Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 23 мамыр N 876. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.20. N 1622 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 Жарлығының U973377_ негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:

 

     Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi

туралы ереже;

     Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң

қарауындағы мекемелер мен ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

     2. "Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар

министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қарашадағы N 1385 қаулысының (Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 46, 447-құжат) күшi жойылған деп

танылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



                                       Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 23 мамырдағы

                                          N 876 қаулысымен

                                             бекiтiлген


               Қазақстан Республикасының Экология және

       биоресурстар министрлiгi (Экобиоресурстарминi) туралы

                               ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер


 
       1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын пайдалануға мемлекеттiк ведомстволық басқару мен бақылаудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи ортаның гидрометеорологиясы мен мониторингi жөнiндегi орталық атқарушы орган болып табылады.
      2. Министрлiк аумақтық органдар мен ведомство қарамағындағы мекемелер мен ұйымдарды басқарады.
      3. Министрлiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Министрлiк және оның аумақтық органдарының өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, ұйымдарының, олардың ведомстволық бағыныштылығы мен меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
      5. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бюджеттiк банкiнде бюджеттiк және ағымдағы шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар.
      6. Министрлiктiң орталық аппаратының құрылымы мен штаттағы адам санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      7. Министрлiк пен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн қаржыландыру және оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
 
      II. Негiзгi мiндеттерi
      8. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң негiзгi мiндеттерi:
      қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын пайдалану, табиғи ортаның гидрометеорологиясы мен мониторингi саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
      қоршаған ортаны қорғауға, биологиялық ресурстардың ұлғайтылуы мен пайдаланылуына, Қазақстан Республикасының экологиялық заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттiк және ведомстволық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану табиғи ортаның гидрометеорологиясы мен мониторингi саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргiзу;
      экономика салалары мен мемлекеттiк басқару органдарын гидрометеорологиялық жағынан қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыру;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiнде жоспар және болжамдар, табиғи ресурстардың ұлғайтылуы мен ұтымды пайдаланудың мақсатты бағдарламасын әзiрлеу;
      қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану жөнiндегi республикалық бюджет құрылымы мен заң актiлерiнiң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсыныс енгiзу;
      экологиялық бiлiм мен мәдениет деңгейiн көтеру және насихаттау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлiгi жүйесi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру, үздiксiз экологиялық бiлiм беру жүйесiнiң дамытылуына жәрдемдесу;
      қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын пайдалану, табиғи ортаның гидрометеорологиясы мен мониторингi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
 
      III. Функциялары
      9. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi:
      а) қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, табиғи ортаның гидрометеорологиясы мен мониторингi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен объектiлердегi ғылыми қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырады;
      б) мемлекеттiк және аумақтық экологиялық бағдарламалардың жасалуын ұйымдастырады әрi олардың орындалу барысын бақылайды;
      в) табиғатты пайдаланудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      г) табиғатты қорғау заңдарының қолданылу практикасын талдап, қорытады, оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заңдылық және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерi жобаларының әзiрленуiне қатысады, оларды Үкiметтiң қарауына енгiзедi;
      д) халықаралық шарттар мен келiсiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      е) республиканың өзендерiнде, су қоймаларында, басқа да су тоғандарында және iшкi теңiз суларында өз құзыреттерi шегiнде кiшiгiрiм кемелердiң дұрыс пайдаланылуына қадағалау ұйымдастырады;
      е) мемлекеттiк экологиялық бақылау, биологиялық ресурстарды қорғау, ұлғайту мен пайдалану, табиғи ортаның гидрометеорологиясы мен мониторингi саласындағы жұмыстардың үйлестiрiлуiн жүзеге асырады;
      ж) мыналарға:
      жоспарлау, жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттамалардың барлық түрлерiне, өндiргiш күштердi дамыту мен орналастыру болжамдары мен схемаларының жобаларына, экологиялық және өзге де бағдарламаларға, қызметтiң негiзгi бағыттарының тұжырымдамаларына, меншiк түрiнiң өзгеруiне қатысты мемлекеттiк шарттарға, контрактiлерге және жекешелендiрудiң басқа да түрлерiне;
      аумақтарды экологиялық жағынан оңалту мен жердi қалпына келтiру жобаларын қосқанда, суды, орманды, жер, өзге де табиғат ресурстарын қорғау мен пайдаланудың кешендi схемаларына;
      кәсiпорындарды, объектiлер мен кешендердi, үйлер мен ғимараттарды орналастыруға, салуға, қайта жаңартуға, дамытуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта бейiмдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негiздемелерi (есептеулерi) мен жобаларына, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi ресурстарын өндiру мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелерге;
       жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, соның iшiнде шет елдерден сатып алынатындарына қойылатын экологиялық талаптарды негiздейтiн құжаттамаға, табиғи ресурстарды тартып алуға (пайдалануға) рұқсаттамалар (лицензиялар) берудi негiздейтiн құжаттамаға;
      шаруашылық қызметiн жүзеге асыру кезiнде қоршаған орта мен халықтың денсаулығын қорғау (экологиялық аудит) жөнiндегi талаптардың табиғаты пайдаланушылар тарапынан орындалуын бағалау материалдарына;
      шаруашылық немесе өзге де қызметтi жүзеге асырған кезде экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге қатысты заңдылық, нормативтiк-құқықтық, нормативтiк-техникалық және нұсқамалық-әдiстемелiк актiлердiң жобаларына;
      қауiптi табиғи құрылыстардың, шаруашылық немесе өзге қызметтiң нәтижесiнде пайда болған аймақтағы экологиялық ахуалды тексеру материалдарына;
      бақылаушы органдар мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмiне сәйкес қоршаған ортаның жағдайын зиянды әсер етiп отырған қазiргi кәсiпорындардың әрекетiн бағалау жөнiндегi құжаттамаға;
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының шешiмi бойынша өзге де материалдар мен құжаттамаларға;
      мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастырып, жүргiзедi.
 
      IV. Құқығы
      10. Министрлiктiң мыналарға:
      министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен ұйымдардан, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан, заңды және жеке тұлғалардан қоршаған табиғи орта мен табиғат ресурстарын пайдалану мәселелерi бойынша мемлекеттiк экологиялық саясатты жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпараттарды алуға;
      өз құзыры шеңберiнде табиғатты қорғау талаптарын бұзушыларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолдануға;
      шаруашылық және өзге де қызметтi, оның iшiнде табиғат қорғау заңдарында белгiленген талаптарды орындамаған объектiлердi жобалауды, салуды, қайта жаңартуды, iске қосуды, пайдалануды шектеуге тоқтата тұруға және тыйым салуға;
      табиғатты қорғау заңдары талаптарының бұзылуы туралы iстер бойынша соттық қаралымдарда талапкер және жауапкер болуға;
      жануарлар дүниесiн пайдаланушылармен шарттар жасасуға;
      суларды арнайы пайдалануына, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша экологиялық жағынан қауiптi заттарды және табиғат ресурстарының жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасына әкелуiне және одан тысқары әкетiлуiне рұқсаттамалар берiлуiне мүдделi министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға келiсiм беруге;
      өз құзыры шегiнде қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану мәселелерi жөнiнде лауазымды адамдар, заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдiктер де орындау үшiн мiндеттi нормативтiк-құқықтық актiлердi және әдiстемелiк құжаттарды, нұсқаулықтар мен ережелердi әзiрлеп, бекiтуге;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру және кешендi сипаттағы басқа да жұмыстардың мемлекеттiк тапсырыс берушiсi болуына;
      министрiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де орталық атқарушы органдарымен және облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып табиғи және антропогендiк әрi өзге де факторлардан туындаған табиғи гидрометеорлогиялық құбылыстар мен табиғи орта жағдайының басқа да өзгерiстерi зардаптарының тексерiлуiне қатысуға;
      гидрометеорология саласындағы проблемалар жөнiнде консультациялар беру, оларды зерделеу мен шешу үшiн және табиғи ортаның жағдайын байқау үшiн ғалымдарды, мамандар мен сарапшыларды тартуға;
      республикалық қоршаған ортаны қорғау қорының қаражатын белгiленген тәртiппен қалыптастыруға және жұмсауға, жергiлiктi қоршаған ортаны қорғау қорлары қаражатының және басқа да қаражаттың нысаналы түрде пайдаланылуын бақылауға құқығы бар.
 
      V. Қызметтi ұйымдастыру
      11. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi мен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.
      12. Мемлекеттiк экологиялық бақылауын, сондай-ақ жануарлар дүниесiн (соның iшiнде балықтар мен басқа да су жануарларын) қорғау, ұлғайту мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды тiкелей жүзеге асыратын министрлiк жүйесiнiң қызметкерлерi айырым белгiлерi бар киiм-кешекпен және бiрыңғай үлгiдегi қызметтiк куәлiктерiмен қамтамасыз етiледi.
      13. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiн Министр басқарады, Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      Министрдiң орынбасары - Вице-Министр болады, оны Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      14. Вице-Министр Министр болмаған уақытта орнын басады, Министр оған жүктеген министрлiктiң орталық аппаратындағы және ведомстволар қызметiн үйлестiрiп, өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
      15. Министр:
      министрлiктiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi және министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына әрi оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi;
      өз орынбасарының, агенттiктер директорларының және орталық аппараттың құрылымдық бөлiмдерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiк аясын белгiлейдi;
      бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi;
      Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi орталық аппаратының штаттық кестесiн, облыстық экология және биоресурстар басқармаларының құрылымдары мен олар туралы ережелердi бекiтедi;
      министрлiктiң орталық аппаратының белгiленген адам саны және қызметкерлерге еңбек ақы төлеу қоры шегiнде үстемелердiң, сыйлықтардың және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдердiң мөлшерiн белгiлейдi;
      бөлiмшелердiң есептерiн және министрлiк жүйесi бойынша балансты бекiтедi әрi қызмет нәтижелерi бойынша қажеттi шешiмдер қабылдайды;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Министрлiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, облыстық, Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармалары басшыларын, орынбасарларын, биоресурстарды қорға, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi бассейндiк (облысаралық) басқармаларының бастықтарын, ғылыми және өндiрiстiк ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және одан босатады;
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      16. Биологиялық ресурстарды мемлекеттiк экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту және пайдалану жөнiндегi агенттiктiң директоры қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк инспекторы, облыстық /қалалық/ биологиялық ресурстарды мемлекеттiк экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту және пайдалану жөнiндегi экобиоресурстар басқармаларының бастықтары тиiсiнше облыстың /қаланың/ бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      17. Министрлiктiң лауазымы бойынша сараптама бөлiмшесiнiң жетекшiсi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық сарапшысы болып табылады. Сараптама бөлiмшелерiнiң жетекшiлерi ауданның, қаланың, облыстың бас мемлекеттiк экологиялық сарапшылары

 

болып табылады.

     18. Министрлiк жанынан консультациялық-кеңесшi орган - алқа

құрылады, оның шешiмдерi Министрдiң бұйрықтарымен iске асырылады.

Алқаның сандық құрамын Үкiмет бекiтедi. Алқаның дербес құрамын

Министр бекiтедi.

     19. Қоршаған ортаның келелi мәселелерiн қарау мақсатында

министрлiк ғылыми-техникалық кеңес, мемлекеттiк экологиялық сараптама

кеңесiн, басқа да кеңестер мен жұмыс топтарын құрады.

     Кеңестер туралы ережелердi және олардың дербес құрамын Министр

бекiтедi.



                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 23 мамырдағы

                                          N 876 қаулысымен

                                             бекiтiлген


        Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар

             министрлiгiнiң жүйесiне кiретiн мекемелер

                             мен ұйымдар

                               ТIЗБЕСI


     "Қазмеханобр" қолданбалы экологияның мемлекеттiк

ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi, Алматы қаласы

     Кiшiгiрiм кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы

     "Атамекен" газетiнiң редакциясы

     "Экологический курьер" газетiнiң редакциясы






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады