Отандық ауыл шаруашылығы, азық-түлiк және жеңiл өнеркәсiп тауарларын өндiрудi дамытуды ынталандыратын шаралар кешенi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 шiлдедегi N 1163. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Үкiметтiң 1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң Қаржы министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп әзiрлеген отандық ауыл шаруашылығы, азық-түлiк және жеңiл өнеркәсiп тауарларын өндiрудi дамытуды ынталандыратын шаралар кешенi бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
1997 жылғы 24 шiлдедегi 
N 1163 қаулысымен   
бекiтiлген   

Отандық ауыл шаруашылығы, азық-түлiк пен жеңiл өнеркәсiп тауарларын өндiрудi дамытуды ынталандыру жөнiндегi
ШАРАЛАР КЕШЕНI

____________________________________________________________________
 N |                               | Атқаруға         |Атқарылу
р/с|              Атауы            | жауаптылар       |мерзiмi
___|_______________________________|__________________|_____________
 1 |               2               |        3         |     4
___|_______________________________|__________________|_____________
  1 Тамақ және жеңiл өнеркәсiп      Экономсаудаминi    1997 жылдың
    кәсiпорындары жұмыстарының                         тамызы
    мониторингi жүйесiн әзiрлеу
    және оны iске қосуды
    қамтамасыз ету

  2 Тамақ және жеңiл өнеркәсiбiн      Бұл да сол       1997 жылдың
    реформалау бағдарламасын                           қазаны
    әзiрлеу және оны Қазақстан
    Республикасының Үкiметiне
    ұсыну

  3 Қалың көпшiлiктiң сұранысы        Бұл да сол       1997 жылдың
    бар тауарлар рыногын жедел                         тамызы
    дамытуды қамтамасыз ететiн
    жеңiл, тамақ өнеркәсiбi және
    ауыл шаруашылығының ұқсату
    өнiмдер тауар-жобаларының
    тiзбесiн әзiрлеу және оны
    Қазақстан Республикасының
    Инвестиция жөнiндегi
    мемлекеттiк комитетiне ұсыну

  4 Шикiзат өндiрушiлер мен         Экономсаудаминi    1997 жылдың
    өңдеушi кәсiпорындардың         Облыстардың және   қыркүйегi
    арасындағы кооперациялық        Алматы қаласының
    байланыстар негiзiнде           әкiмдерi,
    өндiрiстiк кешендер құру        Ауылшарминi
    жөнiндегi жағдайларды
    пысықтау

  5 Республиканың қайта өңдеушi     Экономсаудаминi,      _"_
    кәсiпорындарына ауыл            Ауылшарминi
    шаруашылығы шикiзаттарын 
    берудi ынталандыру жөнiнде
    ұсыныстар дайындау

  6 Iшкi тұтыну рыногын қорғау      Экономсаудаминi    1997 жылдың
    шараларын енгiзу үшiн                              тамызы
    әкелiнетiн өнiмдерге
    импорттық тарифке байланысты
    оның барынша жоғары деңгейiн
    әзiрлеу

  7 "Жетiсу" АҚ сынақ лаборато.     Экономсаудаминi    1997 жылдың
    риясы базасында аяқ киiм                           тамызы
    шығару үшiн аяқ киiм және
    шикiзатты сертификаттаудың
    Республикалық орталығын
    ұйымдастыру жөнiндегi
    дайындықты аяқтау

  8 Қазақстан жүнiн сертифи.        Ғылымминi -         _"_
    каттаудың Республикалық         Ғылым академиясы,
    орталығын ұйымдастыру үшiн      Қазақ ғылыми-
    жобалау-сметалық құжатта.       зерттеу техноло.
    маны әзiрлеу                    гиялық институты

  9 Отандық тауар өндiрушiлердi     Экономсаудаминi      _"_
    қорғау және қолдау мақсатында   Мемкеденкомы
    Қазақстан Республикасы Үкiме.
    тiне "Әкелiнетiн тауарларға
    кедендiк баж ставкалары
    туралы" қаулының жобасын ұсыну

 10 Қазақстан Республикасы          Экономсаудаминi    1997 жылдың
    Үкiметiне тамақ және жеңiл                         қыркүйегi
    өнеркәсiбiнде лизингтiк
    қатынастарды қалыптастыру
    және дамыту жөнiнде ұсыныс
    енгiзу
                                    Бұл да                _"_

 11 Қазақстан Республикасы
    Үкiметiне мiндеттi сертифи.
    каттауға жататын тамақ және
    жеңiл өнеркәсiп тауарларының
    тiзбесi жөнiнде ұсыныс енгiзу

      Ескертпе:  Шараларды заңдық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 7.01.97 ж., N 14 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Заң жобасы жұмыстарының жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады