департаменттер директорларының,

 

Министрлiктiң басқа қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiнiң

ауқымын белгiлейдi;

     Министрлiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен

босатады;

     Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдар туралы

ережелердi бекiтедi;

     өз құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешiмдер

қабылдайды.

     16. Министрлiкте құрамында Министр, оның орынбасары және

департамент басшылары бар алқа құрылады. Алқа құрамына басқа да

адамда кiруi мүмкiн.

     Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi

бекiтедi.

     Алқаның жеке құрамын Министр бекiтедi.

     17. Өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Министрлiк шешiмдер

қабылдайды, олар орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың

орындауы үшiн мiндеттi болады.

     Министрлiк қабылдаған шешiмдер Министрдiң бұйрығымен ресiмделедi.


 
       18. Министрдiң орынбасары Министр болмаған жағдайда оның мiндетiн атқарады. Министр жүктеген басқа да мiндеттердi жүзеге асырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады