Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 ақпандағы N 148 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 13 тамыздағы N 1254

      "Ақмола облысы iшкi iстер басқармасының N 84 еңбекпен-түзеу колониясын тергеу изоляторы етiп қайта жаңарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 13 маусымдағы N 968 қаулысын P970968_ орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 ақпандағы N 148 P970148_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     аталған қаулыға 3-қосымшаға:
     "Халыққа бiлiм беру" деген бөлiмдегi "Қ.А.Иассауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрiк университетi, Түркiстан қаласы, ғимараттар
кешенi, II кезегi" деген жолдағы "80" деген сан "50" деген санмен
ауыстырылсын;
     "Денсаулық сақтау" деген бөлiмдегi "Аурухана, Қазығұрт селосы"
деген жолдардағы "60" деген сан "48" деген санмен ауыстырылсын;
     "38. Тергеу изоляторы,
          күзеттiң инженерлiк-
          техникалық ғимараты,
          Ақтау қаласы                 1997           58"
     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "38. Ақмола облысы
          Державин ауданының
          Степной поселкесiне
          көшiрiлген бұрынғы
          әскери бөлiмдi Ақмола
          облысы iшкi iстер
          басқармасының қатаң
          режимдегi еңбекпен
          түзеу колониясы етiп
          қайта жаңарту                 1998           100"

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады