Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жанынан Ұлттық зейнетақы агенттiгiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 14 шiлде N 1108. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.04.26. N 471 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi мемлекеттiк орган болып табылатын Ұлттық зейнетақы агенттiгi құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң штат саны 10 (он) адамға көбейтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi он күндiк мерзiмде

 

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы

агенттiгiн қаржыландыру көздерi мен оны ұстауға және

материалдық-техникалық жарақтандыруға жұмсалатын шығыстардың көлемi

туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.

     4. Қоса берiлiп отырған:







     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн

өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

     ЕСКЕРТУ. 4-тармағының 2,3-абзацтары алынып тасталды - ҚРҮ-нiң

              1998.04.08. N 297 қаулысымен. 


P980297_




     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрiнiң

        бiрiншi орынбасары


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 14 шiлдедегi

                                          N 1108 қаулысымен

                                             бекiтiлген


          Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк

            қорғау министрлiгiнiң жанындағы Ұлттық зейнетақы

                           агенттiгi туралы

                                ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жанындағы Ұлттық зейнетақы агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органның қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
      Агенттiктiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiктi қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Агенттiктiң құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      5. Агенттiктiң штат санын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi белгiлейдi.
      6. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
 
      II. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi
 
      2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi заңдарында көзделген құқықтар мен мiндеттердi азаматтардың жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасау;
      мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiне бақылау жасау болып табылады.
 
      III. Агенттiктiң функциялары
 
      3. Агенттiк өзiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде және негiзгi мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      заңда белгiленген тәртiппен зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы активтерiн орналастыру және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
      жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
      мемлекеттiк емес жинақтаушы қорларының жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды айқындайды;
      жинақтаушы зейнетақы қорларының есебiн және оның есеп беруiн заңда белгiленген стандарттар мен талаптарға сәйкес ұйымдастырады;
      алушылардың жеке шоттарындағы зейнетақының жинақталуын есепке алу тәртiбiн айқындайды;
      жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстан процент түрiнде алынатын комиссиялық сыйақылардың шектi мөлшерiн белгiлейдi;
      зейнетақы активтерiнiң қалыптасуы мен мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
      зейнетақының үлгi шарттарын әзiрлейдi және бекiтедi;
      жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы тәртiбiн бекiтедi;
      заңды бұзған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорларына ықпал ету шараларын қолданады;
      қайта ұйымдастыруға (бiрiктiру, қосу, ажырату, бөлу, қайта құру) немесе мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын жоюға рұқсат бередi;
      таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, олардың зейнетақы шарттары бойынша мiндеттемелерiн басқа қорға беру тәртiбiн бекiтедi;
      берiлген өкiлеттiктер шегiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi және қабылдайды;
      жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметiнiң мәселелерi жөнiнде заңдық және өзге нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттардың жобаларын әзiрлейдi және оларды дайындауға қатысады;
      мемлекеттiк және коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттың сақталуын, Агенттiк қызметкерлерiнiң дербес жауапкершiлiгi негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының алғашқы статистикалық ақпарат пен қаржылық есеп беруiнiң құпиялылығын қамтамасыз етедi;
      зейнетақы қорларына жинақтау есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiнiң дамуы мен жұмыс жасауының маңызды проблемалары бойынша қызметiн реттеу жөнiнде ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;
      Агенттiк пен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметкерлерiн даярлау, қайта даярлау мен олардың кәсiптiк бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады.
 
      IV. Агенттiктiң құқықтары
 
      4. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде:
      заң белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының есебiн алуға;
      жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн, оның iшiнде жергiлiктi жерлерде тексеру жүргiзу жолымен тексеруге, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi өз функцияларын дұрыс жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпараттар алуға және алынған ақпарат бойынша түсiнiк берудi талап етуге;
      жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлеу үшiн жинақталған зейнетақының жеткiлiктiлiгiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес белгiлеуге;
      зейнетақымен қамсыздандыру және лицензиялау туралы заңда көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiне берiлген лицензияның күшiн тоқтата тұруға;
      таратылған жинақтаушы зейнетақы қорларының бекiтiлген тарату баланстары мен есептерiн алуға;
      жекелеген мәселелер бойынша Агенттiк жұмысына жоғары бiлiктi мамандарды келiсiм-шарт негiзiнде тартуға;
      Агенттiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге құқығы бар;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзге де құқықтары болады.
 
      V. Агенттiктiң жұмысын ұйымдастыру
 
      5. Агенттiктi Директор басқарады, оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттiк директорының орынбасары болады, оны Агенттiк директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      6. Директор:
      Агенттiк қызметiне басшылық жасайды және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi:
      жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметiн реттеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына белгiленген тәртiппен енгiзедi;
      Агенттiктiң орынбасары мен құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының

 

мiндеттерiн бөледi;

     Агенттiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен

босатады, тәртiптiк жаза қолданады;

     белгiленген қызметкерлер саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде

Агенттiктiң штат кестесiн бекiтедi;

     өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады;

     өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Агенттiк

атынан iс-қимыл жасайды;

     өз құзыретiне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешiмдер

қабылдайды.


     VI. Тарату және қайта ұйымдастыру


     6. Агенттiктi тарату және қайта ұйымдастыру заңда белгiленген

тәртiппен жүргiзiледi.



                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 14 шiлдедегi

                                          N 1108 қаулысымен

                                             бекiтiлген


            Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты

               әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық

                       зейнетақы агенттiгiнiң

                              ҚҰРЫЛЫМЫ


     Басшылық


     Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн лицензиялау және реттеу

басқармасы


     Есептi және есеп берудi ұйымдастыру басқармасы


     Заң бөлiмi


     Аппарат жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi бөлiм


                                     Қазақстан Республикасы

                                           Үкiметiнiң

                                     1997 жылғы 14 шiлдедегi

                                     N 1108 қаулысымен                    


                                            бекiтiлген


            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр     

      шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар


     1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы

17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894

қаулысына 


P951894_


  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж.,

N 41, 515-құжат):

     аталған қаулыға 1-қосымшада:

     2-бағандағы 24-жолда:

     "Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi" деген сөздер

"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау

министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

     мынадай мазмұндағы 33-жолмен толықтырылсын:

     "33. Қазақстан Республикасы         Заңда белгiленген

     Еңбек және халықты әлеуметтiк       тәртiппен зейнетақы

     қорғау министрлiгiнiң Ұлттық        жарналарын тарту және

     зейнетақы агенттiгi                 зейнетақы төлеудi жүзеге

                                         асыру жөнiндегi қызмет

     2.



     3.



     ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.12.

              N 1551 қаулысымен. 


P971551_




     4.



     ЕСКЕРТУ. 2,4-тармақтардың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.21.

              N 1636 қаулысымен. 


P971636_







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады