Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникация кешенiнiң Ақпараттық-презентация орталығы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 26 маусым N 1019. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.03.12. N 234 қаулысымен. ~P990234

      Көлiк, жол шаруашылығы және байланыс саласындағы ақпараттық-консультативтiк қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникация кешенiне инвестициялар тартуды кеңейту мен ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Алматы қаласында мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанында Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникация кешенiнiң Ақпараттық-презентация орталығын құру туралы ұсынысы қабылдансын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.09. N 651 қаулысымен.
               P980651_
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне он күн мерзiмде мемлекеттiк мекеме - Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникация кешенiнiң Ақпараттың-презентация орталығы туралы ереженi бекiту және оны құру жөнiндегi басқа да ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк-коммуникация кешенiнiң Ақпараттық-презентация орталығы Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы бойындағы 458-үйде орналастырылсын. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация кешенiнiң Ақпараттық-презентация орталығының қызметi үшiн қажеттi мүлiк беретiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады