Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 8 сәуiр N 297. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.04.26. N 471 қаулысымен. ~P990471

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 410-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк

қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң құрылымы қосымшаға
сәйкес бекiтiлсiн.
     3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiн құру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 шiлдедегi N 1108  

P971108_

 
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 32,
293-құжат) 4-тармағының екiншi және үшiншi абзацтарының күшi
жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 8 сәуiрдегi
                                        N 297 Қаулысымен
                                              бекiтiлген

        Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
      қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi туралы
                               ЕРЕЖЕ

                              Миссиясы



      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) миссиясы жинақтаушы зейнетақы жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн құқықтық, ұйымдастырушылық және институционалдық қамтамасыз ету және халықтың зейнетақы жинақтауларын қорғау үшiн жағдай жасау болып табылады.

                           I. Жалпы ережелер

      1. Агенттiк жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және оған бақылау жасау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады және өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдар мен ұйымдардың атқаруы үшiн мiндеттi.
      2. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiн ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Агенттiктiң құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi

белгiлейдi.
     4. Агенттiктiң штат саны мен еңбекақы төлеу қорын Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
белгiлейдi.
     5. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, атауы
мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.

                II. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары

     6. Агенттiктiң қызметiндегi негiзгi басымдықтар:
     - өз зейнетақылық жинақтауларының есебiнен азаматтардың
зейнетақымен қамтамасыз етiлуi жөнiндегi құқықтарын iске асыру үшiн
жағдай жасау;
     - халықтың зейнетақылық жинақтауларын қорғау мақсатында
жинақтаушы зейнетақы қорларының тұрақты қызметiн қамтамасыз ету
болып табылады.

      III. Агенттiктiң мiндеттерi, функциялары және құқықтары

     7. Агенттiктiң  өз қызметiнiң аясындағы негiзгi мiндеттерi:
     1) жинақтаушы зейнетақы жүйесiн құруға қатысты зейнетақы
реформасын iске асыру;
     2) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiне мiндеттi талаптар
белгiлеу;


      3) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының қызметiн лицензиялау, қадағалау және бақылау жасау болып табылады.
      8. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтерiн лицензиялайды;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерiне және мамандарына деген талаптарды белгiлейдi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамын белгiлейдi;
      4) заңдарда белгiленген стандарттар мен талаптарға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының есебiн жүргiзу және есептiлiгi жөнiндегi әдiстемелiк басшылықты ұйымдастырады;
      5) алушылардың жеке шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаттарына есеп жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кiрiстен проценттер түрiнде алатын комиссиялық сыйақыларының шектi мөлшерiн белгiлейдi;
      7) өз құзыретiнiң шегiнде зейнетақы қаражаттарының құралуы мен мақсатты пайдаланылуына бақылау жасайды;
      8) үлгiлiк зейнетақы шарттарын әзiрлейдi және бекiтедi;
      9) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерiн бекiтедi;
      10) жинақтаушы зейнетақы қорлары заңдарды бұзған жағдайда оларға "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ықпал ету шараларын қолданады;
      11) мемлекеттiк емес зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыруға (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару) немесе таратуға рұқсат бередi;
      12) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға рұқсат бередi;
      13) таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, оның зейнетақы шарттары жөнiндегi мiндеттемелерiн басқа қорғау берудiң тәртiбiн белгiлейдi;
      14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi кезеңiндегi дауыс беру құқымен бiрге акцияларының 25%-тен астамына тiкелей немесе жанама ие болу, билiк ету және/немесе оларды басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат бередi;
      15) өзiнiң алдына қойылған мiндеттерге сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және белгiленген тәртiппен бекiтедi;
      16) жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi заң және өзге де құқықтық нормативтiк актiлер мен құжаттардың жобаларын әзiрлейдi және дайындауға қатысады;
      17) Агенттiк қызметкерлерiнiң дербес жауапкершiлiгiнiң негiзiнде мемлекеттiк және коммерциялық құпияны бiлдiретiн ақпараттардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының бастапқы статистикалық ақпараттары мен қаржылық есептiлiгi құпиялылығының сақталуын қамтамасыз етедi;
      18) Агенттiктiң және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      19) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      9. Агенттiк өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және мiндеттерiн орындау кезiнде өз құзыретi шегiнде:
      1) министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен, өзге де органдардан, ұйымдардан және жеке адамдардан Агенттiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
      2) белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларынан есеп алуға;
      3) белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн, оның iшiнде жергiлiктi жерлерде, тексерiстер жасау жолымен тексеруге, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi өз функцияларын дұрыс жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпараттар алуға және алынған ақпараттар бойынша түсiнiктер талап етуге;
      4) тексерiстерге қатысу үшiн белгiленген тәртiппен қаржы, салық және құқық қорғау органдарының мамандарын, сондай-ақ консультант ретiнде отандық және шетелдiк мамандарды тартуға;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарының бұзылуы анықталған жағдайда материалдарды тиiстi шаралар қабылдау үшiн құқық қорғау органдарына, соттарға және басқа да мемлекеттiк органдарға жолдауға;
      6) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақы төлеуге арналған зейнетақылық жинақтаулардың жеткiлiктiлiгiн белгiлеуге;
      7) зейнетақымен қамсыздандыру және лицензиялау туралы заңдарда көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
      8) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының бекiтiлген тарату баланстары мен есептерiн алуға;
      9) Агенттiктiң жұмысына жекелеген мәселелер бойынша келiсiм-шарт негiзiнде жоғары бiлiктi мамандарды тартуға;
      10) Агенттiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
      11) заңдарда көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.

                 IV. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

      10. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. Агенттiк директорының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      11. Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өзiнiң миссиялары мен функцияларын жүзеге асыру үшiн Директор дербес жауапкершiлiкте болады.
      12. Директор:
      Агенттiктiң қызметiне басшылық жасайды және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi;
      орынбасары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн бөледi;
      Агенттiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, тәртiптiк жазалар қолданады;
      қызметкерлердiң белгiленген саны мен еңбекақы қорының шегiнде Агенттiктiң штаттық кестесiн бекiтедi;
      өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
      мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда сенiмхатсыз Агенттiктi бiлдiредi;
      Лицензиялық кеңестiң қаулысы негiзiнде лицензияны беру, беруден бас тарту, қолданылуын тоқтата тұру туралы бұйрықтар шығарады;
      Агенттiк беретiн лицензияларға қол қояды;
      өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      13. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн лицензиялау мәселелерiн шешу үшiн Агенттiкте Лицензиялық кеңес құрылады.
      14. Лицензиялық кеңес жетi адамнан тұрады. Лицензиялық кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясынан бiр-бiр өкiлден, Қазақстан Республикасының Еңбекәлеуметминiнен бiр өкiл, Директор, Директордың орынбасары, директордың бұйрығымен тағайындалатын Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң екi басшысы кiредi. Қазақстан Республикасы Еңбекәлеуметминiнiң өкiлi Лицензиялық кеңестiң төрағасы болып табылады.
      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясынан, Қазақстан Республикасының Еңбекәлеуметминiнен Лицензиялық кеңеске мүшелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасының Еңбекәлеуметминi тағайындайды және босатады.
      16. Лицензиялық кеңес өз отырыстарында Агенттiк Директорының ұсынуы бойынша лицензияны беру, лицензия беруден бас тарту, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мәселелерiн қарайды.
      17. Лицензиялық кеңес мүшелерiнiң кемiнде бесеуi болғанда өзiнiң отырыстарын өткiзуге құқықты, бұл ретте осы Ереженiң 15-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдардың өкiлдерi екеуден кем болмауы тиiс. Лицензиялық кеңестiң құзыретiне жатқызылған

мәселелер бойынша шешiм отырысқа қатысушы оның мүшелерiнiң көпшiлiк
даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Лицензиялық кеңес
төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
     18. Лицензиялық кеңестiң отырысын Агенттiк директорының
ұсынуымен Төраға тағайындайды. Отырыс Агенттiк орналасқан жерде
өткiзiледi.
     19. Лицензиялық кеңестiң шешiмi Төраға мен Лицензиялық кеңестiң
барлық қатысушы мүшелерi қол қоятын қаулымен ресiмделедi.

                V. Агенттiктi тарату және қайта құру

     20. Агенттiк заңдарда белгiленген тәртiппен қайта
ұйымдастырылады және таратылады.

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 8 сәуiрдегi
                                        N 297 Қаулысына
                                              қосымша

            Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
                әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық
                       зейнетақы агенттiгiнiң
                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн лицензиялау және
реттеу басқармасы
     Есеп және есептiлiк ұйымдастыру басқармасы
     Заң бөлiмi
     Аппараттың жұмысын ұйымдастыру бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады