Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 698 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 11 шiлдедегi N 1100 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын дағдарыстан шығару жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 698  P970698_  қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 
      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: 
      "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына 1997 жылдың шiлдесiнде "Шахтықұрылысшы" (Текелi қаласы) акционерлiк қоғамы алдындағы 1996 жылдың сәуiр-қыркүйек айларындағы еңбекақы бойынша несиелiк берешегiн өтеу үшiн дәрменсiз кәсiпорындарды санациялауға көзделген республикалық бюджет қаражатының есебiнен 15 млн. теңге сомасында қосымша мақсатты несиелеу жүргiзiлсiн;
      үшiншi және төртiншi абзацтар тиiсiнше төртiншi және бесiншi абзацтар болып есептелсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады