1. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын. 2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдар бұрын қабылданған шешiмдердi жоғарыда көрсетiлген заңға сәйкестiкке келтiрсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1190 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
1. "ДАЭКО" акционерлiк компаниясының импортталатын тауарларына кеден бажының ставкаларын және тиiсiнше 1995 жылдың 11 қаңтарына және 1 сәуiрiне дейiн қолданылған қосымша құн салығын салу тәртiбiн қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 қыркүйектегi N 1264 қаулысы.
2. "Италавто" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары туралы заңдарын қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 143 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 143 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 шiлдедегi N 945 қаулысы.
4. "Байқоңыр ЛТД" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары туралы заңдарын қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 989 қаулысы.