Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 876 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 29 тамыз N 1310. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 876 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 20, 185-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi (Экобиоресурсминi) туралы ереженiң; 
      8-тармағының үшiншi абзацы "қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдер мен конвенциялар" деген сөздермен толықтырылсын. 
      9-тармақтың "а"-тармақшасындағы: 
      "саясатты қалыптастырады" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын; 
      "табиғат" деген сөзден кейiн "және биологиялық" деген сөздермен толықтырылсын; 
      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
      "аң шаруашылығын жүргiзуге және аң шаруашылығына жер бекiтiп беруге құқықты беру туралы ұсыныстар әзiрлеуге, балықты және басқа су жануарларын өнеркәсiптiк аулауға және балық шаруашылығы су қоймаларын бекiтiп беруге құқық беруге қатысуға; 
      жануарлардың мемлекеттiк есебiн ұйымдастыруға және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысуға;
      өз өкiлеттiгiне сәйкес:
      қоршаған ортаны (жер қойнауынан басқа) тастаулармен, тастамалармен, қалдықтарды орналастырумен ластауға рұқсат беруге және оның күшiн жоюға;
      биологиялық ресурстарды пайдалануға рұқсат беруге және оның күшiн жоюға."
      Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң жүйесiне кiретiн құрылымдық бөлiмшелердiң тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                   Қазақстан Республикасы 
                                        Үкiметiнiң
                                   1997 жылғы 29 тамыздағы
                                        N 1310 қаулысына
                                           қосымша

        Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
            министрлiгiнiң жүйесiне кiретiн құрылымдық 
                         бөлiмшелердiң   
                            ТIЗБЕСI

      Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармасы, Алматы қаласы
      Облыстық экология және биоресурстар басқармалары
      Аудандық экология және биоресурстар басқармалары
      Республикалық мамандандырылған талдамалық-бақылау лабораториясы, Алматы қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады