1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 1997 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Қоғамдық денсаулық сақтау мектебiн құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгiленген тәртiппен Қоғамдық денсаулық сақтау мектебiнiң жарғысын, құрылымын, оқу нысанын, мамандықтары тiзбесiн және профессорлық-оқытушы құрамының санын бекiтсiн, байқаушы кеңесiн құрсын.
3. Қоғамдық денсаулық сақтау мектебiн ұйымдастыру және оны
мемлекеттiк мекеме ретiнде одан әрi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң кадрларын даярлауға көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылсын. 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қоғамдық денсаулық сақтау мектебiн Алматы қаласы, Өтепов көшесi 19а мекен-жайдағы үй-жайға орналастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары