"1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Заңын және "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 қазандағы N 1413
қаулысын
орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн қайта капиталдандыруға республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттың есебiнен және соның шегiнде 2 (екi) млн. АҚШ долларына баламды сомада қаражат бөлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi