Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғалары тiркеу жөнiндегi агенттiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 11 тамыз N 1247. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1790 қаулысымен

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын

мүлiктi және заңды тұлғалары тiркеу жөнiндегi агенттiгi туралы қоса

берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                        Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 11 тамыздағы

                                           N 1247 қаулысымен

                                              бекiтiлген


            Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң

          Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғалары тiркеу

          жөнiндегi агенттiгi (Әдiлетминiнiң Жылжымайтын

           мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi

                         агенттiгi) туралы

                              ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғалары тiркеу жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң құзыретi және оған берiлген өкiлеттiктер шегiнде дербес түрде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктi және онымен жасалатын мәмiлелердi, заңды тұлғалар мен бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметтi басқаруды, жылжымайтын мүлiктi бағалау және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      2. Агенттiк Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппаратының құрылымына кiредi. Оның қызметiн қамтамасыз етудi Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Агенттiктiң аппаратын ұстау республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiн ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Агенттiк заңды тұлға құқықтарын иеленедi, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, дербес балансы, есеп айырысу және басқа да шоттары, тиiстi мөртаңбалары болады.
      4. Агенттiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, осы Ереженi, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрықтарын және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады.
      5. Агенттiк өзiнiң ұсынуы бойынша құрылған мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзi бекiткен құрылтай құжаттарының негiзiнде iс-әрекет жасайтын өзге де ұйымдарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң (мемлекеттiк басқару органының) функцияларын жүзеге асырады.
 
      II. Агенттiктiң мiндеттерi
 
      6. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету;
      аумақтық әдiлет органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың өз құзыретiнiң аясындағы қызметiн ұйымдастыру;
      жылжымайтын мүлiк объектiлерi туралы мәлiметтердi сипаттап, Қазақстан Республикасының аумағында бiрыңғай Құқықтық кадастр жүргiзу;
      жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктi бағалау саласында бiрыңғай әдiстемелiк база дайындау;
      Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету;
      заңдарда белгiленген тәртiппен заңды тұлғалар регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң тiзбесiн тiркеу және жүргiзу;
      заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметке әдiстемелiк басшылық жасау;
      200 000 есептi көрсеткiшке дейiнгi мәлiмделген жарғылық қоры бар акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздарын тiркеудi қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi оның құзыретiне жатқызған қызмет түрлерi бойынша лицензиар функциясын жүзеге асыру;
      Агенттiкке заңдармен жүктелген өзге мiндеттер.
 
      III. Агенттiктiң функциялары
 
      7. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес ұйымдастырушылық, әдiстемелiк, бақылау-қадағалау және басқа да басқару мiндеттерiн жүзеге асырады.
      8. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу саласында Агенттiк мына функцияларды жүзеге асырады:
      жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметтi басқару;
      аумақтық әдiлет органдары мен Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу саласындағы қызметiн үйлестiру, әдiстемелiк көмек көрсету және тексеру;
      аумақтық органдар мен Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу мәселелерi жөнiндегi әрекеттерiне жасалған шағымдарды қарау;
      Құқықтық кадастрды жүргiзу.
      9. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын және өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу саласындағы Агенттiктiң негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
      заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметтi басқару және осы қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      заңды тұлғалардың, аумақтық органдар мен Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын орындауын бақылау;
      аумақтық әдiлет органдары мен Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi және әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру, қызметтi тексеру және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
      заңды тұлғалар регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу;
      аумақтық әдiлет органдарының және Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiркелген (қайта тiркелген) және таратылған заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты ұсынуын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында әрекет ететiн заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы бiрыңғай деректер банкiн қалыптастыру;
      тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспасөз органына Қазақстан Республикасының аумағындағы тiркелген және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң тiзiмiн жариялау үшiн материалдар ұсыну;
      акционерлiк қоғамдардың құнды қағаздары эмиссиясын тiркеудi жүзеге асыру;
      аумақтық әдiлет органдарының және Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың заңды тұлғаларды және бағалы қағаздар эмиссияларын мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi әрекеттерiне жасалған шағымдарды қарау.
      10. Агенттiк және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар заңдармен көзделген өзге де қызметтердi, оның iшiнде:
      басқа мемлекеттiк басқару органдарының регистрлерiмен (тiзiлiмдерiмен) өзара iс-қимылды;
      заңдардың және Агенттiктiң құзыретiне жатқызылған мәселелер жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуды;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн оның құзыретiне жатқызған қызмет түрлерi бойынша лицензиялауды жүзеге асырады.
 
      IV. Агенттiктiң құқықтары
 
      11. Жүктелген мiндеттерге және орындайтын функцияларына сәйкес Агенттiктiң мыналарға:
      өз құзыретiнiң шегiнде барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi ведомстволық актiлер шығаруға;
      өз құзыретiнiң шегiнде орындалуға мiндеттi нұсқаулар беруге;
      белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функцияларын жүзеге асыруға;
      заңдармен белгiленген тәртiппен жылжымайтын мүлiктi бағалау және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асыруға;
      өз құзыретi шегiнде аумақтық әдiлет органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн бақылауға;
      жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу, сондай-ақ ақпараттық қызметтер көрсету үшiн заңдарға сәйкес ақы алуға;
      заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) мүдделi тұлғаларға шарттық негiзде сатуға;
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 206-бабына сәйкес Агенттiктiң мүлкiне билiк жасауға;
      баспа қызметiн жүзеге асыруға;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзге өкiлеттiктердi пайдалануға құқығы бар.
 
      V. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
 
      12. Агенттiктi Директор басқарады. Агенттiктiң Директорын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Агенттiк Директорының орынбасары болады, оны Агенттiк Директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      13. Агенттiк Директоры Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын орындауы үшiн жеке жауап бередi.
      14. Агенттiктiң Директоры:
      Агенттiк қызметiн басқарады;
      Агенттiк және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар қызметкерлерiнiң мiндеттерiн және жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;
      Агенттiк қызметкерлерiн және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың әкiмдерiнiң рұқсатымен сонымен бiр уақытта жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi бас тiркеушi болып табылатын Агенттiк жүйесiне кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтар мен Агенттiктiң ведомстволық бағыныстағы ұйымдары басшыларының орынбасарларын және бас бухгалтерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      Агенттiктiң және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың

 

қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады;

     өз құзыретi шегiнде өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша

бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

     Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ

өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылтай құжаттарын

бекiтедi;

     өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда

Агенттiктi бiлдiредi, шарттар, келiсiмдер жасасады, сенiмхаттар

бередi, банктерде есеп-айырысу, валюталық және басқа да шоттар ашады;

     өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер

қабылдайды.


     VI. Агенттiктiң қызметiн тоқтату



 
       15. Агенттiктiң қызметiн тоқтату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүргiзiледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады