Мемлекеттiк жоғары оқу орындарын кейiн жекешелендiрумен жалға беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 1047а

      "Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 ақпандағы N 246 қаулысын P960246_ орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1.
<*>

     2.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң  1997.08.07. N 1236
              қаулысымен.  

P971236_

 
     ЕСКЕРТУ. 1,2-тармақтар күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.18. 
              N 1192 қаулысымен.  

P991192_

        
     3. "Жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы 
N 65 қаулысына  

P970065_

  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
     "Алматы технологиялық институты" деген 9-қосымшаның қырық алтыншы
тармақшасы алынып тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1997 жылғы 2 шiлдедегi
                                          N 1047а қаулысына
                                               қосымша

               Жоғары оқу орындарын мүлiктiк жалға берудiң
                              шарттары

     Жалдаушыға қойылатын мiндеттi шаралар мыналар болып табылады:
     1. Қызметтiң негiзгi түрi ретiнде саланы сақтау.
     2. Жоғары оқу орнын бiрыңғай кешен ретiнде жалға беру.


      3. Қызметкерлердi жалға берушiнiң бастамашылығы бойынша жұмыстан босату қолданылып жүрген еңбек заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      4. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша қабылданған өтушi студенттер контингентiн оқытуды мемлекеттiк жоғары оқу орындары үшiн көзделген бюджет қаражаты есебiнен аяқтау.
      5. Жоғары оқу орнының 1997 жылғы 15 маусымдағы жай-күйi бойынша барлық берешек сомаларын өтеу.
      6. Жалдық төлем мөлшерлерiн немесе бонусты айқындау әр объектiге жеке-жеке, материалдық емес активтердiң құнын ескере отырып жүргiзiледi.
      7. Комиссияның шешiмi бойынша басқа шарттар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады