Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 9 шiлдедегi N 1087

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келiсiмнiң күшiне енуiне арналған шарттарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 P961237_ қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      5-тармақтағы "төлеушi шаруашылықтардың" деген сөз "түпкi займшы шаруашылықтардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8-тармақ мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
      "8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне ХҚҚДБ займ қаражаттарын жүзеге асыру мен қызмет ету және республикалық бюджетпен қатар қаржыландыру жөнiндегi қаржы агентi болып белгiленсiн;"
      осы қаулының 2-қосымшасына:
      7, 8, 9, 10-тармақтарындағы "алушы шаруашылық"; "алушы шаруашылық", "төлеушi шаруашылық", "алушы шаруашылықтың", деген сөздер "түпкi зайымшы шаруашылық", "түпкi зайымшы шаруашылықтар", "түпкi зайымшы шаруашылықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ мынадай мазмұнмен берiлсiн:
      "9. "Мемлекеттiк экспорт-импорт банк пен түпкi зайымшы шаруашылықтар арасындағы проценттiк ставка екiжақты келiсiмде айқындалуға тиiс, сондай-ақ қайтарым кепiлдiгi, мiндеттi кепiлдiк және өтем кестесi белгiленедi";

 

     осы қаулының 3-қосымшасына:

     атауы мен 1, 2, 3, 5, 6-тармақтарындағы "төлеушi шаруашылықтардың",

"төлеушi шаруашылықтар", "төлем жасаушы шаруашылықтар", деген сөздер

тиiсiнше "түпкi зайымшы шаруашылықтардың", "түпкi зайымшы шаруашылықтар",

"түпкi зайымшы шаруашылықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

     5-тармақтағы "уәкiлеттi органдар" деген сөз "қаржы агентi" деген

сөзбен ауыстырылсын.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрiнiң

       бiрiншi орынбасары





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады