Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы желтоқсандағы Үндiстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 28 сәуiрдегi N 675

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы желтоқсандағы Үндiстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру және қазақстан-үндiстан ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы желтоқсандағы Үндiстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отырған).
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, Мемлекеттiк

комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары
шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнiнде нақты
шаралар қабылдасын.
     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi кемiнде
жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының
орындалу барысы жөнiнде хабарлама жасап отырсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 28 сәуiрдегi
                                           N 675 қаулысымен
                                              бекiтiлген

          Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың
        1996 жылғы желтоқсандағы Үндiстан Республикасына ресми 
           сапары барысында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен
           уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
                             Ж О С П А Р Ы
_____________________________________________________________________
 N |                                        |
р/с|                 Шаралар                |        Мазмұны
___|________________________________________|________________________
 1 |                     2                  |           3
___|________________________________________|________________________

         1. Мынадай екi тарапты құжаттарды әзiрлеу:

 1 |Қазақстан Республикасының Қорғаныс      |Сарапшылардың келiссөз.
   |министрлiгi мен Үндiстан Республикасының|дерiн жүргiзу
   |Қорғаныс министрлiгi арасындағы ынты.   |
   |мақтастық туралы меморандум             |
   |                                        |
 2 |Қазақстан Республикасының Үкiметi мен   |Сарапшылардың келiссөз.
   |Үндiстан Республикасының Үкiметi        |дерiн жүргiзу
   |арасындағы бiлiм, ғылыми атақтар,       |
   |ғылыми дәрежелер жөнiндегi құжаттарды   |
   |тану және олардың баламдылығы туралы    |
   |келiсiм                                 |
   |                                        |
 3 |Қазақстан Республикасының Үкiметi мен   |Бұл да сондай
   |Үндiстан Республикасының Үкiметi        |
   |арасындағы Жоғары бiлiктi ғылыми-педа.  |
   |гогтiк кадрларды даярлау және           |
   |аттестациялау саласындағы ынтымақтастық |
   |туралы келiсiм                          |

          II. Үндiстан тарабына тапсыру үшiн мынадай
               құжаттардың жобаларын әзiрлеу

 4 |Қазақстан Республикасы мен Үндiстан     |Сарапшылардың келiссөз.
   |Республикасы арасындағы өздерiнiң       |дерiн жүргiзу
   |аумақтарындағы қылмыстық жауапкершi.    |
   |лiкке тартылған адамдарды немесе        |
   |заңды күшiне енген үкiмдi орындау үшiн  |
   |өзара ұстап беру туралы шарт            |
   |                                        |
 5 |Қазақстан Республикасы мен Үндiстан     |Бұл да сондай
   |Республикасы арасындағы Жазасын өтеу    |
   |үшiн сотталғандарды беру туралы шарт    |

                    III. Басқа да мәселелер

 6 |Жеңiл өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы       |Келiссөздер. кездесулер
   |өнiмдерiн өңдеу, фармакология шағын     |өткiзу, өзара сарапшылар
   |және орта бизнес салаларында бiрлескен  |алмасу
   |кәсiпорындар құруда үндiстандық         |
   |компанияларға жәрдемдесу                |
   |                                        |
 7 |Көмiрсутек шикiзатын барлау, өндiру     |Үндiстан тарабымен
   |және қайта өңдеу саласында ынтымақ.     |бiрге пысықтау
   |тастық орнату, бұрыннан бар өндiрiс     |
   |орындарының инфрақұрылымын жетiлдiру    |
   |мүмкiндiктерiн белгiлеу                 |
   |                                        |
 8 |Ғылым, мамандар алмасу, ноу-хау         |Үндiстан тарабымен
   |саласында бiрлескен зерттеу             |келiсу
   |бағдарламаларын әзiрлеу                 |
   |                                        |
 9 |Қазақстанда - Үндiстан және             |Үндiстан тарабымен
   |Үндiстанда - Қазақстан Мәдениет         |мерзiмдерiн келiсу,
   |күндерiн өткiзу                         |ұйымдастыру
   |                                        |мәселелерiн шешу


_____________________________________________________________________
         Орындалу мерзiмi          |        Орындауға жауаптылар
___________________________________|_________________________________
                 4                 |               5
___________________________________|_________________________________
                                   |
     1. 1997 жылдың II жарты       | Қорғанысминi
        жылдығы                    |
                                   |
     2. 1997 жылдың II жарты       | Бiлiм және мәдениетминi,
        жылдығы                    | Ғылымминi - Ғылым академиясы
                                   |
     3. _"_                        | Ғылымминi - Ғылым академиясы,
                                   | Бiлiм және мәдениетминi
                                   |
     4. 1997 жылдың II жарты       | Бас прокуратура (келiсiм
        жылдығы                    | бойынша), МТК (келiсiм бойынша),
                                   | Iшкiiсминi, Әдiлетминi,
                                   | Сыртқыiсминi
                                   |
     5. _"_                        | Бас прокуратура (келiсiм
                                   | бойынша), МТК (келiсiм бойынша),
                                   | Iшкiiсминi, Әдiлетминi,
                                   | Сыртқыiсминi
                                   |
     6. Тұрақты түрде              | Экономсаудаминi, Ауылшарминi,
                                   | Денсаулықминi
                                   |
     7. 1997 жылдың II жарты       | Энергетика және табиғи
        жылдығы                    | ресурсминi
                                   |
     8. _"_                        | Ғылымминi - Ғылым академиясы
                                   |
     9. 1997 жылдың II жарты       | Бiлiм және мәдениетминi,
        жылдығы - 1998 жылдың      | Сыртқыiсминi
        I жарты жылдығы            |
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады