Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1747 және 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 маусым N 985. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.27. N 1087 қаулысымен

      Республикада шарап жасау өнiмдерiн өндiрудi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1747 қаулысына P961747_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 516-құжат):
      аталған қаулының 1-қосымшасына:
      "Шараптар" жолындағы "0,2" саны "0,1" санымен ауыстырылсын;
      "Шарап материалдары" (Қазақстан Республикасының тауар өндiрушiлерi шарап жасау өнiмдерiн өңдеу үшiн босатқанынан басқа (олардың аталған өнiмдердi өндiруге құқығының бар екендiгiне лицензиясы болған кезде) жолындағы "0,2" саны "0,1" санымен ауыстырылсын.
      2. "Импортталатын акцизделетiн тауарларға арналған акциздердiң ставкалары және жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетен, акциз салуға жатпайтын акцизделетiн тауарлардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 907 қаулысына P970907_ :

 

     аталған қаулының 1-қосымшасына:

     "2204 (2204 30-дан басқа) Шараптар, шампан шараптары" жолындағы

"0,8" саны "0,4" санымен ауыстырылсын;

     "2205, 2206 00** шарап материалдары" жолындағы "0,8" саны "0,4"

санымен ауыстырылсын.

     3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

     4. Осы қаулы жариялауға жатады.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады