Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел
азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу тәртiбi туралы ереже
бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi бiр апта
мерзiм iшiнде жауапты адамдарды белгiлесiн және миссионерлiк қызметпен
айналысатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеудi
жүзеге асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 21 қыркүйектегi
N 1362 қаулысымен
бекiтiлген
Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) және "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Қазақстан Республикасына миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар тiркеуге жатады.
3. Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеудi жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
4. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың тiркелмеген миссионерлiк қызметiне тыйым салынады.
II. Тiркеу тәртiбi
5. Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар жергiлiктi атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынады:
дiни сенiмге тиiстiлiгi, миссионерлiк қызметтiң аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiш;
дiни ұйым берген сенiм хат;
тiркеу туралы ресмилендiрiлген куәлiктiң немесе миссионер бiлдiрiп
отырған дiни ұйымның, өз елiнiң заңдары бойынша ресми тiркелгенiн
куәландыратын өзге құжаттың көшiрмесi.
Аталған құжаттарды ұсынған кезде өтiнiш берушi паспортын немесе
жеке басын куәландыратын басқа құжатты көрсетедi.
6. Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматын немесе
азаматтығы жоқ адамды тiркеу туралы шешiмдi жергiлiктi атқарушы орган
осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттар берiлген күннен бастап,
бiр айдан аспайтын мерзiмде қабылдайды.
7. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына және осы
Ережеге сай болған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган тiркеу туралы
тиiстi шешiм шығарады және миссионерлiк қызметпен айналысуға рұқсат
қағаз бередi.
8. Рұқсат қағаз мыналарды қамтуға тиiс:
тiркеу нөмiрi;
рұқсат қағаз берiлген күн;
миссионердiң тегi, аты;
дiни бiрлестiкке тиесiлiгi;
рұқсат қағаз қолданылатын аумақ;
рұқсат қағаздың қолданылу мерзiмi.
9. Егер миссионерлiк қызметтiң нысанасы мен мақсаттары Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келетiн болса, тiркеуден бас тартылуы
мүмкiн.
10. Рұқсат қағаз жоғалған жағдайда, миссионердiң өтiнiшi бойынша
жергiлiктi атқарушы орган 10 күннiң iшiнде рұқсат қағаздың дубликатын
бередi.
11. Егер жалған мәлiметтердi қамтитын құжаттар тапсырылғаны немесе
миссионерлiк қызметтiң қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiнi
анықталса, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар тiркеуден
айырылуы мүмкiн.
12. Миссионерлiк қызметпен айналысатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.