Республикалық бюджетте төлемдер бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 8 шiдедегi N 1073

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң бөлiмшелерiн мұнай өнiмдерiн сатып алу жөнiндегi тендер нәтижесiне сәйкес жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджет пен республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешегi бар, мұнай өнiмдерiн берушiлердiң арасындағы жалпы сомасы 729622000 (жетi жүз жиырма тоғыз миллион алты жүз жиырма екi мың) теңге, оның iшiнде "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының 3534060000 (үш жүз елу үш миллион төрт жүз алты мың) теңге, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының 376216000 (үш жүз жетпiс алты миллион екi жүз он алты мың) теңге сомасындағы берешегiне есептеу жүргiзсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.09.01. N 1312
               қаулысымен. P971312_
      2. Аталған сомаларды есептеу 2-қосымшаға сәйкес мұнай өнiмдерiн беру фактiсi бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетiнiң мекемелерiн қаржыландыру есебiне жүргiзсiн.
      3. Берешектi есептеу аталған сомалар 1997 жылға арналған

республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле
отырып жүргiзiлсiн.
     4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау
комитетi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Мемлекеттiк шекара
күзетi жөнiндегi комитетiне берiлген мұнай өнiмдерiнiң толықтығы мен
сапасына, сондай-ақ бағасының негiздiлiгiнде бақылау орнатсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 1 қыркүйектегi
                                          N 1312 қаулысына
                                             1 - қосымша
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1 және 2-қосымшалар жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
              1997.09.01.N 1312 қаулысымен.  

P971312_

 

           Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен
        Шекара әскерлерiнiң мұқтажы үшiн мұнай өнiмдерiн берудiң
           есебiне есептелетiн республикалық бюджетке төлемдер
                 бойынша берешегi бар кәсiпорындардың
                                ТIЗБЕСI

____________________________________________________________________
Берушi кәсiпорындардың| Есепке қабылданатын сома (мың теңге)
атауы мен есепке      |_____________________________________________
алынатын төлемдердiң  | Барлығы |  Оның iшiнде қаржыландыру есебiне
түрлерi               |         |___________________________________
                      |         |Қорғаныс         |Қорғанысминiнiң
                      |         |министрлiгi      |Мемлекеттiк шекара
                      |         |                 |күзетi жөнiндегi
                      |         |                 |комитетi
______________________|_________|_________________|_________________
                      |         |                 |
1. "Павлодар мұнай    |         |                 |
өңдеу зауыты" акцио.  |         |                 |
нерлiк қоғамы,        |         |                 |
Павлодар қаласы:      |         |                 |
барлығы               |  353406 |    336850       |   16556
оның iшiнде акциздер  |  353406 |    336850       |   16556
бойынша               |         |                 |
                      |         |                 |
2. "Атырау мұнай өңдеу|         |                 |
зауыты" акционерлiк   |         |                 |
қоғамы, Атырау қаласы:|         |                 |
барлығы               |  376216 |    376216       |
оның iшiнде қосылған  |  376216 |    376216       |
құнға салық бойынша   |         |                 |
______________________|_________|_________________|_________________
Жиыны                 |  729622 |    713066       |   16556
______________________|_________|_________________|_________________


                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 1 қыркүйектегi
                                          N 1312 қаулысына
                                             2 - қосымша

       Республикалық бюджетке төлемдер бойынша кәсiпорындардың
            берешегiн өтеу есебiне берушi кәсiпорындардың
         Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен
       Шекара әскерлерiнiң мұқтажы үшiн мұнай өнiмдерiн берудiң
                                  КЕСТЕСI
___________________________________________________________________
                    |"Атырау МӨЗ" АҚ       |"Павлодар МӨЗ" АҚ
                    |______________________|_______________________
                    |мөлше.|1 тонна.|құны, |мөлше.|1 тонна.|құны,
                    |рi,   |сының   |мың   |рi,   |сының   |мың
                    |тонна |бағасы, |теңге |тонна |бағасы, |теңге
                    |      |теңге   |      |      |теңге   |
____________________|______|________|______|______|________|_______
         1          |   2  |    3   |   4  |   5  |    6   |   7
____________________|______|________|______|______|________|_______
                    |      |        |      |      |        |
1. Қорғаныс министр.|      |        |      |      |        |
     лiгi           |      |        |      |      |        |    
шiлде               |      |        |      |      |        |
А-76 автобензинi    | 1500 | 16139  | 24208|      |        |
ТС-1 авиакеросинi   | 2000 | 12240  | 24480|      |        |
пеш отыны           | 1000 |  7200  |  7200|      |        |
Барлығы             |      |        | 55888|      |        |
тамыз               |      |        |      |      |        |
А-76 автобензинi    | 4000 | 16139  | 64556|      |        |
ТС-1 авиакеросинi   | 3000 | 12240  | 36720|      |        |
"3" дизельдiк отыны |      |        |      | 4000 | 12457  | 49828
Барлығы             |      |        |101276|      |        | 49828
қыркүйек            |      |        |      |      |        |
А-76 автобензинi    | 4000 | 16139  | 64556|      |        |
ТС-1 авиакеросинi   | 4000 | 12240  | 48960|      |        |
"3" дизельдiк отыны |      |        |      | 7500 | 12457  | 93427
Барлығы             |      |        |113516|      |        | 93427
қазан               |      |        |      |      |        |
А-76 автобензинi    | 2500 | 16139  | 40347|      |        |
ТС-1 авиакеросинi   | 1960 | 12240  | 23990|      |        |
"3" дизельдiк отыны |      |        |      | 7500 | 12457  | 93427
Барлығы             |      |        | 64337|      |        | 93427
қараша              |      |        |      | 6034 | 12457  | 75166
"3" дизельдiк отыны |      |        |      |      |        | 75166
Барлығы             |      |        |      |      |        |
Көлiктер            |      |        |      |      |        | 25002
шығыстар            |      |        | 41199|      |        | 336850
Жиыны               |      |        |376216|25034 |        |
2. Шекара әскерлерi |      |        |      |      |        |
"3" дизельдiк отыны |      |        |      |      |        |
қазан               |      |        |      |  615 | 12457  | 7661
қараша              |      |        |      |  615 | 12457  | 7661
Барлығы             |      |        |      | 1230 | 12457  | 15322
Көлiктер            |      |        |      |      |        |
шығыстар            |      |        |      |      |        | 1234
Жиыны               |      |        |      | 1230 |        | 16556
____________________|______|________|______|______|________|_______
Жиыны               | 23960|        |376216|26264 |        |353406



      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады