Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалаудың қоса берiлiп отырған Тұжырымдамасы бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 мамырдағы N 819 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалау тұжырымдамасы 1. Кiрiспе
Лайықты қарттықты материалдық жағынан қамтамасыз ету дүние жүзiнiң барлық елдерi үшiн, соның iшiнде экономикалық тұрғыдан дәулеттi елдер үшiн де көкейтестi проблема. Бұған мемлекет пен азаматтың, жұмыс берушi мен қызметкердiң, ата-аналар мен балалардың әлеуметтiк және экономикалық өзара қарым-қатынастарының эволюциясына байланысты халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесiнiң табиғи түрде ұлғаюы негiз болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы ұрпақтардың ынтымағы принципiне негiзделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесi iс жүзiнде өзiнiң мүмкiндiктерiн тауысты. Зейнетақы қорының қаржы жағдайының дағдарысы түбегейлi өзгерiстердi және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiне шұғыл реформалар жүргiзудi талап етедi.
Ұсынылып отырған Тұжырымдама зейнетақы реформасының негiзгi стратегиялық бағыттарын айқындайды.
2. Зейнетақымен қамсыздандырудың қазiргi жай-күйi
Зейнетақымен қамсыздандырудың қолданылып жүрген жүйесi есепте тұрған зейнеткерлерге зейнетақыны жұмыс iстеушiлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен төлеуге негiзделген.
Қолданылып жүрген зейнетақы жүйесiнiң түйiндi сипаттамалары мыналар болып табылады:
* зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттiк монополия;
* қартайғанда өзiн-өзi материалдық қамсыздану үшiн азаматтардың жеке жауапкершiлiгiнiң болмауынан мiндеттi зейнетақы жарналарының иесiздiгi;
* зейнетақы қаражатын жүйе iшiнде қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабiлеттi халықтың iс жүзiнде жұмыспен толық қамтылуы, мемлекеттiк аппараттың мүлтiксiз бақылауы және зейнеткерлер мен жұмыс берушi азаматтардың қалыптасқан ара салмағы жағдайында ғана тиiмдi болды. Сондықтан зейнетақы жүйесi зейнетақының бiршама жоғары деңгейiн қамтамасыз еттi - оның мөлшерi жұмыс iстеген соңғы жылдары алынған жалақыға, еңбек стажы мен жасына байланысты болды, ал жеңiлдiктердiң көптiгi зейнеткерлiкке шығуға қызықтырды.
Экономикалық жағдайдың өзгеруi қалыптасқан зейнетақы жүйесiнiң жұмыс iстеуiн бұзды.
Зейнетақы жүйесi, бiр жағынан көптеген зейнеткерлердiң ең төмен деңгейдегi қажеттерiн қамтамасыз ете алмайтын болды, екiншi жағынан, экономикаға ауыртпалық салды.
Зейнетақымен қамсыздандырудың қолданылып жүрген жүйесiнiң түбiрлi кемшiлiктерi айқын аңғарылды:
1. Жарналардың мөлшерi мен зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi арасындағы тiкелей байланыстың жоқтығы. Зейнетақы қорына жарналар иесiздiкпен төлендi, бiрақ жұмыс берушiсiнiң зейнетақы қорына жарналарды тұрақты түрде және толық аударған-аудармағанына қарамастан әрбiр қызметкердiң зейнетақы алуға құқығы бар. Мемлекет өз тарапынан жұмыс берушi мемлекеттiк Зейнетақы қорына мiндеттi жарналарын аударудан жалтаратын азаматтың алдындағы зейнетақы тағайындау мiндеттемесiн орындауға тиiс.
2. Зейнетақы жарналарының жоғары ставкасы өндiрiс шығынын көбейтедi. Қазiргi кезде Зейнетақы қорына аударылатын жалақының 25,5% мөлшерiндегi жарна экономика үшiн ауыр. Инфляция жағдайында зейнеткерлердiң тұрмыс деңгейiн қолдауға жұмсалатын елеулi және ұдайы өсiп отыратын шығыстарын өтеу үшiн жарна ставкасын одан әрi ұлғайту жұмыс берушiлердi мемлекеттiк Зейнетақы қорына мiндеттi жарналарды аударудан бұрынғыдан да көп жалтаруға итермелейдi.
3. Зейнетақы жарналарының жиналу деңгейiнiң төмендегi жалпы экономикалық себептерге де, сондай-ақ сақтық жарналарының түсуiн бақылаудың тиiстi тетiгiнiң жоқтығына және қызметкерлердiң мемлекеттiк зейнетақымен қамсыздандыруды қолдауға мүдделi еместiгiне де байланысты болып отыр.
4. Зейнетақы тағайындау кезiндегi жеңiлдiктер санының көптiгi мемлекеттiк Зейнетақы қорына айтарлықтай салмақ түсiредi. Қолданылып жүрген заңдар көптеген адамдарға зейнеткерлiкке ерте шығуға және мөлшерi жасына қарай берiлетiн зейнетақыдан кейбiр жағдайда әлдеқайда жоғары жеңiлдiктi зейнетақы алуға құқық бередi. Нәтижесiнде бiр саланың қызметкерлерi артықшылықты салаларда жұмыс iстеушiлерге зейнетақы төлеу үшiн жарналар төлейдi, осының салдарынан әлеуметтiк әдiлдiк бұзылады.
5. Қызметкерлердiң зейнетақы жарналарының дербес есебiнiң жоқтығы аударымды көбейтуге және азаматтардың жеке шоттарында қаражатты шоғырландыруға, сондай-ақ жұмыс берушiлердiң жарналарын бақылауға ынталандырмайды.
6. Зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың тиiмсiз жүйесi түрлi ұйымдық құрылымдар бойынша зейнетақы қаражатын жинау мен жұмсау функцияларының шашыраңқылығы олардың мақсатқа сай жұмсалмауына жол ашып, елеулi қаржы ысырабына әкеп соғады.
"Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарын және олардың отбасыларын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын азаматтарға зейнетақы төлеу олардың ерекшелiктерiн ескере отырып республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.
Қолданылып жүрген зейнетақы жүйесiн сақтау оның дағдарысын ушықтырады және зейнетақы төлемдерiнiң кiдiртiлуiн ұзартады. Сондықтан қолданылып жүрген зейнетақы жүйесi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағынан түбiрлi өзгерiстердi қажет етiп отыр. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалау мемлекет экономикасын дамытуға жәрдемдесе алады, ал барлық зейнеткерлердiң материалдық жағынан қамсыздандырылуы соның жай-күйiне байланысты.
3. Зейнетақыны реформалаудың негiзгi принциптерi
мен бағыттары
Ұрпақтардың ынтымағы принципiнен дербес зейнетақы жинақтары принципiне көшу реформаны жүргiзудiң негiзгi принципi болуы тиiс. Басқа принциптер мыналар болып табылады:
* зейнетақы жүйесiн мемлекеттiк реттеу;
* азаматтардың зейнетақы жинауды мемлекеттiк жинақтау немесе мемлекеттiк емес зейнетақы қорларында жүзеге асыруды таңдап алу құқығын қамтамасыз ету;
* зейнетақы қорларын қалыптастыруға жасына қарай зейнеткерлiкке шығуға құқық беретiн еңбек стажына кем болмайтын уақыт қатысқан азаматтар үшiн белгiленген ең төмен зейнетақыны күнкөрiс минимумын қамтамасыз ету жөнiндегi тiкелей мемлекеттiк кепiлдiктер;
* зейнетақылар мен басқа да әлеуметтiк қамсыздандыру нысандарының ара жiгiн ажырату;
* Қазiргi кезде "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарын және олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшi қолданылатын және реформа басталған сәтте 10 жылдан астам еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерден, iшкi iстер органдары мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiнен басқа еңбекке қабiлеттi жастағы әрбiр азамат зейнетақылық жинауларды қалыптастыруға мiндеттi түрде қатысуға тиiс;
* еңбекке қабiлеттi азаматтардың қартайғанда өзiнiң зейнетақымен қамсыздандырылуы үшiн жеке жауапкершiлiгi;
* зейнетақы салымының қауiпсiздiгiмен ұштастыра отырып инвестициялауды тиiмдi ету;
* азаматтардың мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинауларды мұраға алу құқығын қамтамасыз ету;
* әрбiр азаматтың қосымша ерiктi зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы;
* азаматтардың зейнетақы салымын инвестициялау арқылы экономикаға үлес қосу.
Есепте тұрған зейнеткерлердiң зейнетақы алу құқығын iске асыру қажеттiгiне, сондай-ақ зейнетақы реформасы басталғанға дейiн еңбек стажы бар болған азаматтардың алдындағы мемлекеттiң мiндеттемелерiне байланысты туып отырған өтпелi кезеңде есепте тұрған зейнеткерлерге мемлекет Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан алатын зейнетақы мөлшерiн сақтауға, сондай-ақ тұтыну бағасының өсуiн ескере отырып, оны индекстеуге кепiлдiк бередi.
Зейнетақы реформасын басталғаннан кейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарға төленетiн мемлекеттiк зейнетақылардың мөлшерi зейнетақы реформасы басталған сәттегi еңбек стажына байланысты болады. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларында объективтi себептермен жеткiлiктi зейнетақы жинауларын қалыптастыруға үлгермей жатқан жасына қарай зейнеткерлiкке шығуға таяған азаматтардың құқықтарына Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан толық зейнетақы алуға құқық беретiн әйелдер үшiн жиырма жылдық және ерлер үшiн жиырма бес жылдық стажының сақталуы есебiнен нұқсан келтiрiлмейдi.
Азаматтардың әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдары мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң реформа басталған сәтте 10 жылдан аз еңбек сiңiрген жылы бар қызметкерлерi мен реформа басталғаннан кейiн қызметке жаңадан кiрген қызметкерлерiн қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорларында жинаулары есебiнен төленетiн зейнетақы болашақтағы зейнетақымен қамсыздандыруда негiз болады. Бұл зейнетақының принциптi айырмашылығы әрбiр жұмыс iстеушiнiң өзiнiң болашақ зейнетақысының мөлшерiн өзi белгiлейтiнiнде. Зейнетақы шамасы нақты адамның зейнетақы жарналарын төлеуiнiң ұзақтығына және мөлшерiне, сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялаудан қосымша аударымдарға (дивидендтерге) толық байланысты болады. Бұл зейнетақы дербестендiру принциптерiне негiзделедi, мұның өзi азаматтардың жекелеген санаттарына қандай да болсын артықшылықтарды (жеңiлдiктердi) жоққа шығарады.
Қосымша зейнетақы азаматтардың өз пайдасына және үшiншi адамдардың пайдасына, сондай-ақ жұмыс берушiлердiң мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеген ерiктi жарналарының есебiнен қалыптасуы мүмкiн.
Азаматтардың нақты жалақысының олардың мiндеттi жарналарының сомасына кемуi жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк сақтандыру қорларына аударымдарын азайту және есепке алуға тиiстi өзгерiстер енгiзу арқылы есептелген жалақыны көбейтудiң нәтижесiнде жойылады.
Зейнетақы жүйесiн реформалаудың алдында зейнетақы жөнiндегi берешек толығымен өтелуге тиiс. Бұған қоса реформаның басында Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты жағдайды тұрақтандыратын және зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесiнiң қалыптасуының алғы шарттарын туғызатын мынадай шаралар қабылданады:
* зейнетақы жеңiлдiктерiн беру саясаты қайта қаралады, мұнда жеңiлдiктер тек әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдары мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi үшiн ғана iшiнара сақтауларды;
* Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек стажын есептеудiң тәртiбi қарапайымдандырылады;
* әлеуметтiк зейнетақыларды мүгедектiгiне байланысты зейнетақылар мен асыраушысынан айрылған жағдайдағы зейнетақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелер мемлекеттiк бюджетке, ал кейiн жұмыс берушiлердiң қызметкерлердi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне ауыстырылады. Бұл ретте зейнетақының орнына төленетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi сақталады;
* жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған жүйесiнiң негiзiнде азаматтардың зейнетақы жарналары мен жинауларының дербестендiрiлген есебi енгiзiледi;
* еркектер мен әйелдердiң зейнетке шығуының шектi жасы 2016 жылға дейiнгi кезеңде бiрте-бiрте өсiрiлiп, теңестiрiледi;
* жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың қызметiн мемлекет тарапынан реттеу мен бақылау қамтамасыз етiледi, зейнетақы төлемдерiнiң зейнетақы жинаулары сомасынан асып түсу қаупiн сақтандыруды қамтамасыз ету үшiн сақтандыру компанияларының жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасалады.
4. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiнiң ұйымдық
құрылымы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық реформа басталған кезде есепте тұрған зейнеткерлердiң, сондай-ақ реформа басталарда еңбек стажы болған азаматтардың бәрiне қызмет көрсететiн болады.
Мемлекеттiк жинақтау зейнетақы қоры мен мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары қызметiнiң негiзгi саласы - ресурстары қызметкерлердiң еңбек табыстарының жарна есептеу үшiн белгiленген 10% есептелетiн мiндеттi сақтандыру жарналарының есебiнен құралатын зейнетақылар. Мұндай жарналар азаматтың өз қалауынша Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына немесе кез келген мемлекеттiк емес зейнетақы қорына аударылатын болады.
Реформа басталған сәтте 10 жылдан аз еңбек сiңiрген әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер және Мемлекеттiк тергеу комитетi органдары қызметкерлерiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары, ал одан әрi - қызметке жаңадан түскен әрбiр адам үшiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жарна есептеуге қабылданатын үлес мөлшерiнiң 20% ставкасы бойынша жүргiзiледi.
Қосымша зейнетақылар мемлекеттiк емес жинақтау қорларында қызметкерлердiң және/немесе олардың жұмыс берушiлерiнiң ерiктi жарналары есебiнен құралады.
Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi ашықтық және сенiмдiлiк, операциялық тиiмдiлiк принциптерiнде құрылады.
Мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары қалыптасу принципi бойынша:
* зейнетақы жинақтауларын қалыптастыруды олардың жұмыс iстейтiн және тұратын жерiне қарамастан азаматтардың мiндеттi және ерiктi жарналарынан жүзеге асыратын ашық қорлар;
* жекелеген кәсiпорындар құратын және осы кәсiпорын қызметкерлердiң мiндеттi және ерiктi жарналарынан зейнетақы жинақтауларын қалыптастыратын корпоративтiк қорларға бөлiнедi.
Мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары қызметiнiң негiзгi принциптерi:
* қорларды және басқару және салымшылардың қорды еркiн таңдау мүмкiндiгi;
* қарапайымдылық, ашықтық және сенiмдiлiк;
* уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тарапынан қатаң реттеу және сенiмдi қадағалау;
* операциялық тиiмдiлiк;
* азаматтарға олардың зейнетақы жинауларының мөлшерi туралы ақпаратты (үзiндiнi) оқтын-оқтын (құпия түрде) берiп тұру;
* қор активтерiн зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар арқылы басқару.
5. Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың
өтпелi кезеңге арналған қаржы ресурстарын қалыптастыру
Қазақстан Республикасының зейнетақылық жарналардың ағымдағы түсуiнен зейнетақы төлеу жүйесi бойынша қызмет iстейтiн Зейнетақы қорын қайта құру және оны заңды тұлға мәртебесiмен Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық етiп өзгерту зейнетақы реформасының мақсаттары мен мiндеттерiне сүйене отырып жүргiзiледi. Бұл ретте бұрынғы зейнеткерлерге алып жүрген зейнетақысының мөлшерiн сақтауға, сондай-ақ тұтыну бағаларының өсуi ескерiле отырып оларды индекстеуге кепiлдiк берiледi. Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан болашақ зейнеткерлерге төленетiн зейнетақы мөлшерi зейнетақы реформасы басталған сәттегi еңбек стажына байланысты болады.
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың ресурстарын қалыптастыру көзi:
* заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың мiндеттi зейнетақы жарналары;
* республикалық бюджеттен трансферттар болып табылады.
Реформаның "ұрпақтардың ынтымақтастығы" принципiне негiзделген жүйеден жинақтаушы зейнетақы жүйесiне ауысуды көздейтiн мақсаты назарға алына отырып, кәсiпорындардың Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың ресурстарын қалыптастыруға қатысуы жөнiндегi мiндеттемелерi шектеулi уақыт кезеңiне арналып белгiленедi және ол кейiннен тоқтатылады. Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк қорға мiндеттi жарнаның ставкасы реформаның басталуы кезiне 15 жылдың iшiнде оны нөлге дейiн бiртiндеп азайту арқылы еңбек ақы төлеу қорынан 15 процент мөлшерiнде белгiленедi.
Мемлекеттiң бұрынғы зейнеткерлер мен реформалар басталғаннан кейiн зейнеткерлiкке шыққандардың алдындағы мiндеттемесiн орындауының қажеттiлiгi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң салық қызметтерiне жүктелетiн Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа мiндеттi аударуларын қамтамасыз ету жөнiнде қатаң шаралар белгiлеудi қажет етедi.
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың кiрiстерi мен шығыстарының теңгерiмдiлiгi осы мақсаттар үшiн табиғи ресурстарды пайдаланудан, мемлекеттiк меншiктi пайдаланудан немесе сатудан алынатын "роялти" үлгiсiндегi кiрiстердi яғни көбiнекей аға ұрпақтың еңбегiмен құрылған көздерден түсетiн кiрiстердi бекiту арқылы республикалық бюджеттен трансферттердiң есебiнен қамтамасыз етiледi.
6. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiн мемлекеттiк реттеу
Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры - азаматтардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен инвестициялық кiрiстiң есебiнен қалыптасқан зейнетақылық жинауларынан зейнетақылық төлемдi жүргiзетiн ұйым. Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық қызметтi зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның қатысуынсыз дербес жүзеге асырады және мемлекеттiк бағалы қағаздарды, мемлекеттiк банктердiң депозиттерiн, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарын ғана инвестициялайды.
Салымшылар мен алушылардың мүддесiн қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мыналарды көздеуi тиiс:
* жинақтаушы зейнетақы қорларының, кастодиан-банктердiң және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың қызметiн қатаң бақылауды;
* жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктердiң бақылауын жанай өтiп, олардың активтерге билiк жасау жөнiндегi өкiлеттiктерiн шектеу арқылы, ал мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары үшiн - зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың қатысуынсыз зейнетақы қорларының зейнетақы жинауларын мақсатсыз пайдалануы мүмкiншiлiгiн жоққа шығаруды;
* олардың сенiмдiлiгiне сүйене отырып оларды шектелген тiзбе бойынша активтерге инвестициялау арқылы зейнетақы жинауларының сақталуын қамтамасыз етудi;
* нақты кiрiстiлiктi қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын қоса алғанда оларды активтерге инвестициялау үшiн жағдай туғызудың есебiнен инфляцияның нәтижесiнде зейнетақы жинауларының құнсыздануын болдырмауды;
* жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың қаржылық жай-күйi ақпаратының жариялылығы мен ашықтығын;
* инвестициялық портфельдiң құрылымына және зейнетақы активтерiнiң салымдарын бейтараптандыруға шектеу енгiзудi;
* сыртқы аудит, активтердi және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар мен баланс жағдайын бағалауды;
* мемлекеттiк емес зейнетақы қорларын қызметi кезеңiнде мүмкiн болатын банкротқа ұшыраудан қорғау үшiн резерв жасау және қаражатты сақтандыру тетiктерiн енгiзудi;
* зейнетақы жинауларын салушылардың Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорын қоса алғанда, бiр қордан екiншiсiне еркiн аударуы мүмкiншiлiгiн қамтамасыз етудi;
* оның таңдауы бойынша, сондай-ақ кастодиан банкротқа ұшыраған жағдайда қордың зейнетақы активтерiн бiр кастодиан-банктен екiншiсiне аударуы мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi. Бұл жағдайда зейнетақы активтерi кастодиан-банктi тарату кезiнде тарату массасынан бiрiншi кезекте қайтарылады.
* жинақтаушы зейнетақы қорларының арасындағы бәсекелестiктi дамытуды;
* Жинақтаушы зейнетақы қорларынан басқа барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруына тыйым салуды.
Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларға мынадай талаптар қойылатын болады:
* сенiмдiлiк және пайдалық;
* тәуекелдердi диверсификациялау;
* тиiстi қадағалаушы органдар тарапынан қатаң реттеу және бақылау жасау;
* маркетинг және әкiмшiлiк шығыстарды барынша шектеу.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, сондай-ақ зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың қызметiн реттеудi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын болады.
7. Зейнетақы жарналары мен төлемдерiн есепке алу және
оларға салық салу жүйесi
Жинақтаушы зейнетақы қорларының бухгалтерлiк есеп жүйесi есеп жүргiзудiң жалпы принциптерi мен ережелерi негiзiне құрылуы тиiс.
Дербестендiрiлген есеп жеке сақтандыру жарналарын, инвестициялық табысты және төлемдердi көрсетедi. Дербес шотта сақталатын ақпарат құпия болып табылады.
Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн Тұжырымдама тиiстi ақпараттық жүйенi әзiрлеп, енгiзудi көздейдi.
Жаңа зейнетақы жүйесi мыналарды көздейдi:
* заңды (белгiленген шекке дейiн) және жеке тұлғалардың мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақы қорларына жарналарын салық салудан босату;
* мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан инвестициялық кiрiстi салық салудан босату;
* мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiне табыс салығын салу.
8. Қорытынды
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалау оның мақсатын, сондай-ақ бұл ретте туындайтын проблемаларды халықтың қалың жiгiне кеңiнен түсiндiргенде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Дайындық кезеңiнде жаңа зейнетақы жүйесiн қолдайтын және азаматтардың мүдделерiн қорғайтын құқықтық және нормативтiк актiлердiң бүкiл кешенi әзiрленiп, қабылданатын болады.
Нарықтық экономикаға баламалы жаңа зейнетақы жүйесiн құру халықты жаңа экономикалық жағдайда нақты қорғаудың шұғыл мiндетi болып табылады. Сонымен бiрге осы мiндеттi iске асыру уақыты әлеуметтiк қорғаудың барлық жүйесiне реформа жүргiзу жағдайында мүмкiн. Заңдардың тиiстi өзгерiстерiнiң жобасын Үкiмет әзiрлеу үстiнде.