1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Богатырь" кенiшiнiң республикалық бюджет алдындағы заңды тұлғалардан қосылған құнға салынатын салық және табыс салығы бойынша 135 (жүз отыз бес) млн. теңге берешегiне өтеу жүргiзсiн;
аталған сома республика ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң лизинг шартында "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының трактор беру жөнiндегi шараларды ұйымдастыру үшiн Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорын қаржыландыру есебiне есептесiн.
Берешектi есептеу аталған сома 1997 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамымен, "Богатырь" кенiшiмен және лизинг берушiлермен бiрлесiп есеп жүргiзу үшiн өзара берешектердi салыстыру актiлерiн ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi