Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң сот-медицина қызметiн қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 1044

      Азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркiндiгiн қорғау, Мемлекеттiк құқық реформасының бағдарламасын жүзеге асыру, қылмысқа қарсы күрес пен құқық тәртiбiн нығайту жөнiндегi шараларды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Бас сот-медицина сараптамасы бюросы облыстық және Алматы қалалық сот-медицина сараптамасы бюролары функциональды бағындырылып, республикалық мемлекеттiк мекеме - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң сот медицина орталығы (бұдан әрi - Орталық) етiп қайта ұйымдастырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Орталық пен оның құрылымы туралы Ереженi бекiтсiн.
      3. Орталық қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн:
      белгiленген заң тәртiбiмен республиканың сот-медицина қызметiне басшылық жасау;
      соңғы сатыда қайталама, аса күрделi сараптамалар жүргiзу;
      сот-медицина және ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау;
      сот-медицина сараптамасының қазiргi заманғы әдiстерi мен әдiстемелерiн қабылдау мен құру және оларды сараптама практикасына ендiру.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi, Алматы қаласының өкiмi 1997 жылдың аяғына дейiн Алматы қаласында Орталық үшiн ғимарат бөлу туралы мәселенi шешетiн болсын.
      5. Облыстардың әкiмдерi емдеу-профилактика мекемелерiнiң жүйесiн оңтайландыруды ескере отырып, сот-медицина қызметi үшiн үй-жай бөлу және оларға қажеттi қаржылық және материалдық-техникалық көмек көрсету туралы мәселенi қарасын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады