Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 шiлде N 1135. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.21. N 369 қаулысымен

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер

ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi туралы қоса берiлiп отырған

Ереже бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрiнiң

      бiрiншi орынбасары


                                       Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 18шiлдедегi

                                          N 1135 қаулысымен

                                              бекiтiлген


            Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

        министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi

         комитетi (Ауылшарминiнiң Жерресурскомы) туралы

                            ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) жер ресурстарын басқару, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды басқару жөнiндегi мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Комитет өз құрылымына кiретiн облыстық және Алматы қалалық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттермен, сондай-ақ геодезиялық және жерге орналастыру бейiнiндегi кәсiпорындармен бiрлесiп Қазақстан Республикасындағы жер ресурстарын басқару жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк жүйенi құрайды.
      Облыстардағы, аудандардағы, Алматы қаласындағы жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетінiң аумақтық органдары болып табылады.
      3. Комитеттiң штат кестесiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi белгiлейдi.
      4. Комитеттiң аппаратын және оның аумақтық органдарын ұстауға кететiн шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      6. Комитеттiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
      7. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Бюджет банкiсiнде бюджеттiк және ағымдағы шоттары, оқшауланған мүлкi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
 
      II. Негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары
 
      8. Комитеттiң өз қызмет аясындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      жер ресурстарын басқару және жер қатынастарын реттеу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
      геодезиялық, астрономиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, топографиялық және картографиялық жұмыстарда, стандарттау мен инженерлiк жабдықтауда бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
      жер реформасы жөнiндегi жұмыстардың тiкелей орындалуын ұйымдастыру;
      жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау жасау;
      жердi ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлығын сақтау және ұдайы жақсартып отыру үшiн әлеуметтiк-экономикалық және ұйымдастырушылық-шаруашылық жағдай жасау;
      жерге орналастыру, мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу;
      жер қатынастары саласында мемлекет мүддесiн қорғау;
      жердi аудандастыруды ұйымдастыру, жер учаскелерiнiң шекараларын белгiлеу және тиiстi құжаттарды ресiмдеу;
      жер және жер пайдалану құқықтары нарығының, сондай-ақ жер реформасын iске асыруға байланысты кәсiпкерлiк қызметтiң қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесу;
      топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды басқару;
      Қазақстан Республикасында геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру;
      елдiң суретке түсiру мен картаның барлық түрiне геодезиялық және нивелирлiк деректерге, картографиялық, инженерлiк-геодезиялық және маркшейдерлiк жұмыстарға деген қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, оларды орындау технологиясының сақталуына бақылау және қадағалау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
      мемлекеттiк геодезиялық жүйенi дамыту;
      жер қатынастарын реттеу, жер ресурстарын басқару, жерге орналастыру, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық, картографиялық және оларға байланысты өзге де жұмыстар мәселелерi бойынша заң және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу.
      9. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      1) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен жер қатынастарын реттеу, жердi пайдалану мен қорғау, жер реформасын жүргiзу мәселелерi бойынша өзара бiрлесiп iс-қимыл жасайды;
      2) жер реформасын жүргiзу жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, оны ғылыми, кадр және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етедi, жерге орналастыру және жер реформасы жөнiндегi шараларды әзiрлеп, оларды iске асыруды қамтамасыз етедi;
      3) жер мониторингiн, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      4) Қазақстан Республикасының жер ресурстарының жай-күйi туралы деректер банкiн құрайды;
      5) өнеркәсiптiк және өзге де мақсаттағы объектiлердi салу, қайта жаңарту, кеңейту, консервациялау немесе жою кезiнде, соның iшiнде шаруашылықiшiлiк құрылыс, геологиялық барлау, iздестiру және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде жер заңдарын бұзушылықты жоюға шаралар қабылдайды;
      6) қолда бар жерлер мен олардың санаттар, жер бөлiктерi, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар бойынша бөлiнуi туралы, жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау туралы, бүлiнген жерлердi қалпына келтiру, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы республикалық есептi жасайды;
      7) жерге ақы төлеу мен жердi ұтымды пайдалануды экономикалық ынталандыру шаралары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
      8) өз құзыретiнiң шегiнде:
      жеке меншiкке сату немесе мемлекеттiң жер пайдаланылуына беру кезiнде және оларды аманатқа беру кезiнде нақты жер учаскелерiнiң (жер пайдалану құқығының) құнын айқындауды;
      Қазақстан Республикасының жерiн аудандастыруды;
      жер учаскелерiнiң бөлiнуiн және бөлiнбеуiн айқындауды қамтамасыз етедi;
      9) мыналарды:
      заңдарды бұза отырып пайдаланылатын және пайдаланылмайтын жерлердi анықтауды;
      республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларды, схемалар мен жобаларды сараптауды;
      жер реформасын жүргiзу мақсатында республикалық маңызы бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық, жобалау-iздестiру жұмыстарының тапсырысшысы функцияларын;
      өндiрiстiк бөлiмшелердiң күшiмен жерге орналастыру, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық, инженерлiк-геодезиялық, маркшейдерлiк, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық жұмыстарды және басқа да зерттеу мен iздестiру жұмыстарын;
     жер учаскелерiне меншiк құқығына, жердi тұрақты пайдалану құқығына актiлердi әзiрлеу мен берудi;
      жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды;
      әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң шекараларын техникалық ресiмдеудi ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      10. Жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн Комитет:
      1) жер заңдарын қолдану тәжiрибесiн тұжырымдайды, оны жетiлдiру жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар әзiрлейдi;
      2) геодезиялық, астрономиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, топографиялық және картографиялық жұмыстарда, стандарттау мен инженерлiк жабдықтауда бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзедi;
      3) мемлекеттiк республикалық картографиялық қорды жүргiзедi және оны үнемi толықтырып отырады;
      4) геоақпараттық жүйелер, республика аумағындағы жер ресурстарының мемлекеттiк республикалық картографиялық-геодезиялық қоры мен картографиялық қорын жасайды;
      5) геодезиялық жүйелер мен карталарды жоспар бойынша тұрақты түрде жаңартып отыру арқылы оларды қазiргi заманға сай күйде ұстайды;
      6) топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсiру материалдарын пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi және ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарда бұл материалдардың есепке алынуына, көбейтiлуiне және сақталуына бақылауды ұйымдастырады;
      7) белгiленген тәртiппен тысқары ұйымдар мен азаматтарға геодезиялық және топографиялық ақпараттарды беру және басқа көрсетiлген қызметтер үшiн ақы мөлшерiн анықтап, оны тиiстi мемлекеттiк органдардың бекiтуiне енгiзедi;
      8) белгiленген тәртiппен халықаралық ұйымдарда геодезия мен картография мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүддесiн бiлдiредi, басқа елдердiң геодезиялық қызметтермен қарым қатынаста болады;
      9) белгiленген тәртiп бойынша:
      мемлекеттiк топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарға басшылықты;
      Қазақстан Республикасының барлық аумағында геодезиялық және нивелирлiк жұмыстарды бiрыңғай координаталар мен биiктiктер жүйесiнде жүргiзудi ұйымдастыруды;
      аэрофотосуретке түсiру жұмыстарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Қорғаныс министрлiгiмен келiсудi;
      сыртқы экономикалық байланыстарды және жердi пайдалану мен қорғау саласында және өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шетелдiк мемлекеттiк органдармен, ғылыми ұйымдармен және фирмалармен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты;
      топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында меншiк түрiне қарамастан, әртүрлi ұйымдар жасаған топографиялық және картографиялық өнiмдердi сатуды және осы жұмыстарды қаржыландыру көзiне және оны орындаушының ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттiк есепке алуды жүргiзудi;
      ұйымдардың өздерi орындайтын, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың технологиясы мен сапасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырып, жүзеге асырады;
      10) мыналарды:
      мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен тұрғындардың әр түрлi нысанындағы, ғарыштан қашықтықтан тексеру материалдарын қоса алғанда, картографиялық, фотосуреттiк және сандық ақпаратқа деген қажеттiлiгiн;
      шығарылатын карталарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының, шельф шекараларының, сондай-ақ облыстар мен аудандардың, басқа да саяси-әкiмшiлiк және географиялық элементтердiң шекараларында графикалық дұрыс түсiрiлуiн белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi;
      11) мыналарға:
      Қазақстан Республикасының шекарасын белгiлеуге, картаға түсiруге және демаркациялауға;
      Қазақстан Республикасымен мемлекеттiк шекарасы ортақ мемлекеттер мен екiжақты шарттар жасасқан кезде шекаралық аймақта геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстарды үйлестiруге қатысады.
      11. Комитет мемлекеттiк мекемелерге қатысты заңдарға сәйкес мемлекеттiк меншiк және мемлекеттiк басқару құқығының субъектiсi функциясын атқарады.
      12. Комитеттiң өз құзыретiнiң шегiнде:
      белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жердi пайдалану мен қорғау мәселелерi жөнiнде керектi ақпаратты сұратуға және алуға;
      қолданылып жүрген заңдарда көзделген негiздер бойынша жер пайдалану құқығын тоқтату туралы, сондай-ақ егер олар жер туралы заңдарды бұза отырып жүзеге асырылып отырса, құрылыс жұмыстарын тоқтату, жердi игеру мен жақсартуға байланысты шараларды жүргiзу туралы тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзуге;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу, жер қатынастарын реттеу мәселелерi жөнiндегi қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн нормативтiк актiлерiнiң күшiн жою туралы белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзуге;
      сот органдарында талап қоюшы болуға;
      осы Ережеде белгiленген ықпал ету шараларын, тiптi топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды толық тоқтатуға дейiнгi шараларды қолдануға құқылы.
 
      III. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
 
      13. Комитеттi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      14. Төраға Комитет жұмысын басқаруды ұйымдастырып, жүзеге асырады және жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының орындалуы үшiн дербес жауап бередi.
      15. Осы мақсатта Комитет Төрағасы:
      өз орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмше басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;
      Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бекiтуiне облыстық және Алматы қалалық жер ресурстарын басқару комитетiнiң және республикалық бағыныстағы ұйымдар басшыларының кандидатураларын ұсынады;
      тәртiптiк жаза қолданады;
      өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады;
      құрылымдық бөлiмшелер және оның аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;
      өз құзыретiнiң шегiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
      өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды.
      16. Комитеттiң құзыретiне жататын ғылыми-техникалық мәселелердi қарай үшiн Ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Ғылыми-техникалық кеңес туралы ереженi және оның құрамын Комитеттiң Төрағасы бекiтедi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады