Темiр жол көлiгiнiң қуаттарын дамыту жобасын Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қорының (Жапония) заемымен қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1035

      Темiр жол көлiгiнiң қуаттарын дамыту жобасын Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қорының (Жапония) заемымен қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету және "Темiр жол көлiгiнiң қуатын арттыру жобасы жөнiндегi Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры (Жапония) займының қаражатын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 тамыздағы N 1064 қаулысына P961064_ сәйкес жұмыстың басталуын жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен Темiржол көлiгiнiң қуаттарын дамыту жобасын қоса қаржыландыру туралы несиелiк келiсiм жасассын;
      "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен бiрлесiп 1997 жылы Темiржол көлiгiнiң қуаттарын дамыту жобасын қоса қаржыландыруға қаражат бөлудiң кестесiн жасассын;
      "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына келiсiлген кестеге сәйкес 1997 жылға арналған республикалық бюджетте 1997 жылы Темiр жол көлiгiнiң қуаттарын дамыту жобасын қоса қаржыландыру мақсатына көзделген 5000000 (бес миллион) АҚШ долларына тең сомада қаражат бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
      "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен Қазақстан Эксимбанкiнiң комиссиялық төлемiнiң мөлшерiн кепiл шартын жасаспай, жылына заем сомасының 0,5% деп белгiлей отырып, Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қорының (Жапония) заемы бойынша несие шартын жасассын;
      "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына көмекшi жоба титулдары бойынша ведомстводан тыс сараптама және мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындыларын беруге рұқсат етсiн.
      3. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жобаның толық құнын қамтамасыз етуге кепiл берсiн;
      қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады