Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 19 маусым N 994. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2000.08.12. N 1253 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды – ҚР Үкіметінiң Үкіметінiң 12.08.2000. № 1253 қаулысымен.

      Сыртқы сауданы одан әрi ырықтандыру және экспорттаушылар үшiн қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ сыртқы сауданың нормативтiк базаларын қолданылып жүрген халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:

      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларының (мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда) 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап биржалық мәмiлелер жасағандығы туралы куәлiктi мiндеттi түрде ұсынбастан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысымен бекiтiлген биржалық тауарларды экспорттауды жүзеге асыруға құқығы бар деп белгiленсiн.

      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына (мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда) биржалық мәмiле жасағандығы туралы куәлiк ұсынбастан биржалық тауарларды әкетуге рұқсат етсiн";

      7, 8-тармақтар тиiсiнше 9, 10-тармақтар болып есептелсiн.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады