Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы "РР Казахстан-торговля и финансирование ЛТД" бiрлескен кәсiпорнының басқаруына берiлген болатын. Басқарушы компания өзiнiң келiсiм-шарттық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз еткен жоқ. Нәтижесiнде комбинат 1024 млн. теңге несиелiк берешегi және 42 млн. теңге дебиторлық берешекпен ауыр қаржылық-экономикалық жағдайға тап болды. Комбинат қызметкерлерiне төленбеген жалақы 96 млн. теңгеге жеттi.
"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының төлем қабiлетiн қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын заңда белгiленген тәртiппен төлем қабiлетi жоқ борышкер деп танысын және соттан тыс оңалту рәсiмдерiне кiрiссiн:
М.Ж.Бiтiмбаевты "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының мүлкi мен iсiн оңалтушы-басқарушы етiп тағайындасын және онымен 1-қосымшаға сәйкес қаржы-экономикалық нәтижелерге қол жеткiзуге мiндеттiлiк шартымен келiсiм-шарт жасассын;
бiр апта мерзiмде "РР Казахстан-торговля и финансирование ЛТД" бiрлескен кәсiпорнымен "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының мүлкiн басқаруға жасалған келiсiм-шартты бұзу туралы шаралар қабылдасын;
он күн iшiнде 2-қосымшаға сәйкес Қаратал СЭС-iн қажеттi электр желiлерiмен және кiшi станцияларымен бiрге, оларды "Талдықорған электр станциялары" және "Талдықорған таратушы электр желiлерi компаниясы" акционерлiк қоғамдарының құрамынан бөлiп, "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына заңда белгiленген тәртiппен беру жөнiнде шаралар қабылдасын;
бiр апта мерзiмде "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының құрамынан қосалқы шаруашылық пен профилакторийдi бөлiп шығару жөнiнде белгiленген тәртiппен шаралар қабылдасын және "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398
U973398_
Жарлығына сәйкес оларды конкурстық негiзде сату жөнiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне тапсырма берсiн.
2. "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң қызмет көрсетуiне берсiн.
3. "ТұранӘлем" Банкi" жабық акционерлiк қоғамы "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының келiсiмiмен екi күн мерзiмде несиелер мен кепiлдемелер бойынша берешектердi тексерсiн.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi:
екi күн мерзiмде "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының несиелiк және дебиторлық берешегiнiң мөлшерiн анықтасын және алғашқы үш айда 3-қосымшаға сәйкес, мақсатты несие берудi қоса алғанда, 1997 жылға 275 млн. теңге сомасында қосымша мақсатты несиелеу жүргiзсiн;
"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына 1997 жылдың шiлдесiнде "Шахтықұрылысшы" (Текелi қаласы) акционерлiк қоғамы алдындағы 1996 жылдың сәуiр-қыркүйек айларындағы еңбекақы бойынша несиелiк берешегiн өтеу үшiн дәрменсiз кәсiпорындарды санациялауға көзделген республикалық бюджет қаражатының есебiнен 15 млн. теңге сомасында қосымша мақсатты несиелеу жүргiзiлсiн;<*>
келесi айға несие ресурстарын бөлудi өткен айдағы келiсiм-шарттың шарттары орындалған жағдайда жүзеге асырсын;
бiр апта мерзiмде "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының несиелер және кепiлдiктер бойынша "ТұранӘлем" Банкi" жабық акционерлiк қоғамына берешегiн қабылдасын.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ үшiншi абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
1997.07.11. N 1100 қаулысымен.
P971100_
5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мемлекеттiк Медетшi банкiмен бiрлесiп "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының шахталық суағызғысын жұмыс iстету және қаржыландыру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi бiр ай мерзiмде бюджетке төлемдер бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына мұрсат беру мүмкiндiгiн қарастырсын.
7. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi:
он күн мерзiмде "Қазмырыш" және "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамдары үшiн "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының мырыш және қорғасын концентратына монополияға қарсы заңдарға сәйкес белгiленген баға қою мүмкiндiгiн қарастырсын;
бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп "Родниковое" кен орнынан кен тасымалдауға арнап жеңiлдiктi тарифтердi қолдану жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
8. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi:
1997-1998 жылдары "Родниковое" кен орнында геологиялық-барлау жұмыстарын республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырсын;
"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын "Родниковое" кен орны бойынша геологиялық ақпараттар құнын төлеуден босатсын;
пайдалану бапқа келтiрулерiн қайта қарасын және "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамының "Текелi" кен орнында кендi iрiктеп өңдеу туралы мәселенi қарасын.
9. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17,
194-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген
төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесi:
"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" АҚ толықтырылсын.
10. "Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 қыркүйектегi N 1187
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 30 сәуiрдегi
N 698 қаулысына
1-қосымша
"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" АҚ-да 1997 жылдың
үш айында шығарылған тауарлық өнiм
______________________________________________________________________
Атауы і Тауарлық өнiм,
і млн. теңге
______________________________________________________________________
1 і 2
______________________________________________________________________
1997 жылғы мамыр
"Текелi" кен орны
Қорғасын концентраты 178х30000 5.34
Мырыш концентраты 238х34000 8.092
Концентраттағы күмiс 125х8000 1.0
"Тұйық" кен орны
Қорғасын концентраты 621х30000 18.63
Концентраттағы күмiс 200х8000 1.6
"Родниковое" кен орны
Қорғасын концентраты 140х30000 4.2
Концентраттағы күмiс 50х8000 0.4
Басқа өнiмдер 1.0
Жиынтығы 40.26
1997 жылғы маусым
"Текелi" кен орны
Қорғасын концентраты 140х30000 4.2
Мырыш концентраты 255х34000 8.68
Концентраттағы күмiс 84х8000 0.672
"Тұйық" кен орны
Қорғасын концентраты 483х30000 14.49
Концентраттағы күмiс 180х8000 1.44
"Родниковое" кен орны
Қорғасын концентраты 420х30000 12.6
Концентраттағы күмiс 100х8000 0.8
Басқа өнiмдер 1.0
Жиынтығы 43.884
1997 жылғы шiлде
"Текелi" кен орны
Қорғасын концентраты 161х30000 4.83
Мырыш концентраты 415х34000 14.117
Концентраттағы күмiс 97х8000 0.776
"Тұйық" кен орны
Қорғасын концентраты 483х30000 14.49
Концентраттағы күмiс 180х8000 1.44
"Родниковое" кен орны
Қорғасын концентраты 12.6
Концентраттағы күмiс 0.8
Басқа өнiмдер 1.0
Жиынтығы 50.053
Барлығы 134.199
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 30 сәуiрдегi
N 698 қаулысына
2-қосымша
"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" АҚ-ның құрамына
"ТРЭК" АҚ-мен берiлетiн қосалқы станцияларымен
желiлер
ВЛ 110 кВ N 154 шинадан 110 кВ ОЭО-2 N 153т қ/с дейiн
ВЛ 35 кВ N 4 ОЭО-2 қ/с-нан КГЭС қ/с дейiн
ВЛ 35 кВ N 6 КГЭС қ/с-нан N 163т қ/с-нан дейiн
ВЛ 35 кВ N 8 N 163т қ/с-нан N 153 қ/с дейiн
ВЛ 35 кВ N 1 N 163 қ/с-нан N 161 қ/с дейiн
N 2 қ/с-нан N 153 қ/с-нан N 161 "Текелi" руднигi қ/с дейiн КГЭС
35/6 қ/с
ОРУ 35/6 трансформатормен N 163 қ/с
153 қ/с трансформатормен 15000 ква 110/35/6 кВ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 30 сәуiрдегi
N 698 қаулысына
3-қосымша
"Текелi қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамын
мақсатты несиелендiру
К Е С Т Е С I
______________________________________________________________________
Атауы і Сомасы,
і млн. теңге
______________________________________________________________________
1 і 2
______________________________________________________________________
I. 1997 жылдың мамырында өндiрiске кететiн шығындар мен
борыштарды өтеу
1. Барлық кен орындары бойынша өндiрiске кеткен негiзгi шығындар
Босалқы бөлшектер 15.0
Айналым қаражаты 13.5
"Тұйық" кен орнынан кендi тасымалдау 5.0
"Родниковое" кен орнына кендi темiр жол
көлiгiмен тасымалдау 3.2
Кендi өндiру жөнiндегi қызметке
төлем 6.2
Электр энергиясы 8.0
Жиынтығы 50.9
2. Қарыздарды өтеу:
1996 жылғы мамыр-шiлде айларындағы жалақы
жөнiндегi қарыздары өтеу 26.0
Өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген
зиян үшiн адамдарға төлем 6.0
Сот шешiмi бойынша комбинат
жұмысшыларының талап-арыздарын
қанағаттандыру 10.0
Табыс салығын төлеу 3.0
Әлеуметтiк сақтандыру қорына аудару 9.0
Жиынтығы 54.0
I транш жиынтығы 104.9
II. 1997 жылдың маусымында өндiрiске кететiн шығындар
мен борыштарды өтеу
Барлық кен орындары бойынша өндiрiске кететiн
негiзгi шығындар
Тұйық 11.7
Текелi (су ағызбай) 22.3
Родниковое 14.0
Басқалар 1.0
Жиынтығы 49.0
2. Қарыздарды өтеу:
1996 жылғы тамыздағы жалақы
жөнiндегi борыштарды өтеу 12.0
Әлеуметтiк сақтандыру қорына аудару 5.0
Табыс салығын төлеу 20
Өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян
үшiн адамдарға төлем 8.0
Жиынтығы 27.0
II транш жиынтығы (27.0 + 49.0 - 43.9) 32.1
III. 1997 жылдың шiлдесiнде өндiрiске кететiн
шығындар мен борыштарды өтеу
1. Барлық кен орындары бойынша өндiрiске кететiн
негiзгi шығындар
Тұйық 11.7
Текелi (су ағызбай) 27.1
Родниковое 14.0
Басқалар 1.0
Жиынтығы 53.8
2. Борыштарды өтеу:
1996 жылғы қыркүйектегi жалақы
жөнiндегi борыштарды өтеу 12.0
Әлеуметтiк сақтандыру қорына аудару 3.8
Табыс салығын төлеу 1.5
Өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян
үшiн адамдарға төлем 3.0
Жиынтығы 20.3
III транш жиынтығы (20.3 + 53.8 - 50.0) 24.1