ССРО Мемагроөнеркәсiбiнiң Қазақ ССР бойынша Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекция етiп қайта құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 13 тамыз 1992 ж. N 676. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.04.26. N 476 қаулысымен

      Одақтық бағыныстағы карантин қызметiнiң таратылуына байланысты және басқа мемлекеттерден карантиндiк әрi басқадай қауiптi зиянкестердiң, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптердiң енуiнен Қазақстан территориясын қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. ССРО Мемагроөнеркәсiбiнiң Қазақ ССР бойынша Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекция (Қазмемкарантин) болып қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiткен осы Ереженi, сондай-ақ өсiмдiк карантинi жөнiндегi ережелер мен нұсқауларды, өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет органдарының өздерiне жүктелген және берiлген хұқық шегiндегi өкiмдерi мен нұсқауларын өсiмдiктен алынатын өнiмдердi өндiрумен, сатумен, сақтаумен, ұқсатумен және тасымалдаумен айналысатын барлық министрлiктер, ведомстволар, мекемелер, кәсiпорындар, ұйымдар мен жеке адамдар орындауға мiндеттi.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекция заңды ұйым болып табылады, оның дербес балансы болады, Қазақстан Республикасының заңына және өзi туралы Ережеге сәйкес қызмет етедi.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекция жүйесiне кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекцияның, орталық аппаратының қызметкерлерiне "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 мамырдағы N 448 қаулысында (N 2 кесте) көзделген еңбекке ақы төлеу шарттары қолданылсын.
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекцияның орталық аппараты қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң жылдық қоры аппараттың құрамында 8 адам бар (ғимаратты күзетушiлер мен қызмет көрсетушiлерсiз) шектi саны ескерiлiп 553 мың сом болып белгiленсiн.
      Ескерту. 5-тармаққа iшiнара өзгертулер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
               1993.01.12. N 29 қаулысымен.
      6. Республикалық карантин лабораториясын, Республикалық интродукциялық-карантин питомнигiн, Республикалық фумигациялық отрядты, Алматы қалалық мемлекеттiк және шекара пункттерi мен қоршаулы тосқауылдарымен қоса өсiмдiк карантинi жөнiндегi облыстық инспекцияларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне операциялық шығындарға бюджеттен бөлiнетiн қаржы шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.05.
               N 708 P970708_
      7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Республикалық "Қазагроөнеркәсiптехника" бiрлестiгi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекция мен өсiмдiк карантинi жөнiндегi облыстық инспекциялардың өтiнiмдерi бойынша оларға көлiк құралдарын, лаборатория жабдықтары мен басқа да қажеттi материалдық-техникалық ресурстарды жыл сайын бөлiп отыруды көздесiн.
      8. Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Кеден комитетi, Қазақстан Республикасының Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен, сондай-ақ басқа да министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесiп, өз өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң шет мемлекеттерден карантиндiк және басқа қауiптi зиянкестердiң, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптердiң iлесi енуiнен, таралып кетуiнен Қазақстан Республикасының территориясын қорғауды күшейту, сондай-ақ олардың ошақтарын анықтап, жайылып кетуiне жол бермеу жөнiндегi мемлекеттiк шаралар кешенiн жүзеге асыруына жәрдемдессiн.
      9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекцияның орталық аппараты қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары қызметкерлерiнiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген материалдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету шарттары қолданылсын.
 
                Қазақстан Республикасының
                    Премьер-министрi
 

                                           Қазақстан Республикасы



                                           Министрлер Кабинетiнiң

                                           1992 жылғы 13 тамыздағы

                                                N 676 қаулысына

                                                   Қосымша



 
 
                Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

 

           министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi

               Бас мемлекеттiк инспекция жүйесiне кiретiн

                    кәсiпорындар мен ұйымдардың

                                Тiзбесi


     Республикалық карантин лабораториясы

     Республикалық интродукциялық-карантин питомнигi



     Республикалық фумигациялық отряд

     Өсiмдiк карантин жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттер

инспекциясы



     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Ақмола облыстық мемлекеттiк

инспекциясы



     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Ақтөбе облыстық мемлекеттiк

инспекциясы


 
       Ауданаралық мамандандырылған лабораториясымен қоса өсiмдiк

 

карантинi жөнiндегi Алматы облыстық мемлекеттiк инспекциясы

     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Атырау облыстық мемлекеттiк

инспекциясы

     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Майқапшағай шекара пунктiмен қоса

өсiмдiк карантинi жөнiндегi Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк

инспекциясы

     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Жамбыл облыстық мемлекеттiк

инспекциясы

     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Жезқазған облыстық мемлекеттiк

инспекциясы

     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк

инспекциясы

     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Қарағанды облыстық мемлекеттiк

инспекциясы

     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Қызылорда облыстық мемлекеттiк

инспекциясы

     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Көкшетау облыстық мемлекеттiк

инспекциясы

     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Қостанай облыстық мемлекеттiк

инспекциясы

     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Маңғыстау облыстық мемлекеттiк

инспекциясы

     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Павлодар облыстық мемлекеттiк

инспекциясы

     Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облыстық

мемлекеттiк инспекциясы


 
       Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бақты шекара пунктiмен қоса өсiмдiк карантинi жөнiндегi Семей облыстық мемлекеттiк инспекциясы
      Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Қорғас және Достық шекара пункттерiмен қоса өсiмдiк карантинi жөнiндегi Талдықорған облыстық мемлекеттiк инспекциясы
      Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Торғай облыстық мемлекеттiк инспекциясы
      Ауданаралық мамандандырылған лабораториясымен қоса өсiмдiк карантинi жөнiндегi Оңтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттiк инспекциясы
      ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.05.07. N 708
               қаулысымен. P970708_
 

                                         Қазақстан Республикасы



                                         Министрлер Кабинетiнiң

                                         1992 жылғы 13 тамыздағы

                                            N 676 қаулысымен

                                                 Бекiтiлген



 
 
                Қазақстан Республикасындағы өсiмдiк карантинi
                    жөнiндегi мемлекеттiк қызмет туралы
                     Бас мемлекеттiк инспекция туралы
                                Ереже
 
                           Жалпы ережелер
      1. Қазақстан Республикасындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы орталықтандырылған мемлекеттiк қызмет болып табылады. Оның құрамына мыналар енедi:
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекция, Республикалық интродукциялық-карантин питомнигi, Республикалық фумигациялық отряд, Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттiк және облыстық мемлекеттiк инспекциялар;
      теңiз және өзен порттарындағы, темiр жол станцияларындағы, әуежайлардағы, почтамттар мен тас жолдардағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi шекара пункттерi.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.05.05. N 708
               қаулысымен. P970708_
      2. Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет органдары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын, карантин шараларын жүзеге асыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң нұсқауларын, басқа арнаулы құжаттар мен осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет органдарына мынадай мiндеттер жүктеледi:
      басқа мемлекеттердiң территорияларынан карантиндiк және қауiптi зиянкестердiң, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптердiң енуiнен Қазақстан территориясын қорғау, сондай-ақ оның территориясында карантин шараларын жүзеге асыру;
      басқа мемлекеттерден өсiмдiк өнiмдерi мен басқа да материалдарды әкелу, осы өнiмдердi республика iшiнде тасымалдаудың карантиндiк шарттарын, оны пайдалану режимi мен жағдайын жасау;
      басқа мемлекеттерден республикаға әкелiнетiн және экспортқа жiберiлетiн өсiмдiктен алынатын өнiмдi және карантиндiк зиянкестердiң, дерттер мен арамшөптердiң тасымалдаушысы болуы мүмкiн басқа материалдарды, оның iшiнде жүк салғыштардағы, почта салымдарындағы және жолаушылардың қол жүктерiнде салынған өсiмдiктерге, сондай-ақ басқа мемлекеттерден республикамызға келген көлiк құралдарына карантиндiк тексеру мен лабораториялық сарап жүргiзу;
      карантин объектiлерiнiң өнiмдерiн, басқа мемлекеттерден және карантин деп жарияланған аймақтардан келген көлiк құралдарын тазарту, зарарсыздандыру;
      тұқымдардың, өсiмдiктер мен өсiмдiктен алынатын өнiмдердiң елеусiз зақымдануын карантиндiк тексеру, лабораториялық сарап пен диагностика жүргiзу тәсiлдерiн, сондай-ақ жүктердi зарарсыздандыру технологиясын жасау;
      республика территориясында жоқ және шектеулi түрде таралған карантиндiк және қауiптi зиянкестердiң, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптер түрiнiң құрамын, биологиясы мен экологиясын зерттеу және осының негiзiнде өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк шаралар белгiленiп, жүзеге асырылатын зиянкестердiң, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптер тiзбесiнiң жобасын жасау;
      ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу және орман шаруашылығы мекемелерiмен бiрлесiп карантиндiк зиянкестермен, өсiмдiк дерттерiмен және арамшөптермен күрес жөнiндегi тиiмдi шараларды жасауға қатысу;
      министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың карантин шараларын орындауына мемлекеттiк бақылау жүргiзу;
      басқа мемлекеттерден, сондай-ақ республика территориясын карантин деп жариялаған аймақтардан әкелiнетiн тұқымдар мен өсiмдiктерге карантиндiк тексеру жүргiзетiн интродукциялық-карантиндiк питомниктердiң, мемлекеттiк сұрыптау учаскелерiнiң, оранжереялардың қызметiне бақылау жасау;
      питомниктерде, ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, тұқым өсiру және гүл-сәндiк шаруашылықтарында карантиндiк зиянкестерден, өсiмдiк дерттерiнен және арамшөптерден тазартылған тұқым және егу материалдарын алу мақсатымен егiстiктер мен көшеттердi қадағалау;
      Өсiмдiк карантинi жөнiндегi халықаралық конвенциялар мен келiсiмдерден туындайтын шараларды жүзеге асыруға бақылау жасау;
      ғылым жетiстiгi мен озық тәжiрибенi насихаттау мен кең түрде енгiзудi ұйымдастыру, халықты карантин объектiлерiмен және олармен күресу шараларымен таныстыру;
      тұқымдарға, өсiмдiктер мен өсiмдiктен алынатын өнiмдерге импорттық карантин рұқсатын, фитосанитарлық және карантиндiк сертификаттар беру;
      карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптердi дер кезiнде анықтау, республика территориясында карантиндiк аудандар белгiлеу мақсатымен ауыл шаруашылығы және орман алаптарына, өсiмдiктен алынатын өнiмдердi сақтау және өңдеу орындарына, карантиндегi өнiмдер келiп түскен пункттер мен оларға жақын орналасқан территорияларға бақылау зерттеуiн жүргiзу.
      4. Қызмет мiндетiн орындау кезiнде өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк бақылаушыға:
      кез-келген уақытта теңiз, өзен порттарының территориясына және кемежайларға, темiржол станциялары мен автовокзалдарға (автостанцияларға), әуежайларға, почтамттарға, қоймаларға, элеваторларға, теңiз және өзен флотының кемелерiне, жолаушылар және тауар вагондарына, азаматтық ұшақтарға, көрмелердiң, ботаника бақтарының, ғылыми-зерттеу институттарының территорияларына, тәжiрибе станцияларының, колхоздардың, совхоздардың, қосалқы шаруашылықтардың, басқа мекемелер мен ұйымдардың егiстiктерiне, азаматтардың аула учаскелерiне, питомниктерге, бақшалар мен жүзiм бауларына, оранжереялар мен әртүрлi ұйымдар мен жекелеген адамдардың басқа да шаруашылықтарына сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiмдер дайындаумен, өңдеумен және өткiзумен айналысатын кәсiпорындарға бөгетсiз кiруге;
      тексеруге және одан әрi лабораториялық сараптан өткiзу үшiн тұқымдардың, өсiмдiктердiң және өсiмдiктен алынатын басқа да өнiмдердiң үлгiлерiн алуға, карантиндiк және басқа да хауiптi зиянкестер, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптер табылған жерлерде белгiленген карантиндiк шараларды орындағанша өнiмдi әкету және пайдалану жөнiнде шектеу орнатуға;
      карантин енгiзiлген территориялардан карантин сертификаттарсыз әкетiлген тұқымдарды, өсiмдiктердi және өсiмдiктен алынатын өнiмдердi жiбермеуге, алуға және қажет болғанда қайтаруға;
      кедендердiң, теңiз және өзен порттарының (кемежайлардың) темiр жол станцияларының, автовокзалдардың (автостанциялардың), әуежайлардың, почтамттар мен басқа да ұйымдардың әкiмшiлiктерiнен келiп жатқан, сақтаулы және жөнелтiлiп жатқан өсiмдiктен алынатын жүктер туралы деректер алуға, олардан осы жүктердiң тиiстi құжаттарын талап етуге және зиянкестермен зақымданған жүктердi тиеуге тиым салуға (карантиндегi материалдарды карантин құжаттарынсыз тасымалдауға қабылдауға мүлде тыйым салынады) хұқық берiледi.
      5. Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекция мен шекара пунктiнiң қызметкерлерi қызмет мiндетiн орындау кезiнде арнаулы киiм киюге мiндеттi. Киiм үлгiсiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша бекiтедi.
 
                        Өсiмдiк карантинi жөнiндегi
                        Бас мемлекеттiк инспекция
      6. Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекция (Қазмемкарантин) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы дербес бөлiмше болып табылады, ол заңды ұйым хұқына ие, өзiнiң атауы бар гербтi мөрi, бұрыштамалы және арнаулы штампы, ұлттық мемлекеттiк банкiде бюджеттiк және ағымдағы шоты болады және өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң бүкiл жүйесiн қаржыландырады.
      Қазмемкарантин өз қызметiнде Республика конституциясы және басқа заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бұйрықтары мен нұсқауларын және осы Ереженi басшылыққа алады.
      ЕСКЕРТУ. Бөлiмнiң атауы және 6-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң
               1997.05.05. N 708 қаулысымен. P970708_
      7. Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекцияға мынадай мiндеттер жүктеледi:
      өсiмдiк карантинi саласындағы мемлекеттiк шаралар жүйесiн жоспарлау және ұйымдастыру, олардың орындалуына басшылық ету және бақылау жасау;
      өсiмдiк карантинi мәселелерi бойынша қаулылардың, шешiмдер мен өкiмдердiң жобаларын жасау және оларды үкiметке енгiзу;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiтетiн Қазақстан территориясында сыртқы және iшкi карантин саласындағы қызметтi реттейтiн ережелердiң, қағидалардың және нұсқаулардың жобаларын жасау;
      басқа мемлекеттерден әкелiнетiн тұқымға, өсiмдiктер мен өсiмдiктен алынатын өнiмдерге, сондай-ақ транзит бойынша республика территориясы арқылы өтетiн карантиндегi жүктерге импорттық карантин рұқсатын беру;
      республикадан, сондай-ақ облыстардан тыс жерлерге экспортқа әкетiлетiн карантиндегi материалдарға карантин сертификатын беру;
      Қазақстанға импорт бойынша әкелiнетiн және экспортқа шығарылатын, сондай-ақ карантиндiк зиянкестерден, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптерден таза аудандарға жөнелтiлетiн тұқымдарды, өсiмдiктер мен өсiмдiктен алынатын өнiмдердi карантиндiк тексеруден және лабораториялық сараптан өткiзудi қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi басшылығының нұсқауы бойынша өсiмдiк карантинi мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттар мен конвенциялар жобаларын жасауға қатысу және олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау;
      белгiленген тәртiппен өсiмдiк карантинi жөнiндегi жылдық жоспарларды, сметаларды, штаттық кестелердi, есептердi, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын қарап, бекiту;
      карантин шараларына бюджеттен бөлiнген қаржыны облыстар бойынша бөлу және карантин шараларын өткiзу үшiн бөлiнген бюджеттiк, арнаулы және басқа қаржылардың дұрыс жұмсалуын қадағалау;
      бағынышты ұйымдарды қаржыландыру және бөлiнген лимиттер мен қорлар деңгейiнде қаржы және материалдық ресурстарын бөлу, олардың шаруашылық-қаржы қызметiне бақылау жасау;
      облыстық инспекциялардың, шекара пункттерiнiң, карантин лабораторияларының, карантиндегi материалдарды зарарсыздандыру жөнiндегi фумигациялық отрядтардың жұмысына басшылық ету және бақылау жасау;
      облыстық инспекциялардан, шекара пункттерiнен, мекемелерден, кәсiпорындардан, ұйымдар мен жекелеген адамдардан келiп түскен тұқымдардың, көшет материалдарының, топырақ және басқа карантинге алынған өнiмдердiң үлгiлерiн лабораториялық сараптан өткiзу, карантиндiк зиянкестермен, дерттермен және арамшөптермен зақымданғандығы туралы қорытынды беру;
      өсiмдiктен алынатын импорттық және басқа өнiмдердi зарарсыздандыруды ұйымдастыру, өткiзу және бақылау жасау;
      тiкелей бағынышты инспекцияларда, лабораторияларда және фумигациялық отрядтарда кадрларды iрiктеу мен орналастыруды жүзеге асыру;
      өсiмдiк карантинi бойынша кадрлар дайындау және қайта дайындау жөнiндегi шаралар өткiзудi ұйымдастыру;
      белгiленген тәртiппен өсiмдiк карантинi мәселелерi бойынша арнаулы жинақтарды, анықтамалар мен басқа материалдарды басып шығаруға әзiрлеу;
      республикада карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптердi анықтауға есеп және талдау жүргiзу, олардың таралуына шолуды басып шығару;
      белгiленген тәртiппен карантин және өсiмдiктердi қорғау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      республикаға импорт бойынша әкелiнетiн карантиндегi өнiмдерге карантиндiк тексеру жүргiзу үшiн шет елдерге жiберуге мамандар iрiктеу және шет ел мекемелерiнде жұмыс iстейтiн қызмет мамандарының қызметiне басшылық жасау.
      8. Қазмемкарантиндi дара басшылық негiзiнде әрекет ететiн бастық басқарады, ол қызметi бойынша сонымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы, ал оның орынбасары - Қазақстан Республикасының Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары болып табылады.
      9. Қазмемкарантин бастығы:
      қолданылып жүрген заңдар мен осы Ережеге негiзделген өсiмдiк карантинi мәселелерi бойынша министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн мiндеттi жазбаша бұйрықтар, сондай-ақ кәсiпорындардың, ұйымдар мен шаруашылықтардың басшыларына, олардың қай ведомствоға жататынына қарамастан, өсiмдiк карантинi жөнiндегi қолданылып жүрген заңды бұзушылықты жоюға қажеттi нұсқаулар беруге;
      бұйрықтар шығаруға және қарамағындағы ұйымдарға нұсқаулар беруге;
      өз құзыры шеңберiнде ұйымдық-жарлық беретiн құжаттарды бекiтуге;
      оның қызметiн жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алуға;
      құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларымен келiсiм бойынша жекелеген тапсырмалар мен мiндеттердi орындау үшiн мамандар қатыстыруға;
      белгiленген тәртiппен Қазмемкарантиннiң құзырына жататын мәселелер бойынша кеңестер шақыруға және өткiзуге хұқылы.
 
               Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық
           мемлекеттiк және облыстық мемлекеттiк инспекциялар
 
      10. Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттiк және облыстық мемлекеттiк инспекцияларын лауазымы бойынша Өсiмдiк карантин жөнiндегi Алматы қалалық және облыстық бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылатын бастықтар басқарады.
      Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттiк және облыстық мемлекеттiк инспекциялар заңды тұлға құқығына ие, өзiнiң атауы жазылған елтаңбалы мөрi, бұрыштама және арнаулы мөртаңбалары бар, тiкелей Қазмемкарантинге бағынады.
      Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттiк және облыстық мемлекеттiк инспекцияларына мынадай мiндеттер жүктеледi:
      теңiз және өзен порттарында, әуежайларда, темiр жол станцияларында, почтамттарда өсiмдiк карантинi жөнiндегi шекара пункттерiнiң жұмысына басшылық ету және бақылау жасау;
      сауда-дайындау ұйымдары мен қайта өңдеу кәсiпорындарының (көкөнiс базалары, диiрмен комбинаттары, құрамажем, сыра қайнату, былғары және консервi заводтары, тоқыма, кондитер және мебель фабрикалары, тамақ комбинаттары мен басқалары), темiр жол станцияларының, теңiз және өзен порттарының, әуежайлардың, совхоздардың, колхоздардың, фермер шаруашылықтарының, ғылыми-зерттеу мекемелерi мен басқа да ұйымдардың, кәсiпорындар мен мекемелердiң, олардың қай ведомствоға жататынына қарамастан, сондай-ақ азаматтардың белгiленген карантин ережелерi мен шараларын орындауына бақылау жасау;
      питомниктерде, оранжереяларда, ботаника бақтарында, селекция және тәжiрибе станцияларында, ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, мемлекеттiк сортты сынау станциялары мен мемлекеттiк сорттау учаскелерiнде, колхоздарда, совхоздарда, фермер және басқа шаруашылықтарында, ұйымдарда карантин жайына және карантиндiк сауықтыру шараларын өткiзуге бақылау жасау, сондай-ақ импорттық тұқымдар мен көшет материалдарды егiлген егiстiктер мен отырғызылған жерлерде бақылау зерттеуiн жүргiзу;
      карантиндiк зиянкестермен, өсiмдiк дерттерiмен және арамшөптермен күрес жөнiндегi өткiзiлген шаралардың тиiмдiлiгiн тексеру;
      белгiленген тәртiппен шаруашылықтарға, кәсiпорындар мен ұйымдарға, елдi мекендерге немесе аудандарға карантин қою немесе оны алу туралы, сондай-ақ карантин ережесiн бұзуға жол берген адамдарға жаза қолдану туралы ұсыныстар мен материалдар ұсыну;
      шаруашылықтарға, мекемелер мен ұйымдарға экспортқа жөнелтiлетiн өнiмге сертификаттар, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiмдердi тасымалдауға және пайдалануға хұқық беретiн карантин құжаттарын беру, оларды тасымалдауға және белгiленген жерлерде пайдалануға бақылау жасау;
      импорттық және отандық карантиндегi өнiмдердi зарарсыздандыруды ұйымдастыру және оны жүргiзу сапасына бақылау жасау;
      базарлар мен жәрмеңкелерде базар дирекциясы мен басқа ұйымдардың, ведомстволар мен жекелеген адамдардың зиянкестердiң, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптердiң тұқымдары таралуының алдын алуды қамтамасыз ететiн тиiстi нұсқаулармен көзделген карантин ережелерiн, шараларын орындауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      энтомология объектiлерiне және өсiмдiктен алынатын импорттық және экспорттық өнiмдер үлгiлерiнiң арамшөп өсiмдiктерiне, сондай-ақ тұқымдарға, көшет материалдары мен басқа карантиндегi материалдарға, почта посылкаларындағы, бандерольдарындағы өсiмдiктен алынатын өнiм салымдарына және жолаушылар мен экипаж мүшелерiнiң жүгiмен карантин деп жарияланған аймақтардан әкетiлiп бара жатқан өсiмдiктерге карантиндiк тексеру жасау;
      карантиндегi өнiмдердi тасушы көлiк құралдарына карантиндiк тексеру жасау және оларды зарарсыздандыру жөнiндегi белгiленген шараларды орындау;
      республикаға басқа мемлекеттерден, сондай-ақ карантин деп жарияланған аймақтардан әкелiнген тұқымдар мен өсiмдiктердiң карантиндiк жайына тексеру жүргiзетiн карантин питомниктерiнiң, оранжереялар мен мемлекеттiк сорттау учаскелерiнiң қызметiне бақылау жасау;
      питомниктерде, ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, тұқым өсiретiн, гүл-сәндiк және басқа шаруашылықтарда карантиндiк зиянкестерден, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптерден тазартылған тұқымдық және көшеттiк материал алу мақсатымен егiстiктер мен көшеттерге карантиндiк қадағалау жасау осы материалды карантиндiк объектiлерден тиiмдi зарарсыздандыруға, сондай-ақ тұқымдарды карантиндiк арамшөптерден тазартуға бақылау жасауды жүзеге асыру;
      байланыс, көлiк, сауда, дайындау мекемелерi мен қайта өңдеу кәсiпорындары және басқа мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындар басшыларының, сондай-ақ жекелеген адамдардың назарына карантиндiк шектеулер енгiзiлгенi және карантин объектiлерiн жайылдырмау және жою жөнiндегi қажеттi шараларды жүзеге асыру туралы жеткiзу;
      өсiмдiк карантинi жөнiндегi қоғамдық өкiлдердiң жұмысына басшылық ету және бақылау жасау;
      карантиндегi аймақтардан келiп түскен өнiмдерге тексеру жүргiзу;
      карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптердi дер кезiнде анықтау мақсатымен карантиндегi өнiмдер келiп түскен пункттерге, сақтау және өңдеу орындары мен оған жақын орналасқан территорияларға жүйелi бақылау тексеруiн ұйымдастырып, өткiзу және карантин объектiлерi табылған жағдайда олардың ошағын жою жөнiндегi шаралардың орындалуына бақылау жасау;
      кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен шаруашылықтардың еңбеккерлерi, сондай-ақ халық арасында өсiмдiк карантинi жөнiндегi бiлiмдi насихаттау;
      инспекция жұмысы туралы жоспар, сондай-ақ есеп жасау;
      Қазмемкарантин бекiткен жоспар мен сметаға сәйкес өсiмдiк карантинi жөнiндегi шаралар өткiзуге бөлiнген бюджеттiк қаржыны пайдалану;
      өсiмдiк карантинi мәселелерi бойынша қаулылардың, шешiмдер мен өкiмдердiң жобаларын жасау және оларды тиiстi облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне бекiтуге енгiзу;
      қызмет көрсететiн аймақтағы карантиндiк зиянкестердiң, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптердiң шекарасын анықтау, картотекасын және таралу картасын жасау;
      карантиндiк зиянкестермен, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптермен күрес мәселелерi жөнiндегi ережелердiң, қағидалардың, нұсқаулар мен басқа құжаттардың жобалары бойынша ұсыныс әзiрлеу.
      ЕСКЕРТУ. Бөлiмнiң атауы және 10-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң
               1997.05.05. N 708 қаулысымен.
      11. Өсiмдiк карантинi жөнiндегi облыстық мемлекеттiк инспекция бастығына:
      өсiмдiк карантинi жөнiндегi қызмет жүйесiнде бағынышты ұйымдар мен лауазымды адамдардың заңсыз және қате өкiмдерiнiң күшiн жоюға;
      белгiленген тәртiппен қарамағындағы мемлекеттiк инспекция қызметкерлерiн көтермелеуге ұсынуға және тәртiптiк жаза қолдануға;
      белгiленген тәртiппен карантин ережелерiн дер кезiнде орындауға шара қолданбаған немесе оны бұзуға жол берген адамдарға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы ұсыныс енгiзуге, ал ауыр зардаптарға әкелiп соққан жағдайда кiнәлiлердi қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн прокуратура органдарына материалдар жiберуге хұқық берiледi.
 
               Теңiз немесе өзен портындағы (кемежайлардағы),
                  темiр жол станцияларындағы, әуежайдағы,
                   почтамттағы және тас жолдағы өсiмдiк
                     карантинi жөнiндегi шекара пунктi
      12. Теңiз немесе өзен портындағы (кемежайдағы), темiр жол станциясындағы, әуежайдағы, почтамптағы және тас жолдағы өсiмдiк карантинi жөнiндегi шекара пунктi тiкелей өсiмдiк карантинi жөнiндегi Алматы қалалық мемлекеттiк және тиiстi облыстық мемлекеттiк инспекцияларға бағынады.
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.05.05. N 708
               қаулысымен.
      13. Өсiмдiк карантинi жөнiндегi шекара пунктiнiң мiндетiне:
      өсiмдiктен алынатын импорттық және экспорттық өнiмдердiң үлгiлерiне карантиндiк тексерудi және сараптан өткiзудi, шетелден келген көлiк құралдарын, сондай-ақ республика территориясы арқылы транзитпен өтетiн өсiмдiк өнiмдерiн тексерудi жүзеге асыру;
      жүк иелерiне өсiмдiктен алынатын өнiмдердi зиянкестерден немесе арамшөптердiң тұқымдарынан зарарсыздандыру қажеттiгi туралы жазбаша бұйрық беру;
      пункт қызметiнiң территориясында карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк дерттерi мен арамшөптердi анықтау мақсатымен жер танаптарын, егiстiктердi, көшеттер мен қойма бөлмелерiн тексеру, сондай-ақ анықталған зақымдану ошақтарын жайылдырмау жөнiндегi шараларды ұйымдастырып, бақылау жасауды жүзеге асыру;
      өсiмдiктен алынатын импорттық және отандық өнiмдерге, осы өнiмдi

 

сақтаған қоймаға және басқа сақтау орындарына жасалған

зарарсыздандырудың тиiмдiлiгiне бақылау жасау;

     өсiмдiктен алынатын өнiмдердi тасымалдау хұқына фитосанитарлық

(карантиндiк) сертификаттар беру;

     пункт қызметiнiң аймағындағы кәсiпорындардың, мекемелер мен

ұйымдардың өсiмдiк карантинi жөнiндегi белгiленген шараларды орындауына

бақылау жасау;

     белгiленген тәртiппен өсiмдiк карантинi жөнiндегi ереженi бұзуға

жол берген адамдарға айып салу және басқа жаза қолдану туралы ұсыныс

енгiзу жатады.


              Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет

               және карантин шараларын қаржыландыру туралы

     14. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет

республикалық бюджет қаражаты, сондай-ақ карантиннен тыс өсiмдiктердi

республикаға әкелгенi және одан шығарғаны үшiн, оларды кейiннен

өндiрiстiк мақсаттарға пайдалана отырып залалсыздырғаны үшiн заңды

және жеке тұлғалардан алынатын арнаулы қаражат есебiнен

қаржыландырылады.



     ЕСКЕРТУ. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.07.10.

              N 1093 қаулысымен. 


P971093_




              Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет

                    қызметкерлерiн тағайындау және босату


 
       15. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекция бастығын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi тағайындайды және босатады.
      16. Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң барлық категориялардағы басшыларын, мамандары мен қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы өсiмдiк карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекцияның бастығы тағайындайды және босатады.
      17. Өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң барлық категориялардағы басшылары мен мамандарының қызметiне өсiмдiк қорғауға маманданған агрономдық бiлiмi бар адамдар тағайындалады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады