"Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 17 маусымдағы N 983

      "Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 17 маусымдағы N 3550 Жарлығын U973550_ атқару үшiн және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мыналардың:
      1) Ақтөбе облысы бойынша:
      таратылған Әйтеке би ауданының Ақкөл, Аралтоғай, Қайрақты,

Қызылжұлдыз селолық округтерiнiң аумақтары қосылып Әйтеке би (бұрынғы
Бөгеткөл) ауданының;
     таратылған Ақтөбе ауданының Маржанбұлақ селолық округiнiң
аумағы қосылып Алға ауданының;
     таратылған Ақтөбе ауданының Желтау селолық округiнiң аумағы
қосылып Қарғалы ауданының;
     таратылған Ақтөбе ауданының Березов, Родников селолық
округтерiнiң аумақтары қосылып Мартүк ауданының;
     таратылған Мұғаджар ауданының аумағы қосылып Мұғалжар (бұрынғы
Октябрь) ауданының;
     таратылған Әйтеке би ауданының Бөгетсай, Тасөткел селолық
округтерiнiң аумақтары қосылып Хромтау ауданының;
     шегiне, таратылған Ақтөбе ауданының Благодарный, Қарғалы,
Қурайлы, Новый селолық округтерiнiң аумақтары қосылып Ақтөбе
қаласының;
     2) Батыс Қазақстан облысы бойынша:
     таратылған Приураль ауданының аумағы қосылып Зеленов ауданының;
     таратылған Жалпақтал ауданының аумағы қосылып Казталов ауданының;
     3) Қостанай облысы бойынша:
     таратылған Амантоғай ауданының аумағы қосылып Амангелдi
ауданының;
     таратылған Октябрь ауданының аумағы қосылып Қарасу ауданының;
     4) Қызылорда облысы бойынша:


      таратылған Сырдария ауданының Айдарлы, Бесарық, Қоғалыкөл ауылдық округтерiнiң, Ленин ауылдық округiнiң Амангелдi селосының аумақтары қосылып Тереңөзек ауданының;
      таратылған Сырдария ауданының Сұлутөбе, Тартоғай ауылдық округтерiнiң аумақтары қосылып Шиелi ауданының шекаралары өзгертiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына таратылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң халқы үшiн көзделген жеңiлдiктердi сақтау бөлiгiнде өзгерiстер енгiзу туралы Заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      3. Қызылорда облысының әкiмi белгiленген тәртiппен "Қызылорда арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 8 қазандағы N 3123 Жарлығымен U963123_ бекiтілген Қызылорда арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады