1. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiн кезең-кезеңмен жекешелендiрудiң бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. "Мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгi қор биржасында сатылатын, шаруашылық жүргiзушi объектiлер тiзбесiне енгiзiлген кәсiпорындардың мемлекеттiк акциялар пакетiнiң көлемiн айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 маусымдағы N 936 қаулысының 1-тармағы P970936_ Қазақстан Акционерлiк Халықтық
Жинақ Банкi бөлiгiнде бекiтiлген Қазақстан Акционерлiк Жинақ Банкiн кезең-кезеңмен жекешелендiрудiң бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылсын. 3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi екi апталық мерзiм iшiнде Қазақстан Акционерлiк халықтық Жинақ Банкiн қайта тiркеудi жүргiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 шiлдедегi N 1051 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiн кезең-кезеңiмен жекешелендiрудiң 1997-2001 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiн кезең-кезеңiмен жекешелендiру бағдарламасы Қазақстан Республикасының банк жүйелерiн одан әрi реформалаудың 1996-1998 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес әзiрлендi.
I. Мақсаттар мен мiндеттер
1. Осы Бағдарлама Қазақстан Халықтық Жинақ Банкiн жекешелендiру процесiнiң негiзгi кезеңдерiн, акцияларды сату тетiгiнiң негiзгi принциптерiн, инвесторлар шеңберiн, Үкiметтiң банктiң қызметiн бақылауының нысандарын айқындайды.
2. 1997-2001 жылдардағы кезеңде акциялардың бақылау пакетiн мемлекетте сақтау маңызды әлеуметтiк мәнi бар, халықтың депозиттерi рыногындағы оның рөлiне орай елiмiздiң қаржы жүйесiнде ерекше орынға ие, мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногында және жеке адамдарға қызмет көрсетуде шешушi роль атқаратын банктiң қызметiн бақылауды жүзеге асырудың қажеттiгiне байланысты болып отыр.
3. Тiкелей мемлекеттiк бақылауды азайту елiмiздiң қаржылық және банктiк жүйесiн нығайтуға, халыққа әлеуметтiк бюджеттiк төлемдердi жүзеге асырудың қажеттi тетiктерiн қалыптастыруға, мiндеттi медициналық сақтандыру мен дүниежүзiлiк стандарттарға сәйкес келетiн пластикалық кәртiшкелердi пайдалану арқылы есеп айырысулардың қазiргi заманғы төлем жүйесiнiң шеңберiнде төлемдер бойынша есеп айырысулардың тиiмдi жүйесiн құруға қарай жүргiзiлетiн болады.
4. Кезең-кезеңiмен жекешелендiрудiң мақсаты:
* банктiң кеңейтiлген ұдайы өндiрiсiн қамтамасыз ету мақсатында оны капиталдандыру;
*банктiң салымшылар алдындағы есептiлiгiнiң дәрежесiн арттыру мақсатында бiрiншi кезекте банктiң акционерлерi болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының тарапынан банктiң қызметiне ашық бақылау тетiгiн құру;
* банктiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету және техникалық жетiлдiру бағдарламаларын жүзеге асыру үшiн банктiң меншiк капиталын кеңейту;
* банктi ашық үлгiдегi Акционерлiк Қоғам етiп қайта құру;
* еркiн айналыс және биржалық және биржадан тыс корпоративтiк бағалы қағаздар рыногында банк акцияларына баға белгiлеу тетiгiн құру.
II. Бiрiншi кезең: 1997-1998 жылдар
5. Жекешелендiрудiң бiрiншi кезеңiнiң негiзгi мiндеттерi:
- банктi бiр акционер - Үкiмет 100 процент қатысатын акционерлiк қоғамнан банктiң салымшылары болып табылатын акционерлерi бар жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамға айналдыру;
- Қазақстан Халықтық Банкi акцияларының рыногын құру;
- банктi жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамнан ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам етiп қайта тiркеу;
- акциялардың бағамдық құнын жанама басқаруды жүзеге асыру;
- бағалы қағаздар рыногына қатысушылармен өзара iс-қимыл жасау және қаржы рыноктарының инфрақұрылымын жетiлдiруге жәрдемдесу болып табылады.
6. 1997-1997 жылдары Қазақстан халықтық Жинақ Банкiн жекешеленiру мiндеттерiн шешу 1997 жылы енгiзiлген банктiң негiзгi қаражатқа инвестициясының ең жоғарғы мөлшерiнiң коэффициентiн қоса есептегендегi барлық пруденциялдық нормативтердi одан әрi орындау мақсатымен банктiң капиталын үнемi арттырумен және банктiң Халықаралық стандарттарға көшу жөнiндегi бағдарламаларын орындаумен үйлестiрiлетiн болады.
7. "Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 мамырдағы N 834 қаулысына P970834_ сәйкес банктiң жарғылық қорын тiркеу 1,7 млрд. теңге мөлшерiнде жүргiзiледi. Банктiң 1996 жылғы 638 млн. теңге сомасындағы пайдасының үлкен бөлiгi капиталдануға бағытталады. Жарияланған қаржылық қордың сатылып алынбаған акцияларының қалдығы конкурстық негiзде Халықтық Жинақ Банкiнiң салымшыларына сатылатын болады.
8. Акцияларды сату банк капиталын бағалау ескерiлген баға бойынша жүзеге асырылады. Аталған эмиссияларға жазылу мен оларды орналастырудың нәтижелерi бойынша банк қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, кейiннен акцияларды рынокта еркiн айналысқа шығару арқылы ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам болып қайта құрылатын болады.
9. Жекешелендiрудiң бiрiншi кезеңiнде банк капиталының ұдайы өсуiнiң қажеттi шарттары банктiң 1997 жылғы қызметiнiң нәтижелерi бойынша пайданы капиталдандыру болып табылады. 1998 жылы қосымша эмиссияның негiзгi бөлiгi банк 1997 жылы алған пайданың есебiнен сатылып алынатын болады (пайданы капиталға айналдыру).
Жарияланған жарғылық қор акцияларының қалған бөлiгi нарықтық құны бойынша жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да сату жолымен ашық рынокта сатылатын болады. Бұл ретте бiр акционерге 3 проценттен артық болмайтын шектеу қолданылуы тиiс. Бағамдық кiрiс қолданылып жүрген салық заңдарын қолдану шартымен банктiң капиталына есептелетiн болады.
10. Жекешелендiрудiң бiрiншi кезеңi аяқталғаннан кейiн акциялар
пакетiнiң ара-қатынасы: мемлекеттiк пакет - 72 процент, жеке инвесторлар - 28 процент болады. III. Екiншi кезең: 1999 жыл 11. Жекешелендiрудiң екiншi кезеңiнiң негiзгi мiндеттерi: - банк акцияларына баға белгiлеу тетiгiн түпкiлiктi қалыптастыру; - биржалық және биржадан тыс рыноктарда акциялардың белсендi саудасы үшiн қолайлы жағдай жасау; - еркiн ақша қаражаттарының елiмiздiң қаржы рыноктарын дамытуға құйылуын қамтамасыз ету.
12. 1998 қаржы жылындағы пайданы бөлу кезiндегi мақсаттық бағдарлар қаражаттың шамамен 80 процентiн банктi капиталдандыруға, ал 20 проценттейiн - дивидендтердi төлеуге бағыттаумен белгiленедi. Дивидендтiң мөлшерi банк қызметiнiң ауқымына сәйкес келетiн акциялар бағамын белгiлей қажеттiлiгiне сүйене отырып айқындалатын болады.
13. Акциялардың қосымша эмиссиясының негiзгi бөлiгi бiрiншi орналастыру кезiнде бiр адамға акциялардың 3 процентiн сатумен шектеу арқылы бағалы қағаздар рыногында еркiн таратуға жатады.
14. Екiншi кезең аяқталғанда акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң үлесi 51 процентке дейiн қысқарады, ал акциялардың 49 процентi жеке инвесторларға тиесiлi болады.
IV. Үшiншi кезең: 2000-2001 жылдар
15. Жекешелендiрудiң үшiншi кезеңiнiң негiзгi мiндеттерi:
- орташа және iрi инвесторлардың арасында банктiң акцияларын кеңiнен орналастыру;
- жетекшi халықаралық қаржы институттарының арасынан стратегиялық инвесторларды таңдау;
- акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн сату арқылы мемлекеттiң бюджетiне барынша мүмкiн болатын кiрiстер алу.
16. 1999-2000 жылдардың қорытындысы бойынша пайданы бөлу кезiндегi мақсаттық бағдарларды банктiң таза пайдасының 30 процентiн дивидендтердi төлеуге , ал 70 процентiн - Жарғылық қорды арттыруға бағыттау үшiн белгiлеу ұйғарылып отыр.
17. Акциялардың жекешелендiрудiң үшiншi кезеңiндегi ұйғарылып отырған ағымдағы бағамы ұдайы өсiп, бiрнеше номиналға жетедi, осылайша көзделiп отырған Үкiмет акцияларының бағамдық құнының артуы оларды сату кезiнде банктiң жоғары тиiмдiлiгiн қамтамасыз етедi, бюджетке айтарлықтай мол түсiм әкеледi.
18. Үкiмет акциялардың бақылау пакетiнiң иесi құқығын пайдалана отырып, iшкi және сыртқы қор рыноктарынде кейiннен оларды корпоративтiк инвесторларға сату арқылы акциялардың айтарлықтай қосымша эмиссиясы туралы шешiм қабылдай алады.
19. Үкiмет сонымен қатар акциялардың бiр бөлiгiн Қазақстан халықтық Банкiнiң әрiптестерi - жетекшi халықаралық қаржы институттары тұлғасындағы стратегиялық инвесторларға сату туралы шешiм қабылдай алады.
20. Жекешелендiрудiң үшiншi кезеңi аяқталғанда Қазақстан Халықтық Банкiнiң Жарғылық қорындағы акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң үлесi 25 процентке дейiн жеткiзiлетiн болады.
Жекешелендiрудiң ұсынылып отырған Бағдарламасын орындау нәтижесiнде Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi 2001 жылы барлық негiзгi өлшемдер бойынша тиiстi халықаралық деңгейге шығатын болады.