"Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 23 мамырдағы N 8 655

      "Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3529 U973528_ Жарлығын орындау үшiн және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      мыналардың:
      1) Алматы облысы бойынша:
      таратылған Капал ауданының Арасан, Егiнсу, Қапал, Қызылағаш, Көшкентал, Молалы, Суықсай селолық округтерiнiң аумақтары қосылып Ақсу ауданының;
      Таратылған Үйгентас ауданының аумағы қосылып Алакөл ауданының;
      таратылған Күртi ауданының Ақжар, Желтораңғы, Құйған, Сарыкөмей

және Топар селолық округтерiнiң аумақтары қосылып Балқаш ауданының;
     таратылған Шелек ауданының аумағы қосылып Еңбекшi қазақ
ауданының;
     таратылған Күртi ауданының Айдарлы, Бозой, Сарытауқұм, темiржол
селолық және Үлкен поселкелiк округтерiнiң аумақтары қосылып Жамбыл
ауданының;
     таратылған Күртi ауданының Күртi селолық округiнiң аумағы
қосылып Iле ауданының;
     таратылған Гвардия ауданының аумағы қосылып Кербұлақ ауданының;
     таратылған Қапал ауданының Қоңыр және Целинный селолық
округтерiнiң аумақтары қосылып Талдықорған ауданының;
     2) Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
     таратылған Шұбартау ауданының аумағы қосылып Аягөз ауданының;
     таратылған Шар ауданының аумағы қосылып Жарма ауданының;
     Тарбағатай ауданы Шiлiктi селолық округiнiң аумағы қосылып
Зайсан ауданының;
     өзiне бағынысты аумақтарымен бiрге Серебрянка қаласының аумағы
қосылып Зырян ауданының;
     таратылған Большенарым ауданының аумағы қосылып Катонқарағай
ауданының;
     таратылған Самар ауданының аумағы қосылып Көкпектi ауданының;
     таратылған Марқакөл ауданының аумағы қосылып Күршiм ауданының;
     таратылған Ақсуат ауданының аумағы қосылып Тарбағатай ауданының;
     таратылған Таврия ауданының аумағы қосылып Ұлан ауданының;
     таратылған Мақаншы ауданының аумағы қосылып Үржар ауданының;
     3) Қарағанды облысы бойынша:
     таратылған Тоқырауын ауданының аумағы қосылып Ақтоғай ауданының;
     таратылған Тельман ауданының аумағы қосылып Бұқар жырау
ауданының;
     таратылған Қазыбек би ауданының аумағы қосылып Қарқаралы
ауданының;
     таратылған Теңiз ауданының аумағы қосылып Нұра ауданының;
     таратылған Молодежный ауданының аумағы қосылып Осакаров
ауданының;
     таратылған Жездi ауданының аумағы қосылып Ұлытау ауданының;
     таратылған Ағадыр ауданының аумағы қосылып Шет ауданының;
     4) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша:
     таратылған Возвышен ауданының аумағы қосылып Булаев ауданының;
     таратылған Преснов ауданының аумағы қосылып Жамбыл ауданының
шекаралары өзгертiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады