"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк аумақтық құрылысының өзгертiлуiне байланысты кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3523 өкiмiн жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 26 мамырдағы N 880

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының өзгертiлуiне байланысты кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 3523 N973523_ өкiмiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп:
      1997 жылға арналған облыстық бюджеттердi нақтылау кезiнде олардың жұмыс iстеуiнiң дотациясыз режимiн сақтай отырып жалпы республикалық және жергiлiктi салықтардан Арқалық, Жезқазған, Көкшетау, Семей және Талдықорған қалаларының бюджеттерiне аударулардың бұрын белгiленген нормативтерiнiң азаюына жол бермесiн;
      мемлекеттiк органдардың аппараттарын қысқарту кезiнде босаған қаражатты зейнетақылар мен бюджеттiк ұйымдарға жалақы төлеу жөнiндегi берешектердi өтеуге бағыттасын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi мемлекеттiк жоғары оқу орындары мен соғыс және еңбек ардагерлерiне, зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетiге арналған әлеуметтiк сала мекемелерiне, сондай-ақ соттар мен құқық қорғау органдарына беру үшiн таратылған облыстар бойынша мемлекеттiк органдардың босаған үйлерiн тиiмдi пайдалану жөнiнде шаралар қолдансын.
      3. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Бiлiм және мәдениет министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде таратылған облыстардың өзiнiң мәртебесi мен тиiстi қаржыландырылуын сақтаған мемлекеттiк денсаулық сақтау, бiлiм, спорт, мәдениет және өнер мекемелерiнiң тiзбесiн айқындасын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдың 1 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстердi ескере отырып жергiлiктi атқару органдарының құрылымын, штаттық санын және оларды ұстауға арналған лимиттердi айқындасын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп таратылған облыстарға 1997 жылға көзделген инвестициялардың көлемiн сақтасын және оларды Арқалық, Жезқазған, Көкшетау, Семей және Талдықорған қалаларын элеуметтiк-экономикалық дамытудың перспективалық бағдарламаларын жүзеге асыру үшiн қосымша тарту жөнiнде шаралар қолдансын.
      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi пен Экономика министрлiгi 1997 жылдың 1 маусымына дейiн бiрқатар аймақтарды таратуға байланысты жергiлiктi өкiлдi органдардың өтпелi кезеңге арналған өкiлеттiктерiн атқаруын қамтамасыз ететiн тиiстi өзгерiстердi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңы жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
      7. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi:
      1) 1997 жылдың 20 маусымына дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне таратылған облыстардағы босаған мемлекеттiк қызметкерлердi мемлекеттiк органдардағы бос лауазымдарға барынша пайдаланып еңбекке орналастыру және оларға көзделген жеңiлдiктер мен өтемақыларды ұсыну туралы ақпарат ұсынсын;
      2) бiр ай мерзiм iшiнде Үкiметке:
      әрбiр берiлетiн үйдiң мақсатты арналуы, тиiстi қайта жаңарту жүргiзу, қажеттi жабдықтармен жарақтандыру үшiн қаражат қажеттiлiгi және шығындарды тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырудың көздерi туралы;
      таратылған облыстардағы қалалық атқарушы органдарды, ұлттық қауiпсiздiк, прокуратура, Тергеу комитетi және iшкi iстер органдарын материалдық нығайту жөнiндегi шаралар туралы;
      таратылған облыстардағы мемлекеттiк органдардың көрсетiлген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн пайдалануы мүмкiн емес үйлерi мен басқа да объектiлерiн заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асыру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады