Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi екi жыл және одан да көп мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудiң ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 10 маусымдағы N 945. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.08. N 941 қаулысымен.

      Мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногын диверсификациялау мақсатында және республикалық бюджеттiң тапшылығын инфляциялық емес жабу көздерiнiң үлесiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi екi жыл және одан да көп мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн (бұдан әрi қазынашылық мiндеттемелер) шығару, айналысқа қосу және өтеу ережесі бекiтiлсiн.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен .
        2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық Банкiмен бiрлесiп (келiсiм бойынша), қаржы агентi ретiнде республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген үкіметтік борыш лимитінің шегінде қазынашылық міндеттемелерді пайдалана отырып қарыз алуды жүзеге асыруды ұйымдастырсын.<*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437   қаулысымен .  
     3. Қазынашылық мiндеттемелердi бастапқы орналастырудан алынған қаражат республикалық бюджетке түседi деп белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң               
1997 жылғы 10 маусымдағы        
N 945 қаулысымен            
бекiтiлген                

       Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi екi жыл және 
        одан да көп мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық
        мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа қосудың және
                      өтеудiң ережесі<*>

      ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен .

                         I. Жалпы ережелер 

       1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында айналыс мерзiмi екi жыл және одан да көп мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелерiн (бұдан әрi - қазынашылық мiндеттемелер) шығарудың, айналысқа қосудың және өтеудiң тәртiбiн айқындайды. Айналыс мерзімі алты айға еселенген болуы тиіс.<*> 
      "Мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық мiндеттеме" деген атау орыс тiлiнде "государственное среднесрочное казначейское обязательство" (ГСКО) деп аталады. 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен .
        2. Қазынашылық мiндеттемелер мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады, оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шығарады және олар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар рыногында еркiн айналыста болады. 
      3. Қазынашылық мiндеттемелерi бейқұжат (материалдық емес) нысанда шығарылады, қаржы агентiнiң депозитариiнде және бастапқы дилердiң қайталама депозитарилерiнде оларды ұстаушылардың депошоттары бойынша тиiстi жазбалар жүргiзу жолымен орналастырылады және айналыста болады. 

       II. Қазынашылық мiндеттемелердi шығару 

       4. Әрбiр шығарылымның Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретiн ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi болады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369 
қаулысымен .
         5. Мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелердi орналастыруды, айналысқа қосу мен өтеудi жүзеге асыратын қаржы агентi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болады, эмитент Қаржы министрлiгi болады, Эмитент пен қаржы агентiнiң арасындағы өзара қарым-қатынастар осы Ережемен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен, қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру мен айналысқа шығаруға қызмет көрсету туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Ұлттық Банкiнiң арасында жасалатын келiсiммен және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледi. 
      6. Қазынашылық мiндеттеменiң нақты құны - 1000 теңге. 
      7. Қазынашылық мiндеттемелер ең аз ставкадан бастап эмиссияның белгiлеген көлемiне жеткенге дейiн қатысушылардың өтiнiмiн қанағаттандыру жолымен аукциондық негiзде сатып алушылардың ұсыныстары бойынша айқындалатын сыйақының жылдық ставкасымен бiрге нақты бағасы бойынша ұстаушыларының арасында орналастырылады. Берiлген өтiнiмдердi қанағаттандыру осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес белгiленген сыйақының бірыңғай ставкасы бойынша жүзеге асырылады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен .  
      8. Қазақстан Республикасының резидентi және резидентi емес заңды және жеке тұлғалар қазынашылық мiндеттемелердiң ұстаушылары бола алады. Бұл ретте қазынашылық мiндеттемелердiң аукциондарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп белгiлейтiн бастапқы дилерлер ғана тiкелей қатысады. Мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногының басқа қатысушылары (инвесторлар) аукциондарға бастапқы дилерлер арқылы ғана қатысады. 
      9. Қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақының ставкасы қазынашылық мiндеттемелердi алғашқы орналастыру жөнiндегi аукциондi өткiзу барысында белгiленедi. Сыйақының ставкасы аукционға қатысқан қатысушылардың қанағаттандырылған өтiнiмiнiң ең жоғары ставкасына тең белгiленедi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен .
      10. Сыйақыны есептеу қазынашылық мiндеттемелердi айналдыру мерзiмi шектерiнде айналысқа қосылған күннен бастап, осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес белгiленген тiркелген ставка бойынша жүргiзiледi, бұл ретте тиісті кезеңге арналған сыйақы сомасын есептеу үшін қазынашылық міндеттемелер айналысының есептік кезеңіндегі күнтізбелік күндердің саны және жылдағы 365 күн қолданылады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен .
      11. Қазынашылық мiндеттемелер бойынша сыйақы төлеу тиiстi күнге қазынашылық мiндеттемелер эмиссиясынан кейінгi әрбiр алты ай сайын аталған эмиссияның қазынашылық мiндеттемелерiнiң айналыс мерзiмiнiң шегiнде жүргiзiледi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен
      12. Қазынашылық мiндеттемелердiң әрбiр эмиссиясының көлемi мен шарттарын тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген үкіметтік борыш лимитінің және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың лимитiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтедi. Қазынашылық мiндеттемелердi бiр аукционда жеке бастапқы дилердiң немесе инвестордың сатып алуының ең үлкен көлемiн мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногындағы ахуалға қарай әрбiр аукцион үшiн жеке-жеке Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi. Резидент еместердiң аукциондарға қатысу үлесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайды.<*> 
      Өткiзiлген аукционның баға шарттары мен оның қатысушыларының өтiнiмiн қанағаттандыру көлемi бойынша шешiмдi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған шарттарға сәйкес қабылдайды. 
       ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен .
      13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi кезектi аукцион өткiзiлетiн күнге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қазынашылық мiндеттемелер аукционының өткiзiлетiн мерзiмi мен шарттарын хабарлайды, ол өз кезегiнде жетi күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей қазынашылық мiндеттемелер аукционының өткiзiлетiн уақыты мен шарттары туралы бастапқы дилерге хабарлап, онымен бiр мезгiлде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялайды. Аукциондарды өткiзудiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерімен реттеледi. 
      14. Қазынашылық мiндеттемелердi орналастыру жөнiнде аукциондарды осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногындағы ахуалға қарай айқындалатын көлемдерге сүйене отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейтiн кезеңдiлiкпен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзедi. 

       III. Қазынашылық мiндеттемелердiң айналысы және өтелуi 

       15. Қазынашылық мiндеттемелердiң айналысы республикалық бюджетке ақша түскеннен соң депо-шоты бойынша жазбалар жасалған сәттен басталады. 
      16. Қазынашылық мiндеттемелердiң ұстаушылары оларды аманатқа беруге, РЕПО операцияларын жүргiзуге, қайталама рынокта сатуға және сатып алуға құқылы. Бұл ретте инвестор сатып алу-сату, аманатқа беру және РЕПО операциялары жөнiндегi барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы жүргiзедi. 
      17. Қазынашылық мiндеттемелердi есепке алу және оның қозғалысы мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық мiндеттемелердi есепке алу құрылымына - МЕККАМ-ға сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногының әрбiр қатысушысы бойынша тiкелей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Депозитарийiндегi және бастапқы дилерлердiң субдепозитарилерiндегi депо-шоттар бойынша жүзеге асырылады. 
      18. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылық мiндеттемелердiң тиiстi шығарылымының айналыс мерзiмi бiткеннен кейiн сыйақыны түпкiлiктi төлеудiң нақты құны бойынша қазынашылық мiндеттемелерiн өтеудi жүргiзедi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен .
      19. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сыйақы есептеудің кезекті кезеңінде олардың іс жүзінде айналысты болған уақыты үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі мұндай өтеу күніне дейін 10 күнтізбелік күнде, өз кезегінде 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей ол туралы бастапқы дилерлерге хабарлайтын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жеткізіледі. Егер қазынашылық міндеттемелердің атаулы құнын мерзімінен бұрын өтеу күні немесе өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда, егер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өзгеше көздемесе, өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.<*> 
       ЕСКЕРТУ. Ереже жаңа 19-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
1999.05.06. N 538  қаулысымен .  
      ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен
      20. Қазынашылық міндеттемелермен жасалатын операциялар бойынша салық салудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 20-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 2001.04.02. N 437  қаулысымен .  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады