Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 17 шiлде N 1124. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1785 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң Геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Геология, жер қойнауын қорғау министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 шiлдедегi N 763 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 28, 315-құжат);

 

     "Қазақстан Республикасының Геология, жер қойнауын қорғау

министрлiгi қызметiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 567 қаулысы

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 27, 405-құжат);


     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

       бiрiншi орынбасары


                                      Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                      1997 жылғы 17 шiлдедегi

                                      N 1124 қаулысымен

                                             бекiтiлген


         Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи

         ресурстар министрлiгiнiң Геология, жер қойнауын

         қорғау және пайдалану комитетi (Энергетика және

         табиғи ресурсминiнiң Геология комитетi) туралы

                               ЕРЕЖЕ


                1. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң Геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетi (бұдан әрi - Комитет) жер қойнауын геологиялық зерделеу, қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару органы болып табылады. Комитет арнайы, атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiру мен салалық мемлекеттiк басқаруды дербес жүзеге асырады. Комитеттiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтардың атқаруы үшiн мiндеттi.
      2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiн ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, фирмалық бланкiсi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
      5. Комитеттiң өз қызметiнiң аясында негiзгi мiндеттердi мыналар болып табылады.
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерделеу, қорғау және пайдалану қатынастарын мемлекеттiк реттеу;
      жер қойнауының минералды ресурстарды геологиялық зерделеудiң, ұтымды және кешендi пайдаланудың, жер қойнауын қорғаудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарын әзiрлеу және iске асыру;
      ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және оларды iске асырудағы бақылау функцияларын қоса алғанда, мемлекет мұқтажы үшiн геологиялық зерттеулердi жүргiзуге мемлекеттiк тапсырысшы функцияларын асыру;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қойнауын бағалау және (немесе) пайдалы қазбаларды өндiруге, жер қойнауын басқа мақсаттарға пайдалануға беру (лицензиялау) жөнiндегi уәкiлеттi органының функцияларын жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiне лицензиар функциясын атқару;
      барлық жер қойнауын пайдаланушылармен пайдалы қазбаларды барлауға келiсiмдер жүргiзу келiсiм-шарт (шарттар) дайындау және жасау;
      Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру;
      жер қойнауының және геологиялық ақпараттың бiрыңғай мемлекеттiк қорын қалыптастыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарын тiркеу және сақтау;
      жер қойнауының мемлекеттiк қорын басқару және жер қойнауын қорғау;
      кондицияларды белгiлеу және пайдалы қазбалар қорын бекiту, жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланушылардың мониторингi;
      Қазақстан Республикасының мүддесiн және оның табиғи ресурстарын қорғау мақсатында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу жыл сайын Үкiмет бекiтетiн Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалардың көп таралғандарын қоспағанда, барлық түрлерiне, жер қойнауын геологиялық зерттеу мен игерудiң инвестициялық бағдарламаларының негiзiнде ретке келтiру;
      пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашулармен байланысты мәселелердi қарастыру;
      пайдалы қазбалардың барлық түрлерiнiң жағдайларына бiрыңғай мемлекеттiк бақылау жөнiндегi саясатты жүзеге асыру.
      6. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге, жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланушылардың мониторингiне, жер қойнауын қорғауға және Үкiмет белгiлейтiн басқа мақсаттарды жүзеге асыруға қажеттi мемлекеттiк бюджеттiк қаржының көлемiн негiздейдi;
      Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң департаменттерiнiң ұсыныстары бойынша пайдалы қазбаларды барлауға және/немесе игеруге конкурс жариялау жөнiндегi ұсыныстарды Министрдiң бекiтуiне дайындайды және оларды ұйымдастырады;
      жер қойнауын пайдалануды лицензиялау мәселелерi жөнiндегi, жер қойнауын пайдаланушылармен барлауға келiсiм-шарттарды жасау және атқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреттi органының функциясын атқарады;
      Жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарын және Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлдiкке беру жөнiндегi шарттарды тiркеу және сақтау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң уәкiлеттi органы болып табылады;
      жер қойнауының ұтымды пайдаланылуына және оны қорғауға бақылау жасау шараларын iске асырады;
      жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланушылардың мониторингiн жүргiзедi және материалдық-шикiзат кешенiндегi инвестициялық қызметке талдау жасайды;
      Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң басқа департаменттерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарымен өзара бiрлескен әрекеттердi жүзеге асырады;
      салалардың жұмыс iстеуi және дамуы бойынша ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердi жүргiзудi, инвестициялық жобаларды, оның iшiнде басқа ведомстволармен, консультациялық фирмалармен жасалған жобаларды сараптауды, сондай-ақ статистика жөнiндегi ақпаратты, зерттеулердi жинақтауды, өңдеудi және пайдалануды ұйымдастырады;
      өз құзыретi шегiнде халықаралық ұйымдарда республика мүддесiн бiлдiредi, халықаралық келiсiм-шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын дайындауға қатысады;
      халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды ұйымдастырады;
      белгiленген тәртiп бойынша шетелдiк несиелер мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнiндегi ұсыныстар енгiзедi;
      өз қызметi шегiнде заңдарды қолдану тәжiрибесiн талдайды және қорытады, оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заң және өзге нормативтiк актiлердiң жобаларын дайындауға қатысады, оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынады;
      Қазақстан нарығында қазақстандық материал, жабдықтар шығарушылардың, қызмет көрсетушiлердiң мүдделерiн қорғау тетiгiн әзiрлейдi;
      еңбек ұжымдары мен кәсiпорын иелерiнiң арасындағы әлеуметтiк-экономикалық әрiптестiктi ұйымдастыруға қатысады;
      "Қазмемжерқойнауы" минералдық ресурстар бас басқармасына (МРББ), Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға (ПҚМК) және жер қойнауын қорғаудың және пайдаланудың аумақтық басқармаларына Комитеттiң өкiлеттiгi шегiнде олардың орындауы үшiн мiндеттi тапсырмалар бередi;
      заңдарда Комитетке жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      7. Комитеттiң мыналарға:
      жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалану және қорғау ережелерiнiң бұзылуын жоюға белгiленген тәртiп бойынша шаралар қабылдауға;
      заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудi тоқтатуға, уақытша тоқтатуға немесе шектеуге;
      қаражатты республикалық бюджетке аудара отырып геологиялық ақпаратты сатуға;
      өз құзыретi шегiнде және ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, барлық ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар, нұсқамалар, әдiстемелiк нұсқаулар және нормативтiк-құқықтық актiлер шығаруға, олардың орындалуын тексеруге. Қажет болған жағдайларда басқа министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп актiлер шығаруға;
      жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан жер қойнауын пайдалануға қатысты құжаттарды, тұжырымдамаларды, анықтамалық және барлық қажеттi материалдар мен ақпаратты талап етуге және алуға;
      белгiленген тәртiппен өзiне берiлген өкiлеттiктерге сәйкес мемлекет меншiгiндегi мүлiкке иелiк етудi, оны пайдалануды және басқаруды жүзеге асыруға;
      өз өкiлеттiгi шегiнде Қазақстан Республикасының және басқа елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдер жасауға;
      жер қойнауын пайдалану объектiлерiн конкурсқа дайындауға, бұл конкурстарды белгiленген мерзiмде олардың жеңiмпаздарын анықтай отырып, өткiзуге;
      пайдалы қазбалардың барлық түрлерiн барлау жөнiндегi келiсiм-шарттарға қол қоюға;
      бағынысты ұйымдардың қызметiне жалпы басқарушылықты жасауға;
      мемлекеттiк ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыруға;
      заңдарда көзделген басқа өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
      8. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен бағынысты ұйымдардың (1-қосымша) мемлекеттiк меншiгiне иелiк ету, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асырады.
      9. Комитеттi Энергетика және табиғи ресурстар министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның Комитет Төрағасының ұсынуымен Энергетика және табиғи ресурстар министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бiр орынбасары болады.
      10. Комитеттiң құрылымы мен штат кестесiн, сондай-ақ лауазымдар бойынша орын басушылық тәртiбiн Министр бекiтедi.
      11. Комитет Төрағасы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын атқаруына жеке жауап бередi.
      12. Төраға Комитеттiң қызметiн оған жүктелген мiндеттерге сәйкес ұйымдастырады:
      өз орынбасарының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi жетекшiлiктерiнiң мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;
      Комитеттiң мүддесiн барлық мемлекеттiк органдарда бiлдiредi,

 

келiсiм жасайды, банктерде есеп айырысу және басқа да шоттар ашады.

     Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi және оның аумақтық органдары

жөнiндегi ережелердi бекiтедi;

     өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады;

     бекiтiлген смета шегiнде ынталандыру сипатындағы үстеме

ақылардың, қосымша ақылардың, сыйлық ақылардың және басқа да

төлемдердiң мөлшерiн дербес белгiлейдi;

     Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен

босатады; өз құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешiмдер

қабылдайды.

     13. Комитеттi қайта ұйымдастыру мен тарату белгiленген

тәртiппен жүзеге асырылады.


                                         1-Қосымша


         Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи

         ресурстар министрлiгiнiң Геология, жер қойнауын

         қорғау және пайдалану комитетiнiң қарамағындағы

                     ұйымдар мен мекемелердiң

                             ТIЗБЕСI


     Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (ПҚМК)

     "Қазмемжерқойнауы" минералдық ресурстар бас басқармасы

     Жер қойнауын қорғау мен пайдалану жөнiндегi аумақтық басқармалар

     Қазақстан Республикасының Минералдық-шикiзат кешенiнiң

ақпараттық-презентациялық орталығы

     Мамандандырылған гравиметриялық кәсiпорын





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады