Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
"Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясын қаржылық оңалту жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясы дәрменсiз борышкер деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi:
соттан тыс тәртiппен "Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясына қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзсiн;
"Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясының оңалтушы басқарушысын тағайындасын;
"Қазақатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясына "Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясы акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқығы берiлсiн;
"Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясына несие алу үшiн кепiлдiк ретiнде тауарлық өнiмдердiң қоймалық қорларын пайдалануға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiне "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамымен бiрлесiп "Тың тау-кен-химиялық комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясы үшiн қоймалардағы дайын өнiмдердiң кепiлдiгiмен, айналымдағы қаражатты толтыру және кәсiпорынның берешектерiн төлеу мақсатында 22 млн. АҚШ долларына, оның iшiнде 1997 жылы - 8 млн. долларға, 1998 жылы - 8 млн. долларға, 1999 жылы - 6 млн. АҚШ долларына бара-бар сомада несие ресурстарын iздестiру сондай-ақ көрсетiлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнiнде шаралар қабылдау ұсынылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi