1. "Ойлфилд Лоджистикс" акционерлiк қоғамының "Шлюмберже" компаниясына "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнымен 1996 жылғы 8 мамырдағы N ОК 21715 келiсiм-шартына сай мұнай және газ скважиналарына геофизикалық зерттеулердi орындау үшiн Қазақстан Республикасына мынадай бас иондаушы сәулелену көздерiн (СЭҚ ТН коды 2845.90900) әкелуге рұқсат берiлсiн:
Гамма - каротаж жүргiзу үшiн белсендiлiгi 1.69 Кюри цезий - 137 негiзiнде:
Гамма - калибрлеу жүргiзу үшiн белсендiлiгi 0.8 Кюри кобальт - 60 негiзiнде:
нейтронды каротаж жүргiзу үшiн белсендiлiгi 20 Кюри америций-берилий - 241-негiзiнде;
нейтронды калибрлеу жүргiзу үшiн белсендiлiгi 0,6 Кюри америций-берилий - 241-негiзiнде;
гамма - калибрлеу жүргiзу үшiн белсендiлiгi 0,5 Кюри цезий - 137 негiзiнде.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
3. Иондаушы сәулелену көздерiн әкелуге бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiкке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi