Бюджеттiк борыштар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 17 шiлдедегi N 1121

      Бюджеттiк мекемелердiң тұтынған электр энергиясы үшiн берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Энергопроект" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерiнiң республикалық бюджетке республикаiшiлiк өзара борыштар есептемесiнiң нәтижесi бойынша берiлген несие бойынша 19 267 000 (он тоғыз миллион екi жүз алпыс жетi мың) теңге сомасындағы берешегiне есептеме жүргiзсiн.
      Аталған сома қосымшаға сәйкес республикалық бюджетте ұсталатын және "Жамбыл электр желiсiн тарату компаниясы" акционерлiк қоғамына тұтынған электр энергиясы үшiн берешегi бар мекемелердi қаржыландыру есебiне есептелсiн.
      2. "Жамбыл электр желiсiн тарату компаниясы" акционерлiк қоғамы өзiне бюджеттiк мекемелердiң берешегiн осы қаулымен айқындалған сомада жүргiзiлетiн есептеме шеңберiнде "Жамбыл электр желiсiн тарату компаниясы" акционерлiк қоғамының көрсеткен қызметтерi үшiн "Энергопроект" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне берешегiн

өтеуi есебiне өтесiн.
     3. Берешекке есептеме аталған соманы 1997 жылға арналған
республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып,
ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1997 жылғы 17 шiлдедегi
                                           N 1121 қаулысына
                                                  қосымша

           Тұтынылған электр энергиясы үшiн "Жамбыл электр
           желiсiн тарату компаниясы" акционерлiк қоғамының
             алдында есептемеге қабылданатын берешегi бар
                               ұйымдардың
                                 ТIЗБЕСI
                                                      мың теңге
___________________________________________________________________
         Ұйымдар                  | Есептемеге қабылданатын сома
___________________________________________________________________
  Бiлiм және мәдениет министрлiгi              6822
  Қорғаныс министрлiгi                         8325
  Мемлекеттiк тергеу комитетi                  4120
                         Жиыны                19267
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады