Халықаралық және қалааралық қатынастарда автомобиль көлiгiмен тасымалдауларды бақылау мен ақпараттық қамтамасыз етудiң республикалық автоматтандырылған жүйесiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 22 мамырдағы N 861

      Халықаралық, қалааралық қалалық және қала маңындағы қатынастарда оның сенiмдi ақпараттық қамтамасыз етiлуi, елдiң және қазақстандық тасымалдаушылардың экономикалық мүдделерiн қорғау негiзiнде автомобиль көлiгi мен тасымалдаулар процесiн тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң халықаралық және қалааралық қатынастарда автомобиль көлiгiмен тасымалдауларды бақылау мен ақпараттық қамтамасыз етудiң республикалық автоматтандырылған жүйесiн құру туралы (бұдан әрi - "АҚБЖ" жүйесi) ұсынысына келiсiм берiлсiн;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне "АҚБЖ" жүйесiн әзiрлеуге, тәжiрибелiк өндiру мен пайдалануға байланысты жұмыстарды бақылау және үйлестiру жөнiндегi қызмет жүктелсiн;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi телекоммуникациялар желiсiнiң инфрақұрылымын пайдалана отырып "АҚБЖ" жүйесiн құру жөнiндегi кең ауқымды Бағдарламаны әзiрлеудi қамтамасыз етсiн және оны бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен және Мемлекеттiк кеден комитетiмен келiсiм бойынша "АҚБЖ" жүйесiнiң жұмыс iстеу принциптерiн, шешетiн мiндеттерiнiң аясын, ақпарат ұсынудың режимдерiн, сондай-ақ қызметiне байланысты басқа да мәселелердi реттейтiн ол туралы Ереженi бекiтсiн.
      2. Қоса берiлiп отырған Халықаралық, қалалық және қала маңындағы қатынастарда 2007 жылға дейiн автомобиль көлiгiмен тасымалдауларды бақылау мен ақпараттық қамтамасыз етудiң автоматтандырылған жүйесiн құрудың тұжырымдамасы бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi конкурстық негiзде:
      жұмыстардың бас атқарушысын;
      "АҚБЖ" жүйесiн несиелiк-қаржылық қамтамасыз етудiң бюджеттен тыс көздерiн айқындасын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi, Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы, сондай-ақ басқа да мүдделi ұйымдар екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне "АҚБЖ" жүйесiн бағдарламалық қамтамасыз етудi қалыптастыруға арналған өз ұсыныстарын табыс етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы "қазiргi заманғы телекоммуникация мен байланыс жүйелерiн дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының шеңберiнде "АҚБЖ" жүйесiн ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлеу мен сараптама жасауды қарастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Радиоэлектроника және байланыс жөнiндегi ұлттық орталығы "АҚБЖ" жүйесiн iске қосу үшiн қажет радиотехникалық аппараттар мен қондырғыларды дайындау бойынша радиоэлектрондық бейiндегi отандық кәсiпорындарда конкурс жеңiмпазының тапсырыстарын орналастыру мәселесiн конкурстық негiзде шешсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша:
      "АҚБЖ" жүйесiн пайдаланудың техникалық шарттарына сәйкес автомобиль жолдарының бойы мен автомобиль өтпелерiнде орналасатын бақылау-диспетчерлiк және автоматтандырылған бақылау пункттерi, пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсетудiң операторлық қызметi

үшiн қызметтiк үй-жайлар мен ғимараттар бөлу;
     "АҚБЖ" жүйесiне кiретiн және жұмыстардың бас атқарушысының жарғы
қорының кемiнде 51 процентiн құрайтын мүлiктiң мемлекеттiк үлесiн
қалыптастыру;
     "АҚБЖ" жүйесiн басқарудың принциптерiн айқындау мәселелерiн
шешсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 22 мамырдағы
                                           N 861 қаулысымен
                                             бекiтiлген

              Халықаралық, қалалық және қала маңындағы
         қатынастарда 2007 жылға дейiн автомобиль көлiгiмен
         тасымалдауларды бақылау және ақпараттық қамтамасыз
       етудiң республикалық автоматтандырылған жүйесiн құрудың
                         Тұжырымдамасы

     I. Жүйенiң жалпы сипаттамасы мен оны әзiрлеудiң принциптерi



      Автомобиль көлiгiмен тасымалдаулардың тиiмдiлiгiн арттыру көлiк құралдары мен жүк қозғалысын басқару мен бақылау процестерiн ақпараттандырумен тiкелей байланысты, осы проблеманы шешу халықаралық, қалааралық, қалалық және қала маңындағы қатынастарда автомобиль көлiгiмен тасымалдауларды бақылау мен ақпараттық қамтамасыз етудiң республикалық автоматтандырылған жүйесiн құруды көздейдi (бұдан әрi - "АҚБЖ" жүйесi).
      "АҚБЖ" жүйесi мыналарға арналған:
      халықаралық және қалааралық тасымалдаулардың ұйымдастырылуын жетiлдiруге;
      көлiк қызметтерi рыногының тиiмдiлiгiн арттыруға;
      жолдарды ұтымды әрi тиiмдi пайдалануға;
      тасымалдаушылардың көлiк заңдары мен Жол қозғалысы ережелерiн сақтауына бақылау жасауды жетiлдiруге;
      жүргiзушiлерге ақпараттық қызмет көрсетуге және көлiк құралдарының сақталымын қамтамасыз етуге арналған.
      "АҚБЖ" жүйесiн әзiрлеу негiзiне мынадай басты принциптер алынған:
      1. Қазақстан аумағындағы, қалалар мен елдi-мекендердi қоса алғанда барлық автожолдар бiрыңғай бақыланатын кеңiстiк ретiнде қаралады.
      2. Үлгiсiне, түрiне және тиесiлiлiгiне қарамастан халықаралық және қалааралық тасымалдауларды жүзеге асырушы барлық автокөлiк құралдары бақылау объектiлерi болып табылады.
      3. Жүйенiң жұмыс iстеуi республика жолдарындағы автокөлiк құралдарының қозғалысын автоматтандырылған қашықтықтан бақылау мен есепке алу процесiн бiлдiредi.
      4. Ақпараттық технология мен техникалық база перспективалық талаптарға сәйкес болуы және жүйенi жетiлдiру мен дамытудың мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
      5. Жүйенiң элементтiк базасы стандарттау, бiрдейлендiру талаптарына сәйкес болуы және оны радиоэлектрондық бейiндегi отандық кәсiпорындарда сериялық шығару мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
      6. Жүйенi құру кезiнде қазiргi бар автокөлiк кешенiнiң құрылымы және телекоммуникациялар мен байланыстың қазiргi бар мүмкiндiгi барынша пайдаланылуы тиiс.
      7. Жүйенi әзiрлеу мен оны өндiру шешiлетiн мiндеттердiң басымдығы, қажеттi құралдарды тартудың және қолданылып жүрген заңдардың мүмкiндiгi ескерiле отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы тиiс.
      "АҚБЖ" жүйесiн құру үш кезеңнен тұрады:
      I кезең - Қазақстан Республикасындағы халықаралық автомобиль тасымалдаулары кезiнде көлiк құралдарын және жүк қозғалысын бақылау мен ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн әзiрлеу мен енгiзу;
      II кезең - қалааралық тасымалдаулар кезiнде көлiк құралдары мен жүк қозғалысын бақылау мен ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн әзiрлеу мен енгiзу;
      III кезең - қалалық және қала маңындағы автокөлiк құралдары мен жүк қозғалысын ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн әзiрлеу мен енгiзу.

      1-кестеде көрсетiлген жалпы сипаттамасы келтiрiлген.
      "АҚБЖ" жүйесiнде мыналар көзделуi тиiс:
      көлiк құралдары жабдықталатын пластикалық кәртiшке түрiнде (smart-cart типi) орындалған, көлiк құралдарының электронды төлқұжаты (КҚЭТ) - кодталған ақпараттың ауысымды таратқышы бар автоматты қашықтық бiрдейлендiрмелер (АҚБ);
      автоматты бақылау пункттерi (АБП), олар автотұрақтарда, автопарктерде, көше қиылыстарында автожолдар бойында немесе Мемлекеттiк автоинспекциясы патруль қызметiнiң жылжымалы құралдарында орналасады және АҚБ-дан кодталған ақпаратты қашықтық қабылдауды қамтамасыз етедi;
      жүйе элементтерi мен пайдаланушылар арасында ақпараттық өзара iс-әрекеттi қамтамасыз етушi орталық диспетчерлiк пунктi (ОДП), бақылау-диспетчерлiк пункттерi (БДП) және телекоммуникациялық желi (ТЖ).
      Жүйе схемасының құрамы мен жұмысы 1-суретте келтiрiлген.

      II. Жүйенiң мақсаттары мен шешетiн мiндеттерi

      "АҚБЖ" жүйесiнiң мақсаттары мен шешетiн мiндеттерi сондай-ақ өзiнiң пайдаланушыларына көрсететiн қызметтерi 2-кестеде келтiрiлген.
      "АҚБЖ" жүйесi:
      көлiк құралдарын жүргiзушiлердi жол желiлерiнiң жай-күйi, ауа-райы мен бағыт алған маршрутының жағдайы туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз етуге;
      жүк жөнелтушiлер мен жүк алушыларды халықаралық және қалааралық тасымалдаулар кезiнде көлiк құралдары мен жүктердiң тұрған жерi мен жай-күйi туралы жедел хабарландыруға;
      көлiктiк-экспедиторлық және жалдаушы фирмаларға тiкелей және қайтар бағытта көлiк құралының тиiмдi пайдаланылуын, бос тұруын азайту, көлiк операцияларының тиiмдiлiгiн арттыруда жұмыспен ұтымды қамтамасыз етудi жоспарлау үшiн көлiк құралының қозғалысы туралы хабарлап отырады;
      Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы қызметiнiң саласында мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн:
      а) қозғалыс қауiпсiздiгiн арттыру үшiн жүргiзушiлердiң Жол қозғалысы ережелерiнiң талаптарын сақтауын бақылау;
      б) көлiк құралдарының тиесiлiлiгiне қарамастан оларды айдап алып кету (ұрлауды) болдырмау үшiн автокөлiктiң заңсыз пайдаланылуына жедел бақылау жасау;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетiне кеден қызметiнiң алдында тұрған мiндеттерiн тиiмдi шешу үшiн көлiк құралдары қозғалысының маршруттары, жүк жеткiзу мерзiмi туралы ақпарат пен қажеттi ақпарат беру.
      Жүйенiң принциптi ерекшелiгi бақылау операцияларының барлығы жүргiзушiнiң қатысынсыз көлiк құралының қозғалысы процесiнде қашықтықтан жүзеге асырылады. Бұл көлiк құралдарын тиiстi тексеру үшiн тоқтату қажеттiгiн және жүргiзушiлердi тiкелей мiндеттерiн орындаудан назарын бөлудi болдырмайды.
                                                 1-кесте



                  Кезеңдердiң негiзгi сипаттамалары

____________________________________________________________________
  N  |   Негiзгi жұмыс бағыттары |Бақыланатын|Бақыланатын|Кезеңдердi
кезең|                           |аумақ      |көлiк құ.  |iске асыру
     |                           |           |ралдарының |мерзiмi
     |                           |           |саны (бiрл.|
     |                           |           | iк)       |
_____|___________________________|___________|___________|__________
     |                           |           |           |
  I  |Қазақстан Республикасындағы|Республика.|  20 000   |  3 жыл
     |халықаралық автомобиль та. |лық маңызы |           |
     |сымалдаулары кезiнде көлiк |бар автома.|           |
     |құралдары мен жүк қозғалы. |гистральдар|           |
     |сын бақылау жүйесiн әзiрлеу|Ұзындығы   |           |
     |мен ендiру                 |L=13 000 км|           |
_____|___________________________|___________|___________|__________
  II |Қазақстан Республикасындағы|Облыстық   | 550 000   |  4 жыл
     |халықаралық автотасымалдар |маңызы бар |           |
     |кезiнде көлiк құралдары мен|автожолдар |           |
     |жүк қозғалысын бақылау және|Ұзындығы   |           |
     |ақпараттық қамтамасыз ету  |L-40 000 км|           |
     |жүйесiн әзiрлеу мен ендiру |           |           |
     |(жұмыстар бiрыңғай жүйеге  |           |           |
     |енгiзiле отырып, аймақтар  |           |           |
     |бойынша орындалады)        |           |           |
_____|___________________________|___________|___________|__________
 III |Жүктер мен жолаушыларды    |Қалалар мен|1 600 000  | 2-3 жыл
     |қалалық және қала маңындағы|елдi-мекен.|           |
     |тасымалдаулар кезiнде көлiк|дердiң     |           |
     |құралдарының қозғалысын    |жолдары    |           |
     |бақылау және ақпараттық    |           |           |
     |қамтамасыз ету жүйесiн     |           |           |
     |әзiрлеу мен енгiзу (жұмыс. |           |           |
     |тар жекелеген қалалар мен  |           |           |
     |елдi-мекендер бойынша      |           |           |
     |орындалады)                |           |           |
_____|___________________________|___________|___________|__________


                                                     2-кесте



           Мақсаттар, мiндеттер мен көрсетiлетiн қызметтер

____________________________________________________________________
Рет| Мақсаттар |       Жүйенiң шешетiн мiндеттерi       |Көрсетiлетiн
 NN|           |________________________________________|қызметтер
   |           | I кезең   |    II кезең |   III кезең  |
___|___________|___________|_____________|______________|____________
 1 |Халықаралық|1. Жол желiлерi, гидроме.|              |Жол желiлерi,
   |және қала. |теорологиялық жағдайлар  |              |ауа-райы, жол
   |аралық     |мен жол жағдайының жай-  |              |жағдайы тура.
   |тасымалдау.|күйi туралы деректердi   |              |лы жедел
   |ларды ұйым.|жинау                    |              |ақпарат беру
   |дастыруды  |2. Жол жағдайы мен көлiк |              |Жүк тасыма.
   |жетiлдiру  |құралдарының параметрле. |              |лындағы
   |           |рiн ескере отырып, авто. |              |ұтымды мар.
   |           |көлiк тасымалдауларын    |              |шруттар тура.
   |           |маршруттандыру           |              |лы ақпарат
   |           |3. Жүк тасымалдауды жүзе.|              |беру
   |           |ге асырушы көлiктердi    |              |Жөнелтушiлер.
   |           |қарау                    |              |ге, жүк алу.
   |           |- республи. |- облыстық  |              |шыларға, кө.
   |           |калық маңызы|маңызы бар  |              |лiк иелерiне
   |           |бар жолдарда|жолдарда    |              |көлiк құралы
   |           |            |            |              |мен жүктердiң
   |           |            |            |              |тұрған жерi
   |           |            |            |              |мен жай-күйi
   |           |            |            |              |туралы жедел
   |           |            |            |              |хабар беру
___|___________|____________|____________|______________|____________
 2 |Көлiк      |Жүктердi тасымалдаулар   |              |Машина иелерi
   |қызметi    |кезiнде автомобиль жұмы. |              |мен көлiктiк-
   |нарқының   |сын есепке алу, талдау   |              |экспедиторлық
   |тиiмдiлiгiн|және бақылау             |              |кәсiпорындар.
   |арттыру    |шетелдiк    |отандық     |              |ға жүк тасы.
   |           |автотасымал.|автотасымал.|              |малына сұра.
   |           |даушылармен |даушылармен |              |нысы және
   |           |            |            |              |көлiк, авто.
   |           |            |            |              |көлiктi
   |           |            |            |              |тiкелей және
   |           |            |            |              |қайтар бағыт.
   |           |            |            |              |та жұмыспен
   |           |            |            |              |қамтамасыз
   |           |            |            |              |ету, бос
   |           |            |            |              |тұрып қалушы.
   |           |            |            |              |ғылын азайту
   |           |            |            |              |және т.б.,
   |           |            |            |              |жоспарлау
   |           |            |            |              |мүддесiнде
   |           |            |            |              |оның қозғалы.
   |           |            |            |              |сы туралы
   |           |            |            |              |ақпарат беру
___|___________|____________|____________|______________|____________
 3 |Жолдарды   |Республика автожолдарында|              |Қалыпқа кел.
   |пайдалану  |көлiк құралдары қозғалы. |              |тiру жұмыс.
   |мен        |сының жиiлiгi туралы     |              |тарын жос.
   |сақтаудың  |деректер жинау           |              |парлау мен
   |тиiмдiлiгiн|                         |              |қаржыландыру
   |арттыру    |                         |              |жол желiле.
   |           |                         |              |рiнiң дамуын
   |           |                         |              |негiздеу
   |           |                         |              |мүддесiнде
   |           |                         |              |жолдағы нақ.
   |           |                         |              |ты көлiктiк
   |           |                         |              |жүктелiм
   |           |                         |              |туралы
   |           |                         |              |хабарлау
___|___________|_________________________|______________|____________
 4 |Автотасы.  |1. Халықара.|Лицензия бар екендiгiн және|Бақылау тұ.
   |тасымалдау.|лық жүк     |оның автотасымалдаушының   |рақты немесе
   |шылардың   |тасымалдау. |қызметiне сай болуын       |жүргiзушiнiң
   |көлiк      |ларын жүзеге|бақылау                    |қатысынсыз
   |заңдарын   |асыру кезiн.|                           |көлiк құра.
   |сақтауын   |де құжаттар.|                           |лының қозға.
   |бақылау    |дың талап.  |                           |лысы кезiнде
   |           |тарға сәйкес|                           |қашықтықтан
   |           |болуын бақы.|                           |жүзеге асы.
   |           |лау         |                           |рылады
   |           |2. Маршрут. |Лицензиямен рұқсат берiлген|(яғни, тек.
   |           |тың сақта.  |автотасымалдаушының қызмет |серу үшiн
   |           |луын бақылау|аясын сақтауын бақылау     |көлiктi тоқ.
   |           |3. Қазақстан|Автотасымалдаушының қызмет.|тату және
   |           |аумағында   |ке лицензиямен рұқсат      |жүргiзушiнi
   |           |болудың рұқ.|етiлген мерзiмдi сақтауын  |өзiнiң тiке.
   |           |сат етiлген |бақылау                    |лей мiндет.
   |           |мерзiмiн    |                           |терiн орын.
   |           |сақтау      |                           |даудан уақы.
   |           |            |                           |тын алу
   |           |            |                           |болмайды)
___|___________|____________|___________________________|
 5 |Жол қозға. |            |1. Көлiк құралының жүргiзу.|
   |лысы ереже.|            |шiсiнде құжаттарының тiрке.|
   |лерiнiң    |            |луiн бақылау (ЖҚЕ 3.1,     |
   |(ЖҚЕ)      |            |3.2 т.т.)                  |
   |сақталуына |            |2. Көлiк құралының Мемавто.|
   |бақылау    |            |инспекцияда тiркеу талапта.|
   |жасау      |            |рының орындалғанын бақылау |
   |           |            |(ЖҚЕ 26.1, 26.2 тт)        |
   |           |            |3. Көлiк құралының мемле.  |
   |           |            |кеттiк кезеңдi техникалық  |
   |           |            |қарап-тексеруден өтуi      |
   |           |            |жөнiндегi талаптарының     |
   |           |            |орындалуын бақылау         |
   |           |            |(ЖҚЕ 25.3 т.)              |
___|___________|____________|___________________________|___________
 6 |Жүргiзушi. |1. Автожолдардағы авариялар мен оқиғалар|Күтпеген
   |лерге көмек|жөнiнде дабылдарды қабылдау мен жеткiзу |жағдайларда
   |көрсету    |                                        |көлiк құрал.
   |және көлiк |            |                           |дарының жүр.
   |құралының  |            |                           |гiзушiлерiне
   |сақталуын  |            |                           |жедел көмек
   |қамтамасыз |            |                           |көрсету
   |ету        |            |2. Автомобильдердi рұқсат. |Айдап алып
   |           |            |сыз пайдалану және оның    |кетiлген
   |           |            |тұрған жерi туралы дабыл   |автомобиль.
   |           |            |хабарын қабылдау           |дердi iздеу
   |           |            |                           |мен қайтару,
   |           |            |                           |автокөлiк
   |           |            |                           |құралдарының
   |           |            |                           |ұрлануын
   |           |            |                           |болдырмау
___|___________|____________|___________________________|___________

               N 1-сурет. Автокөлiктi бақылаудың автоматтандырылған 
                          ақпараттық жүйесi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады