Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Парламентi мен Үкiметiнiң әкiмшiлiк үй-жайларына қызмет көрсету жөнiндегi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 8 қазандағы N 1427

      Қазақстан Республикасы астанасының Ақмола қаласына көшiрiлуiне, жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк үй-жайлары құрылысының аяқталуына байланысты, Ақмола қаласындағы аталған үй-жайларды пайдалану және ұстау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығымен "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Парламентi мен Үкiметiнiң Әкiмшiлiк үй-жайларына қызмет көрсету жөнiндегi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң оған қатысты функциясын жүзеге асыратын орган болып табылады деп айқындалсын.
      3. Кәсiпорынның қызметi мына бағыттарда жүргiзiледi деп белгiленсiн:
      Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Парламентi мен Үкiметiнiң әкiмшiлiк үй-жайларын пайдалану;
      Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Парламентi мен Үкiметiн материалдық-техникалық және өзге де жұмыс жағдайларымен қамтамасыз ету.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және тiркеуден өткiзсiн, жарғылық қорын қалыптастырсын, басқа да ұйымдастыру мәселелерiн шешетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, "Республикалық

мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

  қаулысымен (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) бекiтiлген
республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу
туралы қаулының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлесiн және Қазақстан
Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
        мiндетiн атқарушы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады